Метка: Жетісу

  • Жетісу прокуратурасы «Қорғас» инвесторларынан ҚҚС-ның заңсыз алынғанын анықтады

    Жетісу прокуратурасы «Қорғас» инвесторларынан ҚҚС-ның заңсыз алынғанын анықтады

    Жетісу облысының прокуратурасы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының басқарушы компаниясы тарапынан орын алған өрескел заң бұзушылықтарды әшкереледі, деп хабарлайды Sona.kz Фонд-бюро расследованиеге сілтеме жасап.

    Тексеріс барысында анықталғандай, соңғы екі жыл ішінде жалпы құны 70 миллиард теңгеден асатын жобаларды жүзеге асырып жатқан 19 инвесторға сумен жабдықтау тарифтерін есептеу кезінде қосылған құн салығы заңсыз қосылып келген. Салық кодексіне сәйкес, арнайы экономикалық аймақтардағы қызмет мұндай салық түрінен босатылғанымен, басқарушы компания бұл талаптарды жүйелі түрде елемей келген.

    Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде заңсыздықтар толығымен жойылды. Қазіргі уақытта инвесторларға негізсіз өндірілген 1 миллион теңге көлеміндегі қаражат қайтарылды, ал кінәлі тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылды. Облыстық прокуратура өкілдері кәсіпкерлерге жасалатын кез келген қысым мен әкімшілік кедергілердің жолы кесілетінін қатаң ескертті. Ведомство инвесторларды өз құқықтары бұзылған жағдайда арнайы Call-орталықтарға хабарласуға шақырды. Бұл оқиға 2026 жылы Қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту жолындағы маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалануда.

  • Жетісуда 105 жастағы абыз ана, Алматыда 100 жастағы қария дауыс берді

    Жетісуда 105 жастағы абыз ана, Алматыда 100 жастағы қария дауыс берді

    Бүгінгі референдумда еліміздің ең қарт тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Жетісу облысы, Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласында 105 жастағы Нағиман Шалабаева №290 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. 13 құрсақ көтерген кейуана бүгінде үлкен бір әулеттің алтын діңгегі болып отыр: оның 36 немересі, 103 шөбересі және 13 шөпшегі бар. Ғасыр жасаған абыз ана сайлау учаскесінде жиналған жұртшылыққа ақ батасын беріп, ел іргесінің бүтіндігі мен жастардың жарқын болашағы үшін тілек білдірді.

    Дәл осындай маңызды сәт Алматы қаласында да тіркелді. Мегаполистің 100 жасқа толған тұрғыны дауыс беру учаскесіне келіп, азаматтық борышын өтеді. Қариялар өз сөздерінде еліміздегі маңызды саяси өзгерістерден қалыс қалмау әрбір қазақстандықтың міндеті екенін атап өтті. Жүз жасаған ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардың бұл қадамы кейінгі толқын жастар үшін нағыз отансүйгіштіктің үлгісіне айналды.

  • ҰҚБ QazaqGaz Aimaq филиалы басшысының ұсталғанын растады

    ҰҚБ QazaqGaz Aimaq филиалы басшысының ұсталғанын растады

    Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғалидың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    КНБ мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

    «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жариялауға жатпайды», — делінген хабарламада.

    Айта кетейік, ұсталғанға дейін Айбек Ерғали БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізіп, өңір тұрғындары үшін газ бағасының өсуіне қатысты мәселелерді түсіндірген.

    Бұған дейін ҰҚБ OrdaMed компаниясының басшысын іздеуге жариялағаны хабарланған болатын. Ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.

  • Жетісуда балаға қол жұмсаған ана туралы Балаларды қорғау комитеті пікір білдірді

    Жетісуда балаға қол жұмсаған ана туралы Балаларды қорғау комитеті пікір білдірді

    Жетісу облысында балалар қатысқан оқиға бойынша тергеу-құқықтық әрекеттер басталды, деп хабаралайды Sona.kz KazTag-қа сілтеме жасап.

    Комитет мәліметінше, оқиғаға қатысқан ана ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

    «Осы факті бойынша тергеу-құқықтық әрекеттер жүргізілуде. Ана ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

    Комитеттің айтуынша, балалар қазір қауіпсіз жерде. Жәбірленген балаға қажетті медициналық көмек көрсетілген, барлық балалардың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Оларға психологтық қолдау көрсетілуде.

