Метка: тұрғын үй
-

Қазақстанда зейнетақы жинағымен тұрғын үй сатып алу ережелері өзгерді: не өзгереді және қалай жұмыс істейді
Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер 2026 жылғы 13 қаңтарда міндетті министрліктің өкілетті тұлғасы қол қойған бұйрықпен бекітілді. Құжат зейнетақы жинақтарын қолдану тәртібін жеңілдетуге және ашықтықты арттыруға бағытталған.Ережелерде не өзгерді?2026 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы шот ашқаннан кейін азамат біржолғы зейнетақы төлемін алу үшін электрондық өтініш толтыруы қажет. Құжатта көрсетілетін мәліметтер:•арнайы шот нөмірі;•қаржыны пайдалану мақсаты;•қолжетімді сома;•өтініш ЭЦҚ арқылы расталуы тиіс.Бұрын өтініште ИПН-ды ұстап қалу және аудару тәсілдері көрсетілуі тиіс еді. Енді бұл талап алынып тасталды, сондықтан процесс азаматтар үшін ыңғайлырақ болды.БЗТ қандай мақсаттарға жұмсалады?Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін келесі бағыттарға пайдалануға болады:1.Ипотекалық тұрғын үй заемының негізгі қарызын өтеу (толық немесе жартылай). Бір келісім-шарт шеңберінде жөндеу жұмыстарына да жұмсауға болады.2.Жеке тұрғын үй салу, соның ішінде ИЖС немесе ЛПХ мақсатында жер учаскесін сатып алу.3.Тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша құқықтарды беру (уступка) жұбайларға және/немесе жақын туыстарға.Назар аударыңыз: кейіннен құқықтарды үшінші тұлғаларға қайта беру мүмкін емес — ни жұбайлар, ни туыстар үшін.Тұрғын үй құрылыс жинақтары банк арқылы пайдалану ережелеріЕгер азамат бекітілген мерзімде құжаттарды тапсырмаса, БЗТ қаражаты ЕНПФ-ге қайтарылады.Сонымен қатар, қате аудару жағдайында процедуралар нақты айқындалды:•оператор 3 жұмыс күні ішінде ЕНПФ-ге хабарлама жібереді;•ЕНПФ 5 жұмыс күні ішінде операторға қаражатты қайтарады (бірақ азаматтың жеке зейнетақы шотындағы сомаға дейін);•қаражат арнайы шотқа қайта түседі.Бұйрық қашан күшіне енеді?Бұйрық 2026 жылғы 31 қаңтардан бастап күшіне енеді, ал кейбір ережелер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады. -

Үлескерлік меншігі бар тұрғындар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларынан шығарылмайды
«Отбасы банкінің» хабарлауынша, үлестік меншігі бар кезек күтушілерге қатысты тәсіл қайта қаралды. Енді тұрғын үйдегі үлестің болуы, оның көлеміне қарамастан, азаматты тұрғын үй кезегінен шығару немесе жеңілдетілген ипотека мен мемлекеттік жалдамалы тұрғын үйден бас тарту үшін негіз болмайды, деп хабарлайды Sona.kz Nege.Aqsha-ға сілтеме жаса.
Бұған дейін қолданыста болған талаптарға сәйкес, тұрғын үйдегі үлес анықталған жағдайда азамат автоматты түрде кезектен шығарылып, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу құқығынан айырылатын.
Банкте бұл шешім азаматтардың көптеп түскен өтініштерінен кейін қабылданғанын атап өтті. Аталған өзгерістер әзірге заңнамалық деңгейде бекітілмегенімен, «Отбасы банк» оларды практикалық жұмысында қолдана бастаған.
Жаңа тәртіптің ақпан айынан бастап іске асырылатыны хабарланды.
-

