Метка: ТЖМ

  • ТЖМ мекемелерінің 3 басшысы қамауға алынды

    ТЖМ мекемелерінің 3 басшысы қамауға алынды

    Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Агенттіктің мәліметінше, комитет төрағасымен қоса министрліктің басқа да лауазымды тұлғалары сотталған.

    Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н. Дербисов пен Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М. Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б. Ізбасаров 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ Б. Ізбасаров 1,7 млн теңге сомасында өзіне қосымша ақшаны заңсыз есептеп, билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталды, – делінген хабарламада.

    Агенттіктің мәліметінше, оларға бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39,7 млн теңге сомасында пара алды деген айып тағылған.

    Сондай-ақ аталған шенділер мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

  • Алматы маңайында жер сілкінді

    ТЖМ мәліметінше, ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 қарашада Астана уақытымен сағат 04:31-де жер сілкінісін тіркеді

    Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде орналасқан, — делінген хабарламада.

    Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілген жоқ.

  • Алматыда көпқабатты үй өртенді

    Алматыда көпқабатты үй өртенді

    Алматыда көпқабатты үй өртеніп, адамдар құтқарылды.

    ТЖМ мәліметінше, Алматы ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 1-қабаттағы пәтерден өрт шыққан.

    ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялап, бір кейуана мен екі баланы құтқарды.

    Өрт сөндірушілер жалынның таралуына жол бермей, оны жедел сөндірді. Өрттің аумағы – 8 шаршы метр.

    Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

  • Алматыда элиталы тұрғын үй жанып жатыр

    Алматыда элиталы тұрғын үй жанып жатыр

    Қала ТЖД мәліметінше, жетінші қабаттағы пәтер өртеніп жатыр, қазіргі уақытта өрт үйдің шатырына жайылды.

    Өрт ғимараттың төбесінде, сондай-ақ жетінші және сегізінші қабаттардағы пәтерлерде болған.

    Өрт сөндірушілер оқиға орнына барды, өрттің ауданы нақтылануда. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Мұнда 25 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлады ведомство.

  • Алматыда жер сілкінді

    Алматыда жер сілкінді

    ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 17 қазан Астана уақытымен 03 сағат 23 мин жер сілкінісі тіркелді.

    (далее…)

  • Астанада әкімшілік ғимарат өртенді

    Астанада әкімшілік ғимарат өртенді

    ТЖМ мәліметінше, Керей Жәнібек хандар көшесіндегі әкімшілік ғимарат өртенген. 4-қабаттағы зертхананың қоймасында қағаз, сөрелер мен реагенттер жанған. Өрттің ауданы – 7 шаршы метр. Мамандар өртті сөндірді.

    Нысандағы адамдар алдын ала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

  • Алматы облысында экскаватор өзенге аударылып кетті

    Алматы облысында экскаватор өзенге аударылып кетті

    Министрлік мәліметінше, оқиға Райымбек ауданында болған. Қатты жауын-шашын салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, жолдан өзенге қарай аударылып кеткен.

    Құтқарушылар ер адамға саты беріп, жоғары көтерілуге көмектесті. 1972 жылы туған зардап шегуші медициналық көмекке мұқтаж емес.

  • Ақмола облысында бүтін бір отбасы суға батып кетті

    Ақмола облысында бүтін бір отбасы суға батып кетті

    Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

    Министрліктің мәліметінше, 4 адамның өмірін қиған қайғылы оқиға Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 шақырым жердегі Астана су қоймасында болған.

    «Төртеуі де бір отбасының мүшелері. 1980 жылы туған әйел мен 2001 жылы туған қыздың денелерін куәгерлер тапты. 1977 және 2000 жылы туған екі ер адамның денесін Ақмола облысы және Астана қаласының ТЖД құтқарушылары іздеп жатыр», — делінген хабарламада.

    Сондай-ақ ТЖМ отбасы мүшелері шомылуға тыйым салынған жерде суға кеткенін атап өтті.

  • Биыл жазда 70 адам суға кетті – ТЖМ

    Биыл жазда 70 адам суға кетті – ТЖМ

    Биылғы шомылу маусымы басталғалы балалардың суға кету фактісі жиілеген. Мұны ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов айтты. 

    Сөзінше, биыл жаз басталғалы 70 адам суға кеткен. Оның ішінде 30 бала бар. Өткен жылы 83 адам суға батып кеткен. Бала өлімі бойынша көрсеткіш былтырғыдан асып түсті.

    «Дегенмен жыл сайын суға батып қайтыс болғандар саны азайып келеді. Атап айтқанда, 2021 жылы 3 пайызға, 2022 жылы 42 пайызға, 2023 жылы 4 пайызға, биыл 15 пайызға төмендеді. Дей тұрғанмен, әр статистиканың артында адам өмірі мен жақындарының қайғысы тұрғанын ұмытпауымыз керек. Соңғы 10 жылда 2 мыңнан астам адамның өмірі судан қиылып отыр (2 240 ересек, 701 бала)», — дейді ол.