Метка: Үкімет

  • Шабандар 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем ала алады: Үкімет мал шаруашылығын дамыту жоспарын мақұлдады

    Шабандар 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем ала алады: Үкімет мал шаруашылығын дамыту жоспарын мақұлдады

    Қазақстан үкіметі 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын кешенді дамыту жоспарының жобасын мақұлдады, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі. Құжат ет өндірісін арттыруға, мал басын көбейтуге және экспортты кеңейтуге бағытталған. Бұл үшін жеңілдікті қаржыландыру және саладағы еңбек жағдайын жақсарту шаралары қарастырылған.
    Жоспарға сәйкес, 2030 жылға дейін:
    •ірі қара малының басын 7,9 миллионнан 12 миллионға дейін көбейту жоспарланып отыр;
    •ұсақ мал басын 20,2 миллионнан 28 миллионға жеткізу көзделген;
    •ет өндірісін 1,2 миллионнан 1,8 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланған;
    •ет экспорты шамамен екі есеге өсіп, 82 мыңнан 165 мың тоннаға жетеді.
    Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бұл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қаржылық қолдау шаралары кешені қарастырылғанын айтты. Атап айтқанда, жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары іске қосылады:
    •барлық түрдегі ауылшаруашылық жануарларының асыл тұқымды басын сатып алу үшін 6% жылдық мөлшерлемемен — 300 млрд теңге;
    •көшпелі мал шаруашылығын және жайылым инфрақұрылымын дамытуға 6% жеңілдетілген біртұтас несие — 50 млрд теңге;
    •жем дайындау техникасы мен жабдықтарын сатып алуға 5% жеңілдетілген қаржыландыру — 50 млрд теңге;
    •мал шаруашылығында айналым қаражатын толықтыруға 5% несие — 225 млрд теңге.
    Қаржылық қолжетімділікті кеңейту үшін несиелер «Даму» қоры арқылы кепілдендіріледі.
    Құжатта сондай-ақ кадрлық қамтамасыз ету және еңбек жағдайларын жақсарту шаралары да бар. Соның ішінде шабандар мен чабандарға 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем беру құқығы қарастырылған. Төлемнің нақты механизмі әзірге жарияланбады. 2023 жылы осындай қолдау шарасы зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін шахтерлерге енгізілген еді.
    Сонымен қатар жоспар экспорттық нарықтарға шығу үшін ветеринарлық қауіпсіздікті күшейтуді міндетті шарт ретінде белгілейді: ветеринарлық нысандарды жаңарту, сауда алаңдарында күнделікті бақылау және мал иелерінің жауапкершілігін арттыру көзделген.
    Премьер-министр жоспарды іске асыру ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға бағытталғанын айтты. Сондай-ақ өңдеуді дамыту және қосылған құны жоғары өнім шығару міндеті қойылды.
    Айта кетейік, премьер пайдаланылмай тұрған ауыл шаруашылығы жерлерін тәркілеуді еске салды. Айдарбек Сапаровтың сөзінше, үш дәнді дақыл өсіретін өңірде 330 шаруашылық қатаң бақылауда тұр. Ережелер бұзылған жағдайда жерлер мемлекеттік қорға қайтарылады да қайта бөлінеді.
  • Келесі жылдан бастап зейнетақы жарналарының төлем тәртібі өзгереді

    Келесі жылдан бастап зейнетақы жарналарының төлем тәртібі өзгереді

    2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті және кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу мен аударудың жаңа тәртібі күшіне енеді, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Жаңа қаулыға сәйкес, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары барлық айлық табыстардан (Салық кодексінде көрсетілген) есептеледі. Алайда салықтан босатылған төлемдер есепке алынбайды.

    Өзгерістер өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жеке кәсіпкерлерге және интернет-платформалар арқылы қызмет көрсететін тұлғаларға да қатысты. Олар есептік айдан кейінгі айдың 25-іне дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) жарналарды аударуға міндетті.

    Сонымен қатар, уақтылы төлемді бақылаудың жаңа тетіктері енгізілді.
    Егер қарыз көлемі алты айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып кетсе, мемлекеттік кірістер органдары 5 жұмыс күні ішінде борышкерге хабарлама жібереді.
    Қарыз өтелмеген жағдайда, 10 жұмыс күнінен кейін борышкердің банктік шоттары мен кассалық операциялары тоқтатылуы мүмкін.

    Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жұмыс берушілер кәсіби зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен ай сайын төлеуге міндетті.

    Бұған дейін елде базалық зейнетақының 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен өсетіні хабарланған болатын.

  • Үкімет бюджет шығындарын қысқартады

    Үкімет бюджет шығындарын қысқартады

    Қазақстан үкіметі басым емес шығындарды азайтып, қаржыны маңызды бағыттарға жұмсамақ. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, 2025 жылғы бюджет жобасын қалыптастыру кезінде әкімшілерден 34 трлн теңгеге өтінім түскен. Алайда соның 25,7 трлн теңгесі ғана мақұлданып, 8 трлн теңгеден астамы бюджетке енбеген.

    «Экономикалық тиімділігі жоқ шығындарды қысқартып жатырмыз. Әлеуметтік қолдау жүйесін цифрландыру мен оңтайландырудың арқасында тиімсіз шығындарды айтарлықтай азайттық», — деді премьер-министр.

    Сонымен қатар, Бектенов нақты мұқтаж азаматтарға көмектің қысқармайтынын атап өтті. Тәртіп орнату үшін Отбасының цифрлық картасы енгізілді. Ол халықты алты санатқа бөлді. Соңғы, алтыншы санатқа тұрғын үйі, көлігі мен жұмысы бар, бірақ мемлекеттен әлеуметтік көмек алып отырған азаматтар кірген.

    Қазіргі уақытта скорингтік жүйе Қарағанды мен Шымкентте пилоттық режимде іске асырылып жатыр. Кейін бұл жоба барлық өңірлерге енгізілмек.

    Оңтайландыру нәтижесінде 2024–2025 жылдары шамамен 290 млрд теңге үнемделді. Ал 2026 жылы тағы кемінде 165 млрд теңге үнемдеу жоспарланған.

    «Бұрын кей өңірлерде бір баланың бір күнде 10 үйірмеге барғаны туралы есептер болған. Мұның бәрі жасанды көрсеткіштер. Қазір тәртіп орнатылғаннан кейін осындай үнем пайда болды», — деді Олжас Бектенов.

  • 42 жаңа су қоймасы салынады

    42 жаңа су қоймасы салынады

    Елімізде 42 жаңа су қоймасы салынады. Бұл алдағы төрт жылда яғни, 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде жүзеге асады. Басты мақсат – су шаруашылығы саласын дамыту. Бірінші кезеңде яғни, 2025 жылдан бастап 11 жобаны салу және реконструкциялау жоспарланған. Одан бөлек, алты облыстағы үш жарым мыңға жуық шақырым ирригациялық арналарды жаңғырту көзделген. Сонымен қатар, су үнемдеу технологиясын қолданған шаруаларға берілетін субсидия көлемі де артты. 50ден 80 пайызға дейін ұлғайтылды. Бұл жөнінде Үкіметте өткен су кеңесінің отырысында мәлім болды.Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Премьер министр Олжас Бектенов Президенттің су шаруашылығын дамытуға, тозығы жеткен нысандарды жаңғырту жұмыстарының барлығы уақытында жүргізілуі тиіс екенін ескертті.

  • Үкімет 12 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысты қабылдамады

    Үкімет 12 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысты қабылдамады

    Үкімет басшысы мәжіліс депутатының балаларды 12 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысын қабылдамады. Олжас Бектеновтің пікірінше, бұл жаста балалар өз әрекетінің қоғамға қауіп төндіретінін толық түсінбейді. Бұл — балаларды қорғау мен тәрбиелеуге қатысты құқықтық және гуманистік көзқарастарға қайшы келеді, деді. Премьер-министрдің жауабында әлемдік тәжірибе бойынша Германия, Жапония, Ресей, Финляндия және Ұлыбританияда қылмыстық жауапкершілік 14-15 жастан басталады, деліген. Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов кәмелет жасына толмағандар үшін қылмыстық жауапкершілікті 14-тен 12 жасқа дейін төмендетуді ұсынған еді. Бас прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері балалар қылмысы 4,1% өскен. Жыл басынан бері 1263 жағдай тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда 50 фактіге көп.

