Метка: тұрғын үй

  • Қарағандыда лифт құлап, бір адам қаза болды

    Қарағандыда лифт құлап, бір адам қаза болды

    Қарағандының оңтүстік-шығысында салынып жатқан тұрғын үй кешенінде лифт құлап, бір жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиға салдарынан екінші жұмысшы ауруханаға жатқызылды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

    Оқиға бойынша тұрғын үй кешенінің салынып жатқан объектілерінің бірінде «абайсызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар анықталуда, – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

  • Жылыту маусымы басталмай жатып бес адам көз жұмды

    Жылыту маусымы басталмай жатып бес адам көз жұмды

    Жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында бес өрт болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденовтің айтуынша, қайғылы оқиға Ақтоғай және Шарбақты аудандарында тіркелді. Көз жұмған азаматтар төсек орнында темекі тартып, салдарынан өмірмен қоштасты.

    Сонымен қатар, үш адам улы газдан уланып қайтыс болды. Өлімнің негізгі себебі – пешті пайдалану ережелерінің сақталмауы. Біз әр азаматқа өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін түсіндіруге тырысамыз. Олқылықтар анықталған жағдайда тек ескерту жасап, кеңес бере аламыз. Заңнама бойынша тұрғын үй секторында тексеріс жүргізу және жауапқа тарту шаралары қарастырылмаған. Сондықтан тұрғындардың жеке жауапкершілігіне ғана сүйенеміз. Рейдтік және түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргіземіз, – дейді Қайрат Шаймарденов.

    Айта кетейік, жылыту маусымына дейін қауіпсіздік айлығы өткізілді. Профилактикалық шаралар нәтижесінде мамандар 16 мың жекеменшік баспана тұрғындарымен кездесу өткізіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, мыңнан астам үйде 1 943 бұзушылық анықталды.

    Айлық қорытындысы бойынша департаменттің есебіне 1 200-ден астам тұрғын үй алынды. Нысандар әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын азаматтарға тиесілі. Бұл үйлерде 3 600-ден астам азамат тұрады. Жалпы, қалалар мен аудардардағы жекеменшік үйлердің барлығын түсіндіру жұмыстарымен қамтуға тырысамыз. Дегенмен, олқылықтар қайталана береді. Мәселен, жылыту маусымы кезеңіне дейін пешті дайындау керек. Тазалап, қираған жері болған жағдайда жөндеу керек, – дейді өрт сөндірушілер.

  • Алматыда тұрғын үй сертификатын алуға өтінім қабылдау басталды

    Алматыда тұрғын үй сертификатын алуға өтінім қабылдау басталды

    Алматыда мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылған «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификатын алуға өтініш қабылдау басталды. Бұл бастама тұрғын үй алуда көмекке мұқтаж халықтың неғұрлым осал санатын қолдауға бағытталған.

    Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын беруге қаражат бөлінді. Сертификат мөлшері 1,5 млн теңгеге дейін, ол өтеусіз әрі қайтарымсыз беріледі. Сертификат алушыларға ЖАО кезекте тұрғандардың ішіндегі мынадай санаттар жатады:
    1. 1 және 2 топтағы мүгедектер;
    2. Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
    3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
    4. Көпбалалы отбасылар.

    Жаңа ережеге сәйкес, сертификат алу үшін отбасының орташа табысын растау қажет, ол отбасының әрбір мүшесіне осы қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген көрсеткішінен (134 561,7 теңге) аспауға тиіс.

    Отбасы банкінде төлем қабілеттілігін растаған және тұрғын үй тапқан азаматтар «Kezekte.kz» сайтындағы («Amanat» сервисі арқылы) тұрғын үй сертификатына өтінім бере алады. Қажетті құжаттар:

    1.  Жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі (әлеуметтік осал топтарға талап қолданылмайды);
    2. Ипотекалық тұрғын үй несиесін беру туралы банктің мақұлдау хатының электрондық көшірмесі, онда несие сомасы мен ай сайынғы төлем мөлшері көрсетілуі керек.

    Өтініштер 3 жұмыс күні ішінде қаралады, бұл тұрғын үй көмегін алуды жылдам әрі қолжетімді қылады.

    Бұған дейін тұрғын үй сертификаты тек «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары аясында берілетін, ал жаңа өзгеріс тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдау мүмкіндігін кеңейтеді.

  • БЖЗК: тұрғын үйді жақсартуға 760 мыңнан аса адамның  өтініші қабылданды

    БЖЗК: тұрғын үйді жақсартуға 760 мыңнан аса адамның өтініші қабылданды

    Зейнетақы қорындағы ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсап жатқан қазақстандықтардың саны артуда. 2021 жылдан бері 760 мыңнан аса адамның өтініші қабылданды. Оларға аударылған жалпы қаражат 3,5 тлрн теңгеден асты. Ақпарат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының  ресми сайтында жарияланған. Ресми мәлімдемеге сәйкес, ең көп өтініш білдірушілер Алматы қаласының тұрғындары. Мегаплистің 135 мыңнан аса адамының өтініш қабылданған. Олардың тиісті операторларына аударылған қаражаттың жалпы көлемі 845 млрд теңгеден асады. Екінші орында астаналықтар. Үшінші орында Маңғыстау облысы. Төртінші Қарағангды. Атырау облысы. Бірыңғай жиинақтаушы зейнетақы қорынынан тұрғын үй жағдайын жақсартуға осы өңірлерден өтініш түсіп, қанағаттандырылған.

  • Астанада заңсыз салынып жатқан 37 көпқабатты тұрғын үй анықталды

    Астанада заңсыз салынып жатқан 37 көпқабатты тұрғын үй анықталды

    Астанада заңсыз салынып жатқан 37 көпқабатты тұрғын үй құрылысы анықталды

    Осы нысандарға жекелеген компаниялар үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан. Бұл жөнінде қаланың  прокуратурасы мәлім етті.

    «Биыл 64 нысанды заңсыз салып жатқан 51 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазір 12 компанияға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр», — делінген хабарламада.

    Ведомство жаңа салынып жатқан үйден пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушының сенімділігін тексеріп алуды ұсынады.