Метка: тексеріс

  • ІІМ тексерісінен кейін Атырауда бірқатар полиция басшылары шеттетілді

    ІІМ тексерісінен кейін Атырауда бірқатар полиция басшылары шеттетілді

    Ведомство мәліметінше, тексеру барысында қызметтік тәртіптің өрескел бұзылуы, сондай-ақ бақылаудың әлсіздігі мен жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктер анықталған, деп хабарлайды Sona.kz ZTB.NEWS-ке сілтеме жасап.

    Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы уақытша қызметінен шеттетілді. Сонымен қатар облыстық департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен есірткі құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимыл басқармасының жетекшілеріне қатысты да осындай шара қолданылды.

    ІІМ бұл шешім тексеру шаралары толық аяқталғанға дейін және аталған бөлімшелердің қызметіне баға берілгенге дейін қабылданғанын нақтылады.

    Бұған дейін жергілікті БАҚ-та Астанадан басталған ауқымды тексеру туралы ақпарат тараған болатын. Оның себебі ретінде өңірлік полиция жұмысының ұйымдастырылуына қатысты мәселелер аталған.

    Министрлікте мұндай қызметтік тексерулер барлық аумақтық бөлімшелерде тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.

    Тексеру қорытындысы бойынша қосымша тәртіптік шаралар қолдану мәселесі әзірге нақтыланбады.

  • ҚР ҰҚК OrdaMed компаниясына тексеріс жүргізді: жалған құжаттар жасап , мемлекетке зиян келтірді

    ҚР ҰҚК OrdaMed компаниясына тексеріс жүргізді: жалған құжаттар жасап , мемлекетке зиян келтірді

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері OrdaMed компаниясына қатысты шаралар өткізді. Ведомствоның хабарлауынша, компания басшылығы Қазақстанда өз өндірісі бар деген жалған құжаттарды жасаған. Бұл мемлекеттік ауруханаларға медициналық жабдықты жеңілдікпен жеткізуге мүмкіндік берген, деп хабарлайды Sona.kz knbgovkz-ке сілтеме жасап.

    Жедел мәліметтерге сәйкес, 28 атаулы медициналық техника жеңілдікпен жеткізілген. Алайда нақты дайын жабдық шетелден әкелінген, ал ел ішінде өндірілмеген.

    Алдын ала есеп бойынша мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде зиян келтірілген. Ведомство бұл әрекеттердің мемлекеттік сатып алу ережесін бұзып, заңсыз преференциялар алғанын атап өтті.

    OrdaMed басшылығынан инвестициялық монеталар 1 млрд теңгеден астам көлемде тәркіленді. Сонымен қатар компанияның бірнеше ұйымдағы үлестері қамауға алынды.

    OrdaMed-тың техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды. Тексеру жалғасуда, іс бойынша мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

  • Алматыда “Алматы Су” кәсіпорнының 295 млн теңгелік техника сатып алуы тексерілуде

    Алматыда “Алматы Су” кәсіпорнының 295 млн теңгелік техника сатып алуы тексерілуде

    Алматыда коммуналдық кәсіпорын “Алматы Су” жүргізген арнайы техниканы сатып алу фактісі тексеріліп жатыр. Қоғамдық бақылау өкілдері техниканың нарықтағы бағадан төрт есе қымбатқа алынғанын айтып, Дэр-ге (Департамент экономических расследований) өтініш берген, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Қоғамдық ұйым өкілдерінің айтуынша, мониторинг барысында кәсіпорынның үш бірлік илосос және канал жуу жабдығы бар арнайы машинаны жалпы 295 344 000 теңгеге (бір данасы — 98 448 000 теңге) бір көзден  “Жалайыр-Групп” ЖШС-дан сатып алғаны анықталған.

    Алынған мәліметтерге сәйкес, дәл осындай жабдықтың кедендік құны  17 792 580 теңге, ал жалпы сипаттамалары бойынша нарықтық құны шамамен 22 747 778 теңгені құрайды. Қоғамдық бақылау өкілдері келтірілген ықтимал залал 200 млн теңгеден асуы мүмкін деп есептейді.