Астанада әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлерді заңсыз иемдену әрекеті әшкереленді
Қаржылық мониторинг агенттігі Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен әлеуметтік осал топтарға арналған пәтерлерді заңсыз иемдену дерегі бойынша тергеу бастады, деп хабарлайды Sona.kz АФМ- ге сілтеме жасап
Тергеу материалдарына сәйкес, 2014–2016 жылдары «Төленді» тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқарған Байжуманов А. пайшылардың ақшасын жымқырудың ауқымды схемасын ұйымдастырған. Аталған қылмыстар үшін ол 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
Кейін Астана қаласы әкімдігінің есебінен тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, пәтерлердің бір бөлігі көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға беруге арналған. Алайда түрмеден шыққан соң Байжуманов жаңа заңсыз әрекетке барған.
Күдіктілер жалған құжаттарды артқа шегеріп рәсімдеу арқылы пәтерлерді заңсыз иемденгені анықталды. Нәтижесінде 80-нен астам «жалған үлескер» жәбірленуші ретінде танылып, уәкілетті ұйым арқылы 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық алған.
Тегін алынған пәтерлерді кейін үшінші тұлғаларға сату жоспарланған. Қабылданған шаралардың арқасында жалпы құны 2,3 млрд теңгеден асатын тұрғын үйді заңсыз иемдену әрекетінің жолы кесілді.
Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда.
-

Қонаевта тұрғын үй құрылысы қарқын алды
Қонаев қаласында құрылыс қарқыны артып, жаңа тұрғын үй кешендері мен инфрақұрылымдық нысандар бой көтеріп жатыр.
Д. Қонаев көшесінде «MDI Construction» компаниясы жеті төрт қабатты блоктан тұратын «Маяк» тұрғын үй кешенін салып жатыр. Кешенде 216 пәтер, сондай-ақ тұрғындарға арналған кафе, дүкен және спорт залы болады.
19-шағынауданда «Хаммер Бау Девелопмент» компаниясы үш тоғыз қабатты үйден тұратын «Атамекен» кешенін тұрғызуда. Жоба 2025 жылдың соңына дейін толық аяқталмақ.
«Али-Нұр транс» компаниясы жүзеге асырып жатқан «NNS City» – ең ірі жобалардың бірі. Мұнда 21 бес қабатты үй салынып, 600-ге жуық пәтер пайдалануға беріледі. Алғашқы үйлер 2025 жылдың қарашасында тапсырылмақ.
Қала орталығында «Retail Construction» компаниясы 50 пәтерлік бес қабатты үй тұрғызуда. Нысан 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады.
«R&M Construction» компаниясының «Аристократ» жобасы – 25 тұрғын үйден тұрады. Бірнеше үйі қазірдің өзінде қолданысқа берілген, толық аяқталуы 2027 жылға жоспарланған.
«GS QURYLYS» компаниясының «Comfort» кешені төрт үйден тұрады. Сауда орындары мен автотұрағы бар жоба 2026 жылдың алғашқы тоқсанында қолданысқа беріледі.
10-шағынауданда «Chinese Foreign Construction Company» «Феникс» кешенінің құрылысын бастады. Алғашқы кезек 2026 жылы аяқталады.
Әкімдік мәліметінше, биылғы алғашқы жартыжылдықта қалада 14,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,2%-ға көп. Құрылыс көлемі – 8 млрд теңге.
-

