Метка: ТЖМ
-

ТЖМ Tesla Cybertruck-ты 127,5 млн теңгеге сатып алды
2025 жылдың соңында Алматыда Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) символикасы бар Tesla Cybertruck көлігі байқалды. Кейін бұл автокөліктің бюджеттік қаражатқа сатып алынғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Мемлекеттік сатып алу порталындағы деректерге сәйкес, Алматы қаласының ТЖД ТОО Zharyq компаниясымен «оперативтік-қызметтік автокөлік» ретінде Tesla Cybertruck сатып алу туралы келісімшарт жасасқан. Келісімшарт сомасы 127,5 млн теңге болды.Құжатта Cybertruck төтенше жағдай орын алған жерге жедел бару және алғашқы шараларды жүргізу үшін қолданылатыны көрсетілген. Атап айтқанда, автокөлік келесі міндеттерге арналған:•басшылық пен мамандарды оқиға орнына жеткізу;•жағдайды алғашқы тексеру, соның ішінде қолжетімсіз аудандарда;•құтқарушылар, өрт сөндірушілер және медицина қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру;•1 000 кг дейінгі құрал-жабдықтар мен жүкті тасымалдау;•күрделі және қолжетімсіз жерлерде патрульдеу және жедел әрекет ету.Tesla Cybertruck — америкалық Tesla, Inc. компаниясының электрлік пикапы, футуристік дизайны және коррозияға төзімді болаттан жасалған қаңқасымен ерекшеленеді. -

Қазақстанда құтқарушыларға тұрғын үй төлемдері беріле бастады
2025 жылдың қарашасынан бастап Қазақстанда құтқарушылар мен өрт сөндірушілер алғашқы тұрғын үй төлемдерін ала бастады. Бұл бастама ТЖМ тарапынан ұсынылып, Президент тарапынан мақұлданды және ведомствоның 30 жылдығына арналады, деп хабарлайды Sona.kz ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Енді жеке баспанасы жоқ азаматтық қорғау қызметкерлері әр отбасы мүшесіне ай сайын 65 898 теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие. Бұл қаражатты жалға алу немесе жеке пәтерге жинау үшін пайдалануға болады.
Ведомство хабарлағандай, елдегі барлық ұжымдарда қуаныш зор. Басқа өңірге ауысқан қызметкерлерге тұрғын үй жалдау төленеді, кей жағдайларда қосымша көтерме төлемдер қарастырылған.
-

Алматыда құрылыс дүкені өртеніп кетті
Өткен түнде Алматы қаласында құрылыс дүкені отқа оранды.
ТЖМ мәліметінше, құрылыс дүкені Алатау ауданының Солтүстік айналма тасжолында орналасқан.
Келген бойда ашық жалын сауда орын-жайларының едәуір алаңын алғандықтан өрт сөндіру басшысы өрттің рангін көтерді.
«Судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ете отырып және оқпандарды көрші құрылыстарды қорғау үшін беріп, жауынгерлер жақын арада өрттің іргелес қоймаларға таралуына жол бермей, өртті оқшаулап, кейін оны сөндірді», — делінген ТЖМ хабарламасында.
-

Жамбыл облысының Меркі ауданында жер сілкінді
Бүгін, 28 наурыз күні түнде Жамбыл облысының бірқатар аудандарында жер сілкінді.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, жер Астана уақытымен түнге сағат 03:42-де сілкінген.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай Қазақстан аумағынан 323 шақырым жерде орналасқан. Жамбыл облысы Меркі ауданында 5 балл, Құлан ауданында 4 балл, Шу, Төле би, Сарыкемер, Тараз, Қордай, Аса және Мойынқұм аудандарында 2 балл», — деп хабарлайды ТЖМ.
-

Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарына үндеу жасады
Ведомство көктемде күннің жылынуы кезінде шатырлардан қар түсіп, мұздың құлау қаупіне қатысты ескерту жариялады. Ғимараттардың шатырынан қардың түсу қаупі төнген кездегі негізгі ұсынымдар мен сақтық шаралары:
қар түсуі мүмкін үйлердің шатырына жақындамаңыз, мұндай жерлерде балалардың болуына жол бермеңіз;
көліктерді шатырына мұз қатқан және қар тұрған құрылыстарға жақын қалдырмаңыз;
қауіпті жердің қоршауы болған кезде қоршаудан өтіп кетпеңіз, қауіпті жерлерді басқа жолмен айналып өтіңіз;
құлаққаптарды қолдаңбаңыз, себебі төбеден құлап жатқан қардың шуын естімейсіз.«Егер табанжолмен жүріп бара жатқанда сіз төбеде күмәнді шу естіген болсаңыз – тоқтамаңыз. Бәлкім, бұл қардың немесе мұздың құлауы болар. Ғимараттан қашуға да болмайды. Тезірек ғимараттың қабырғасына жақындап тұрыңыз, шатырдың күнқағары бүркеме қызметін атқарады», – деп жазылған хабарламада.
-

6 наурыз күні 9 өңірде дабыл жүйесі қосылады
«6-7 наурызда еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 2-ші кезеңі өтеді», – делінген хабарламада.
Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қостанайда орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.
«Сонымен қатар «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында еліміздің 9 өңірінде 2025 жылғы 6 наурызда сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Осыған орай тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз», – делінген ТЖМ хабарламасында.
-

