Метка: Түркия

  • Түркияда жер сілкінісінен 200 аса адам жараланған

    Түркияда жер сілкінісінен 200 аса адам жараланған

    Түркияның Малатия өңірінде екі күн бұрын болған 5,9 балдық жер сілкінісі кезінде екі жүзден аса адам жараланған. Жарақат алғандардың көбі зілзала кезінде жоғары қабаттан секіріп немесе баспалдақтан құлап кеткендер. Олардың тоғызы қазір ауруханада жатыр. Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша олардың өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бұдан бөлек, арнайы комиссия жүргізген сараптамаға сай зілзаладан бірнеше облыста 600-ге жуық ғимарат зақымданған. Олардың 20-сы қатты зақым алғандықтан жөндеуге келмейді. Ең көп бүлінген ғимарат Елазығ облысында тіркелген. Қазір жер дүмпуінен келген шығын есептеліп жатыр.

    «Жер сілкінісінің зардаптарын анықтайтын арнайы комиссия әлі де жұмыс істеп жатыр. Бір қуанарлығы қираған ғимараттардың астында қалған тұрғындар жоқ. Тек бір ғимараттың қабырғасы жарылып, есігі ашылмай қалғандықтан 4 адам сыртқа шыға алмай қалған еді. Оларды мамандар дер кезінде құтқарып алды», -деді Елазығ Провинциясының Губернаторы Нуман Хатипоғлы.

  • Қазақстан іздеу жариялаған банк директорының бұрынғы орынбасары Түркияда ұсталды

    Қазақстан іздеу жариялаған банк директорының бұрынғы орынбасары Түркияда ұсталды

    Белгілі болғандай, ол 2009 жылы Ақтау қаласындағы банктердің бірінде директор орынбасары қызметін атқарғанда жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың доллар мөлшерінде несие алу туралы өтінішпен қаржы ұйымына жүгінген. Ақшаны алу кезінде әйел қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, артынан жасырынған.

    «Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен бірге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған 42 жастағы әйелді Анталья қаласында ұстады», – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

    Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді. Қазір қамауда отыр.

  • Түркияда студенттер мінген автобус апатқа ұшырады

    Түркияда студенттер мінген автобус апатқа ұшырады

    Түркияның оңтүстік-батысындағы Мугла провинциясында туристер мінген автобус жолаушылар көлігіне соқтығысып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sona.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап.

    Тағы 30-дан астам адам жарақат алды. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жол-көлік оқиғасына тежегіштің істен шығуы себеп болған.

    Ақау кесірінен автобус жол жиегінде тұрған бірнеше жолаушылар көлігіне, артынша үйге соғылып барып тоқтаған. Көлік ішінде экскурсияға шыққан жергілікті студенттер болған. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.