Жаңа құрылыста қолма-қол есепке тыйым енгізіледі
Қазақстан Ұлттық банкі төлемдер мен ақша аударымдарын реттейтін нормативтік актілерге өзгерістер енгізу бастамасын көтерді. Бұл жоба — тұрғын үй құрылысы мен тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңдарды жүзеге асыру аясында әзірленген.
Басты жаңалық — жаңа тұрғын үйлерден үлестік қатысу шарты (ҮҚШ) бойынша пәтер сатып алу кезінде қолма-қол есеп айырысуға тыйым салу. Барлық төлемдер тек банктік жолмен, яғни құрылыс салушының шотына қолма-қол ақшаны банк арқылы аудару түрінде жүзеге асырылуы тиіс.
Жаңа талап тек бастапқы тұрғын үй нарығына — салынып жатқан көппәтерлі немесе жеке үйлердегі үлесті сатып алуға қатысты. Мақсат — тіркелмеген үлестік шарттарға байланысты тәуекелдерден азаматтарды қорғау.
Төлем жасау үшін үлескер арнайы төлем мақсатының кодын (ТМК) және тіркелген ҮҚШ нөмірін көрсетуі қажет. Банк бұл мәліметтер бойынша келісімшарттың Біртұтас ақпараттық жүйеде тіркелгенін тексереді. Егер шарт тіркелмесе, яғни құрылыс салушының қаражат жинауға құқығы болмаса, банк төлемді қабылдамайды.
Сонымен қатар, жоба табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде азаматтарға төленген өтемақыларға үшінші тұлғалар тарапынан талап қоюға тыйым салуды көздейді. Яғни банктер зардап шеккен азаматтардың өтемақысына қатысты үшінші тараптың өтініштері бойынша қаражатты өндіріп ала алмайды.
Сондай-ақ, құжатта құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша енгізілетін нақтылаушы және редакциялық түзетулер де қарастырылған.
-

Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасылар үйлі болды
Бүгін Жетісу облысында халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан және көп балалы отбасылардан 23 шаңырақ жаңа қоныс қуанышына кенелді. Кезекте тұрғандарға облыс орталығының жаңа тұрғын үй алабында үш бөлмелі үйлердің кілті табысталды.
Жаңа қоныс иелерінің арасында көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, І және ІІ топтағы мүгедектер, зейнеткерлер бар.
Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметінше, «Жастар-3» шағын ауданында тұрғын үйлердің құрылысы өткен жылдың шілде айынан бастап жүргізілген болатын. Сөйтіп кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін 56 жаңа үй салынып, сатып алынды. Бүгін кілттері табысталған 23 үйден басқа 33 үй ақпан айының соңына дейін қолданысқа беріледі. Әр үйдің жалпы ауданы 76 шаршы метр. Мұнда үш тұрғын бөлме, ас үй мен жуынатын бөлме бар. Айта кетерлігі, биылғы жылдың соңына дейін осы тұрғын ауданда жеке құрылыс салушылар есебінен тағы 150-ге жуық үй пайдалануға беріледі деген жоспар бар.

Жаңа үйге ие болғандардың бірі көп балалы ана Индира Иманболова:
– Тұрғын үйге кезегінде 10 жылдан астам уақыт тұрдық. Баспана жалдаудың құны да біз үшін арзанға түспейді, оған қоса жиі көшудің өз машақаты бар. Әсіресе балаларым қиналып кететін. Енді, міне, өз баспанамызға қол жеткіздік, қуанышымызда шек жоқ, – дейді алты баланың анасы И. Иманболова.
Тұрғын үй кезегінде тұрған Меруерт Әбдіқадырова да жаңа баспанаға қол жеткізді. Қоныстой иесінің анасы қуанышын жасырмай:
– Қызым он екі жарым жыл дегенде үй алып отыр. Алты баласы бар. Бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрып жүрген. Қазір Меруерттің үйлі болғанына жақын жандары, бәріміз қуанып жатырмыз, – дейді Күпан Әбдіқадырова.

Еске салсақ, бұған дейін, яғни осы жылдың басында Талдықорғандағы 49 көп балалы отбасына «Береке» коттедж қалашығындағы тұрғын үйлердің кілті табысталған болатын.
Жалпы өткен жылы Талдықорғанда 1283 отбасы тұрғын үймен қамтылып, кезек 8,3%-ға төмендесе, осы жылы тағы 1483 отбасы тұрғын үйге қол жеткізеді. 1041 пәтерлік 28 үйдің, 107 коттедждің құрылысы аяқталады және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 300 пәтер сатып алынады. Сөйтіп, 2023-2025 жылдары облыс орталығында 5 мыңға жуық кезекте тұрғандар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
-