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының аумақтарындағы Қазақстан Алтай, Іле, Жетісу, Талас Алатауы мен Қаратау жоталарының беткейлері аса қауіпті аудандар болып есептеледі.
Көшкін белсенділігі күшейген кезде ең қауіпті кезеңдер қыстың басы мен көктемнің басы болып саналады.
Бүгінгі таңда оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлердегі қар көшкіні ортаңғы таулы аймақтарда орташа қар көшкіні қаупімен сипатталады, ал биік тауларда жағдай қар көшкіні қаупі болып қала береді. Ең қауіпті аймақтарда тұрғындар мен туристер үшін тәуекелдерді азайту мақсатында алдын алу шаралары, соның ішінде қар көшкінінің алдын алу шаралары жүргізілді.
Мамандардың болжауынша 2025 жылы бұл өңірлерде көшкін белсенділігі ақпан-сәуір айлары аралығында артуы мүмкін, бұл кезде көшкіннің өздігінен түсуі жиі кездеседі. Бұл әсіресе температураның күрт ауытқуы, қалың қар жаууы және қарлы боран болуы мүмкін биік таулы аймақтарға қатысты, бұл көшкін қаупінің артуына ықпал етуі мүмкін.
Қар көшкіні қаупі бар кезеңнің басынан бастап жабық, жетуі қиын жерлерде өздігінен түскен 24 қар көшкіні тіркелді. Халықтың, туристер мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар көшкінінің 58 профилактикалық түсуі жүргізілді, түскен қардың жалпы көлемі шамамен 42 мың текше метрді құрады.
Қауіпті кезеңдерде көшкін қаупі бар аймаққа халықтың және автокөліктің кіруін шектеу жөніндегі блок-бекеттер қойылады. Тауларда қар ұстайтын қалқандар орнатылған. Көшкін қаупі бар аймақтардағы тұрғындар мен кәсіпорындарға көшкін қаупі жағдайында мінез-құлық жөніндегі нұсқаулықтары бар ұсыныстар беріліп, брошюралар таратылды.
Тау шаңғышылары, туристер, альпинистер үшін аса қауіпті. Сондықтан адам шығынын болдырмау, қар көшкінінің астында қалмау үшін тауға баратын әрбір адам таудағы және қар көшкіні кезіндегі негізгі жүріс-тұрыс ережелерін үйренуге міндетті.
Егер қар көшкіні туралы ескерту жарияланса, тауларға барудан бас тартқан жөн. Егер ескерту болмаса, онда жолға шықпас бұрын метеорологиялық болжамдарды білу, қозғалыс маршруттарын жасау, дайындықсыз учаскелерде серуендеуден және сырғанаудан аулақ болу, таңбаланған соқпақтармен жүру, сондай-ақ қар көшкіні қаупі бар жерлер туралы мүмкіндігінше көбірек білу, қауіпті беткейлерден мүмкіндігінше аулақ болу керек.
Егер тауға шығар алдында қалың қар түссе, жорықты екі-үш күнге кейінге қалдырған дұрыс, ал қар көшкіні болмаған жағдайда оның шөгуін күткен дұрыс.
ТЖМ тау беткейлеріндегі қардың тұрақсыздығына байланысты қар көшкінін тудырмау үшін таудың қарлы беткейлеріне және тауға бармауға, сондай-ақ жақын күндері тауға барудан бас тартуға кеңес береді.
-

Шығыс Қазақстанда май зауыты өртенді
ШҚО Глубокое ауданына қарасты Предгорное ауылындағы май зауытында өрт шықты, — деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
– Предгорное ауылында май зауытының аумағында қабық пен шротты түйіршіктеу цехының қабықты шығару нориямында өрт шығып, түтін 4-ші мен 6-шы қабаттарға тарады. Күнбағыстың қабығы өртенді. Объектінің қызметкерлері үй-жайдан уақытылы шығып кеткен. Шақырту орнына барған өрт сөндіру есептоптары қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, шығудың жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді.
50 шаршы метр алаңға тараған өрт сөндіріліп, өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында объектінің негізгі жабдықтары құтқарылып қалды, – делінген ақпаратта.
-

Сейсмикалық аймақта үй салу үшін ТЖМ рұқсатын алуға тура келеді
Сейсмикалық аймақтағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа жүйелі тәсілдер енгізіледі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.
Министр Мәжіліс депутаттарына заң жобасындағы өзгерістерді таныстырды. Оның айтуынша, мемлекеттің, шаруашылық жүргізу субъектілерінің және халықтың өзара қарым-қатынасын реттейтін сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жеке тарау ретінде енгізіледі.
«Атап айтқанда, министрлік пен жергілікті атқарушы органдарға сейсмикалық қауіптілікке бағалау жүргізу өкілеттігі беріледі. Мұнда халықты жер сілкінісінен қорғау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралар көзделеді. Сонымен қатар Министрлікке сейсмикалық, сел және көшкін қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қала құрылысы жобаларын келісу бойынша функция беріледі. Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетіне орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі бақылау функциялары беріледі», – дейді Шыңғыс Әрінов.
-

Жамбыл облысында ер адам өзін өртеп, суицид жасамақ болды
Жамбыл облысында ер адам өзін өртеп, суицид жасамақ болды. Оны құтқарушылар аман алып қалды. ТЖМ мәліметінше, бүін Жамбыл облысы ТЖД «112» қызметіне Тараз қаласындағы орта мектептің жанында ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары әрекеттің алдын алды. Жәбірленуші жеңіл күйік алып, ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.