    Экономикалық тергеу департаментінің ресми жауабы

    Tengrinews.kz тілшісінің ресми сұрағына берген жауапта Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті 8 қазан күні “Жалайыр-Групп” компаниясына қатысты ҚР ҚК 189-бабы (“Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу”) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

    Тергеу нәтижелері кейін жарияланады.

    “Алматы Су” компаниясындағы алдыңғы дау

    Бұған дейін кәсіпорынның капиталдық құрылыс департаментінің директоры кәсіпкерлерден 75 млн теңге талап еткен кінәсі дәлелденіп, 5 жылға бас бостандығынан шартты түрде айырылған болатын.
    Алайда прокуратураның наразылығынан кейін үкім қайта қаралып, ол 5 жылға нақты бас бостандығынан айырылды және сот залында қамауға алынған.

  • Қазақстанда мектептер мен балабақшаларда жоспардан тыс тексерістер жүргізілмек

    Қазақстанда мектептер мен балабақшаларда жоспардан тыс тексерістер жүргізілмек

    Қазақстанда мектептер мен балабақшаларда жоспардан тыс тексерістер тәртібі енгізілді. Бұл нормалар мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелеріне қатысты жаңа заңда көзделген, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Заңға сәйкес, жоспарлы тексерістер білім беру ұйымының тәуекел дәрежесіне — жоғары, орта немесе төмен деңгейіне — байланысты тағайындалады. Жоспарлы тексерістер жылдық тексеру тізіміне сай арнайы акт негізінде жүргізіледі.

    Ал жоспардан тыс тексерістер мемлекеттік бақылау субъектісін алдын ала хабардар етпей жүзеге асырылады.
    Оның негіздері:
    мемлекеттік бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын қадағалау;
    жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
    заң талаптарының бұзылуына қатысты прокурордың нақты талабы;
    мемлекеттік органдардың өтініштері;
    БАҚ-та жарияланған нақты фактілер;
    қылмыстық қудалау органы берген тапсырмалар.

    Бұған дейін Қазақстан Президенті мәдениет, білім және отбасы мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерге қол қойған болатын.

  • Берденов ісіндегі судьяның әрекетіне тексеріс тағайындалды

    Берденов ісіндегі судьяның әрекетіне тексеріс тағайындалды

    Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісін қарап жатқан төрағалық етуші судья Абинур Карабаевтың әрекетіне қатысты тексеріс басталды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Сот процесі барысында судья Карабаевтың журналистке тілін көрсеткен сәті бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

    Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі редакция сауалына берген жауабында бұл әрекет мұқият тексерілетінін атап өтті.
    “Абинур Карабаевтың сот отырысы кезіндегі әрекеттері Судьялық әдеп кодексін бұзу-бұзбау тұрғысынан қаралады”, – делінген ресми жауапта.

    Қызметтік тексерістің нәтижелері Судьялық әдеп жөніндегі комиссияға жолданады. Егер судьяның әдепке қайшы әрекеті дәлелденсе, материалдар Жоғары сот кеңесі жанындағы Судьялық жюриге берілмек.

    Айта кетейік, Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот процесі өтіп жатыр. 18 тамызда аман қалған шенеунік сотта куәлік берген еді.

  • Маңғыстау облысында 39 млн теңгенің тендері заңсыз деп танылды

    Маңғыстау облысында 39 млн теңгенің тендері заңсыз деп танылды

    Маңғыстау облысының прокурорлары 39 млн теңгеге
    мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды.

    Маңғыстау облысының Қарақия ауданының прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында 39 млн теңгеге жарияланған конкурстың күші жойылды.

    «Атап айтқанда, аудандық білім бөлімі мен мемлекеттік сатып алу веб-порталында ақпараттық жүйені техникалық қолдау және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша конкурс жарияланған.Прокурорлар әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат бергенін анықтады»,- делінген Маңғыстау облысы прокуратурасының ресми сайтындағы хабарламада.

    Прокурорлық қадағалау актісімен конкурстың күші жойылып, білім бөлімінің қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

    Мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты және заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.