50 мыңнан аса қазақстандық жалға берілген үйді жекешелендіре алады
Елімізде 50 мыңнан аса қазақстандыққа жалға берілген үйді жекешелендіруге мүмкіндік беріледі. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.
Оның айтуынша, тұрғын үй саясатын реформалау шеңберінде, жергілікті атқарушы органдардың есепке қою және үйлерді бөлу функцияларын Ұлттық даму институты – Отбасы банкіне беруді көздейтін заң қабылданған. Бұл саясат үй алуды қолжетімді еткен.
Тұрғын үйді бөлу, тіркеу күніне, және табыс деңгейіне байланысты іске асырылады. Бұл, алдымен ұзақ уақыт бойы кезекте тұратын азаматтарды үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға жалға берілген үйлерді жекешелендіруге мүмкіндік берілді. Бұл норма биыл 4 желтоқсанда күшіне енді. Нәтижесінде 50 мыңнан астам азамат баспаналы болады. Жалпы реформалау бойынша қарастырылған жаңа өзгерістер 2025 жылдың мамыр айында күшіне енгелі отыр, – деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.
-

Қонаевта 94 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі
Қонаевта 1 тұрғын үй бюджет есебінен, 6 тұрғын үй инвестор есебінен тұрғызылып жатыр, деп хабарлайды Sona.kz.
Жыл соңына дейін 94 мың шаршы метр үйді қолданысқа беру көзделуде. Бюджет есебінен 10 шағынауданда 60 пәтерлік 3 блок тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Қазір 95% жұмыс аяқталған, желтоқсан айында қолданысқа беріледі деп күтілуде. Жобаның жалпы құны – 3 млрд теңге. Бұл пәтерлерді тұрғындар «Otbasy bank-тің» бағдарламасы арқылы сатып ала алады.

Ал инвестор қаржысына тұрғызылып жатқан тұрғын үйлер келесідей:
- «Алинур Транс» ЖШС «NNS City» атты 21-блокты тұрғын үй салуда. Пәтерлер саны – 615. Аумағы – 53 мың шаршы метрден астам.
- «Аристократ» ТҮК – 25 блок, 552 пәтерден тұрады. Жалпы аумағы – 54,2 мың ш.м. Қазір оның 4 блогы қолданысқа берілген.
- «GS QURYLYS» ЖШС 7 блокты, 12 қабатты ТҮК салуда. Мұнда барлығы 280 пәтер болады. Аумағы – 20,5 мың шаршы метр.
- «Маяк» ТҮК – 7 блок, 216 пәтер. Ауданы – 15,7 мың шаршы метр.
- «ЖетісуЖилСтрой» ЖШС болса, 5 қабатты 60 пәтерлі 4 тұрғын үй салуда.
- «Атамекен» ТҮК – 9 қабатты 3 блоктан тұрады. Мұндағы 96 пәтердің жалпы аумағы 10,1 мың шаршы метр құрайды.

Сондай-ақ инвестор есебінен 18 жеке тұрғын үйге бой көтеруде. Инвестор – «R&M Constraction» ЖШС. Аталған нысанның құрылысы желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Үйлер 3-4 бөлмелі. Жалпы аумағы – 1,1 гектар. Қазіргі таңда терезелерді, жылы еден және шатырларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жол салынуда. Барлық жұмыстар аяқталғасын, құрылыс бөлімі әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін осы жеке тұрғын үйлерді сатып алмақ ниетте.
Бұдан бөлек, биыл 85 пәтер әлеуметтік осал топтағы жандарға берілгенін атап өткен жөн. Алдағы уақытта осы мақсатта 176 пәтер сатып алу жоспарланған.
-

