Метка: Ұлытау облысы

  • Ұлытауда ҚАЖК жүйесінің 11 қызметкері азаптау қолданғаны үшін сотталды

    Ұлытауда ҚАЖК жүйесінің 11 қызметкері азаптау қолданғаны үшін сотталды

    Ұлытауда ҚАЖК жүйесінің 11 қызметкері азаптау қолданғаны үшін сотталды

    2024 жылғы 30 шілдесінде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 Мекемесінде (бұдан әрі — Мекеме) жазасын өтеп жатқан 11 сотталғандарды азаптау қолдану фактісі бойынша осы Мекеменің 7 және ҚР Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің (бұдан әрі — Әскери бөлім) 4 қызметкерлеріне қатысты үкім жарияланды. Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеді.

    Прокурорлар 11 сотталғандарға қатысты кінәлі қызметкерлердің азаптау қолданғандығын тергеумен дәлелдеді.

    «Сот үкімімен Мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, осы Мекеменің басқада 5 және Әскери бөлімінің 4 қызметкерлеріне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру түріндегі  жазалар тағайындалды»,- делінген ҚР Бас прокуратурасының хабарламасында.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    ҚР Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық  жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін  әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

     

  • Ұлытау облыстық Мәдениет басқармасының басшысы 6 жыл 6 айға сотталды

    Ұлытау облыстық Мәдениет басқармасының басшысы 6 жыл 6 айға сотталды

    Ұлытау облыстық Мәдениет басқармасының басшысы 6 жыл 6 айға сотталды
    Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ә.С. Омар сотталды. 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол 2,3 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Яғни, сотталушы мамандар мен басқа да ғалымдардың мақалалар жинағын шығару бойынша орындалмаған жұмыстары үшін заңсыз аударған. Сол ақша арқылы 2,3 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған.

    «Омар бұрын Жезқазған қалалық сотының 2024 жылғы 12 наурыздағы үкімімен пара алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылғандықтан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3,6 бөліктеріне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы Ә.С. Омарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түпкілікті жазасы тағайындалды», -делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыд агенттігінің ресми хабарламасында.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.