  • Қарағандыда жылусыз қалған халық: Үкімет басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасады

    Қарағандыда жылусыз қалған халық: Үкімет басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасады

    Қарағандыда жылусыз қалған халықтың мәселесіне қатысты  Үкімет басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасады.  Бұл жағдай Үкіметтің бақылауында. 
     

    Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылу беру маусымының басталуы туралы мәселе күн тәртібінен тыс қаралды. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ағымдағы жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

    «Бүгін бәрін аяқтау қажет. Бірінші кезекте, бұл – Саран қаласы әкімінің жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы. Менің тапсырмам бойынша қазір тексеріс жүріп жатыр. Жылу беретін нысанның дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардардың барлығы жауапкершілікке тартылады. Осы отырыстан кейін энергетика министрі Саран қаласына барып, өзі бәрін тексереді. Тексеру нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыстың құрамы бар болатын болса, кінәлі адамдардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Саран қаласының 80-ге жуық үйі жылусыз отырғанын хабарлаған болатынбыз.
  • Жапония Үкіметі толық отставкаға кетті

    Жапония Үкіметі толық отставкаға кетті

    Бірнеше сағат бұрын Жапония премьер-министрі Фумио Кисида мен оның үкіметі толық отставкаға кетті. Парламент министрлер кабинетінің жаңа басшысын бүгін сайлайды. Айта кетсек, Кисида билікке 2021 жылы келді. Ал өткен аптада Кисиданың орнын басуы мүмкін адамның есімі белгілі болды. Ол — 67 жастағы Сигэру Исиба. Исиба жұма күні Либералдық-демократиялық партия басшылығына өткен сайлауда жеңіске жетті. Тағы бір мәлімет: жапон парламентінің төменгі палатасы қазанның 9-да таратылады. Ал осы айдың 27-де елде халпыхалықтық сайлау өтуі керек.

  • Жапонияда үкімет отставкаға кетті

    Жапонияда үкімет отставкаға кетті

    Жапонияда үкімет толық құрамда отставкаға кетті, деп жазады Kyodo агенттігі. Бұл алдыңғы премьер-министрдің өкілеттіктерінің аяқталуымен байланысты болып отыр. Енді ел парламенті үкіметтің жаңа басшысын таңдау бойынша дауыс беруге дайындалып жатыр.

    Жапония премьер-министрі парламентте партиялық фракциялар ұсынған көпшілік дауыстар негізінде таңдалады. Әдетте кандидат парламенттегі көп орынға ие партияның жетекшісі болады. Бұл жағдайда жетекші либералды-демократиялық партия (ЛДП) коалициялық серіктес «Комейто» партиясымен бірге екі палатада да көпшілікті ұстайды.

    Кейінгі мәліметтерге сәйкес, елдің жаңа премьер-министрі Шигеру Исиба болады. Ол өткен аптада ЛДП басшысының сайлауында жеңіске жетті, бұл оны автоматты түрде премьер-министрге үміткер етті. Ол сейсенбіде Жапония императоры Нарухито бекітетін жаңа үкіметті құрады.

  • Үкіметтің болжамы: 2029 жылға қарай Қазақстанда орташа жалақы 570 мың теңгеден асады

    Үкіметтің болжамы: 2029 жылға қарай Қазақстанда орташа жалақы 570 мың теңгеден асады

    Үкіметтің болжамы: 2029 жылға қарай Қазақстанда орташа жалақы 570 мың теңгеден асады
    Бұл туралы Қазақстанның 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айтылған.
    Үкіметтің болжамынша, еліміздегі бір қызметкердің орташа айлық жалақысы мынадай болады:

    ▪️2024 жылы – 396 мың теңге;
    ▪️2025 жылы – 431,6 мың теңге;
    ▪️2026 жылы – 466,9 мың теңге;
    ▪️2027 жылы – 500,7 мың теңге;
    ▪️2028 жылы – 536,3 мың теңге;
    ▪️2029 жылы – 573,7 мың теңге.

    Статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық жалақы – 382,2 мың теңге.

  • Еліміздің бас санитар дәрігері тағайындалды

    Еліміздің бас санитар дәрігері тағайындалды

    Сархат Бейсенова Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

    Ол 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметін атқарды.