Есік қаласында обаның үстінен үй салған ба?
Қазір экономика шатқаяқтап тұрса да, жер-жерде тұрғын үй құрылысы қызып тұр. Құрылыс компаниялары бос жер тұрса, үй салып тастауға асық. Себебі, бұл өздеріне пайда, екінші – баспанасыздарға үй.
Алайда, бұған дейін Есік қаласынан халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына арналған тұрғын үй құрылысын салу кезінде «Береке» саяжайының аумағындан ерте темір дәуіріне жататын бірнеше оба табылып, заң талаптарының бұзылғандығы анықталған. Яғни, Есік қорымының құрамдас бөлігі саналатын аумақты үй салуға бермес бұрын неге бірауыз ескертіліп, зерттеу жұмысы жүргізілмеген?
Заң талаптарын кім бұзды?
Бұл мәселе бойынша «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» КММ-нің директоры Т. Аблаев Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасына хат жазып, шара қолдануды сұрап, хат жазған.
Бұған берген жауабында аудан прокуроры Б.Қыбраев: «Тарих және мәдениет ескерткіштерінің ғылыми зерттеусіз түбегейлі жойылып кетуіне жол бермеу мақсатында аталмыш жер учаскесінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан ЖШС «ПИКCommerce» мердігер мекемесімен «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы арасында 04.10.2024 жылғы №1 жасалған келісім шарт негізінде шұғыл апаттық жағдайдағы ескерткіштерге зерттеу, қазба жұмыстары жүргізіліп, көрсетілген 2 обалардың түгел тоналғандығы, ешқандай артефактілердің сақталмағандығы белгілі болған.
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атқарылған жұмыстар бойынша ғылыми есеп дайындап, өз ұсыныстарын трихи-мәдени сараптама қорытындысында көрсетеді. Жоғарыда аталған обаның 2 толық қазба жұмыстары жүргізілгендіктен, олардың тарихи-мәдени құндылығы жоқ екендігін, ал қалған обалардың құрылыс салынып жатқан аумақтан тыс орналасқандығын жеткіземіз» деген.
«Есік» музей-қорығы: «Тұрғын үй салу туралы алдын ала хабардар етпеген»
Ал «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Райылқызының пікірінше, тұрғын үй құрылысын салу туралы шешім шықпас бұрын бұл туралы хабардар етпеген.
«Бұл обалардың бар екені тұрғын үйді салу кезінде анықталған. Бізге «қорғандардың шеті бұзылды» деген хабар келген соң, құрылысты тоқтаттық. Қорғау аймағына байланысты зерттеу жүргізуге, археологиялық сараптама беруге құқымыз бар. Яғни, аккредитациядан өткенбіз, арнайы лицензияға иеміз. «Есік» музейіне тікелей қарайтын қорғау аймағы бар. Негізі қала обалардың үстіне салынған. Барлық жерден оба табылып жатады. Саяжайдың жоғары жағынан әлеуметтік тұрғын үйлер салынып бастаған. Сол жерден обалар шығып, прокуратураға хат жазылды. Сөйтіп, қазба жұмысын жүргіздік. Нәтижесінде бұрыннан сүріліп кеткен тоналған қорғандардан ештеңе шыққан жоқ. «Бұл жерде ешқандай мәдени құндылықтар жоқ» деп археологиялық сараптама бердік», – дейді.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы құрылыс аумағында қорғандар болғанын білген. Себебі, бұған дейін қай жерде қандай қорған бар екені туралы карта жасалып, облысқа тапсырған. Алайда, музей-қорығына тиесілі аумақты тұрғын үй салуға беру алдында бізден «Бұл жерде ешқандай қорған, мәдени ескерткіш жоқ» деген қорытынды сараптама алмады. Бұл – заңға қайшы. Тәртіпке бағынсақ содан кейін ғана құрылыс жұмысы басталу керек. Осы бойынша аудандық мәслихатқа хат жаздық. Тіпті, республика, облыс деңгейінде осы мәселені көтеріп жатырмыз. Болашақта қайталанбауын талап етеміз. Еңбекшіқазақ ауданында бұл түйткіл өзекті. Мұны реттеу керек», – дейді Гүлмира Мұхтарова.
Бір айта кетерлігі, аудандағы табылған қорғандар жер кадастрына енгізілмей келеді. Нақты іс жүргізілмеген. Былтыр Еңбекшіқазақ ауданы бойынша сараптама жасалып, обалардың картасы анықталып, облысқа тапсырылған. Енді бекітілуі ғана қалған. Алайда, соған қарамастан обалар орнында құрылыс жүргізіліп жатқан көрінеді.
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Райылқызының айтуынша, Есік қаласы – сақтардың обалары орналасқан мекен. «Бұл жерден мыңнан астам оба табылған. Қай жерде оба, ескерткіш бар, айту қиын. Сол үшін алдын ала зерттеу, барлау жұмысы жүргізіледі. Содан кейін құрылыс салуға рұқсат берілуі тиіс», – деп түйіндеді пікірін.
«Қорған сүріліп, үстіне үйдің құрылысы басталып кеткен»
Бұл тұрғыда Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы облыс әкімінің қаулы жобасы қабылданғанын жеткізген. Бұл бойынша Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енбеген тарихи-мәдени нысандары, атап айтқанда қазіргі уақытта Алматы облысының Қарасай ауданы, Жамбыл ауданы және Қонаев қаласы бойынша археология ескерткіштеріне паспорттау жұмыстары басталған. Содан кейін бұл жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізу туралы ұсыныс беріледі.
Айта кету керек, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық МҚК қызметкерлерінің мәліметтері бойынша автожол мен жаңа көпір салу жерінің аумағында 15-тен астам қорған орналасқан.
Sona.kz тілшісі бұл туралы нақты ақпарат алу үшін Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына хабарласты. Бізге берген мәліметте: «2024 жылдың 11 қыркүйегінде Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталыққа Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының жанында орналасқан «Береке» саяжайында қорғандардың бұзылу әрекеті орын алып жатыр» деген ақпарат келіп түскен күні сол мекен-жайға барып, қорғанның жер бетінен сүріліп, үстіне үйдің құрылысы жүріп жатқанын көрдік.
Сонымен қатар, 4 (төрт) қорғанның құрылыс саласын реттеу, табиғи ландшафт аймақтарының бұзылғандығы анықталды. Облыстық прокуратураға және облыстық полиция департаментіне жоғарыда аталмыш жағдай туралы жазбаша хат жіберілді. Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасынан «Байтерек елдімекенінің аумағында орналасқан үш мың жылдық тарихы бар қорғандардың мәселесі бойынша «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының апаттық жағдайдағы қорғандарға жасалынған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде қорғандардың түгел тоналғандығы, ешқандай артефактілердің сақталмағандығы туралы белгілі болды» деген жауап келді», – дейді Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы маманы Гүлнәр Домбай.
Есік – ескі қорғандар мен обалар қаласы. Дегенмен, кез келген құрылыс компаниясы және оған құрылыс бастауға рұқсат берген мекеме алдымен тиісті мекемелерден анықтама сұрап, археологиялық сараптама алғаны жөн.
-

Мемлекеттік бағдарлама бойынша берілетін баспана қымбаттайды
Мемлекеттік бағдарлама бойынша берілетін баспана қымбаттауы мүмкін. Себебі қазақстандықтар зейнетақы жинағының артылған бөлігін баспана алуға бағыттап жүр.
Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ниетті салымшылардан түскен 45 мың өтініш өткен айда мақұлданды. Ипотека рәсімдеушілердің де үлесі артқан. Өткен айда ипотека үлесі 17 пайызға артты. Қазір елде нарық шартымен берілетін ипотекалық несие үлесі артты. Жыл басынан бері 450 млрд теңге рәсімделген.
Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 42 жарым пайызға көп. Ал жеңілдетілген шартпен рәсімделген қарыз көлемі 876 млрд теңгеге жуықтады. Жалпы банктердің ипотекалық портфелі 5,8 трлн теңге. Қаңтар-қыркүйек аралығында елде 1,4 трлн теңге баспана несиесі берілді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 17 пайызға көп.
Бірінші несие бюросының дерегіне сүйенсек, өткен айдағы көрсеткіш он бес пайызға артқан. Мақұлданған 45 мың өтініштің жалпы сомасы 37,4 млрд теңге болған.