    Қамқоршылық және қорғаншылық органдары заңда белгіленген тәртіппен ананың ата-аналық құқықтарын шектеу мәселесін қарастырады. Жағдай өңірлік бала құқықтары бойынша өкілі бақылауында.

  • «Каспий» және «Жетісу» командасының бұрынғы футболшысы қайтыс болды

    «Каспий» және «Жетісу» командасының бұрынғы футболшысы қайтыс болды

    СМИ мәліметінше, Қазақстанда ұзақ уақыт өнер көрсеткен 31 жасар ресейлік-нигериялық футболшы Лайонел Адамс қайтыс болды, деп хабарлайды Sona.kz Tengri Sport- қа сілтеме жасап.

    Оқиға жағдайы
    Футболшы Мәскеу маңындағы Звенигород қаласындағы үйлердің бірінің ауласында мерт табылды. Бастапқыда мәліметтерде оның «жоғарғы қабаттан құлап, дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болғаны» айтылды.

    Содан кейін футболшының анасы бұл оқиғаны кездейсоқтық емес, кісі өлтіру деп есептейтінін мәлімдеді: «Лайонелдің қыз досы жоқ еді, соңғы рет олар Жаңа жылға дейін сөйлескен. Алдыңғы күні ол маған қоңырау шалмақ болды  мен жауап бермедім. Босап шыққанда кеш болды  ұлым қоңырауға жауап бермеді», — деп жазады Mash.

    Ресми нұсқа әзірге жарияланған жоқ.

    Футболшының мансабы
    Лайонел Адамс  Мәскеудің ЦСКА клубының түлегі. Қазақстанда ол «Жетісу», «Каспий», «Туран» және Қарағандық «Шахтёр» клубтарында ойнаған. Соңғы клубы  Қырғызстанның «Алга» командасы, келісімшарты 1 қаңтарда аяқталған.

    Жаңа жылға бірнеше күн қалғанда футболшыға Мәскеу маңындағы мекемелердің бірінде шабуыл жасалып, тіпті жамбасына оқ атылған. Лайонел полицияға арыз беруден бас тартқан.

    Еске салайық, бұған дейін 22 жасар француз футболшысы Алексис Вергос Тайландтағы сарқырамаға селфи жасау кезінде қайтыс болған. Қазақстанда 65 жасында «Қайрат», «Қайсар» және ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Марат Есмуратов қайтыс болған.

  • Жетісу облысында кәсіпкерлер мен инвестордың құқықтары өрескел бұзылғаны анықталды

    Жетісу облысында кәсіпкерлер мен инвестордың құқықтары өрескел бұзылғаны анықталды

    Ақсу ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу және жер заңнамасы салаларына жүргізілген талдау нәтижесінде кәсіпкерлер мен инвестордың құқықтарының өрескел бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Sona.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

    Тексеру барысында Ақсу аудандық орталық ауруханасы жеткізушілер тарапынан шарттық міндеттемелер толық әрі тиісті деңгейде орындалғанына қарамастан, 57 кәсіпкерге шарттарды орындауды қамтамасыз ету ретінде ұсталған 3 пайыздық соманы қайтармағаны белгілі болды. Қайтарылмаған қаражаттың жалпы көлемі 117,6 млн теңгені құрады.

    Сондай-ақ жер заңнамасының сақталуына жүргізілген қадағалау аясында фермерлердің құқықтары бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, Ақсу ауданында «Екпінді» ЖШС жүзеге асырып жатқан инвестициялық жоба бойынша жалдау шартында көзделген 100 гектар жайылымдық жер инвесторға берілмеген.

    Анықталған барлық фактілер бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданды. Кәсіпкерлер мен инвестордың құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

    Прокуратура органдары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау олардың қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

  • Жетісу облысында мәдениет үйінің жөндеуіне бөлінген 212 млн теңге бюджет қаражаты ұрланды

    Жетісу облысында мәдениет үйінің жөндеуіне бөлінген 212 млн теңге бюджет қаражаты ұрланды

    Жетісу облысы бойынша АФМ департаменті Бактыбай ауылы мәдениет үйінің капиталы жөндеу кезінде бюджет қаражатының ұрлануы фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл жағдай өңір тұрғындары арасында үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Sona.kz afm_rk-ға сілтеме жасап.

    2020 жылы Ескельдин аудандық ішкі саясат бөлімі мен мердігер ұйым арасында мәдениет үйін жөндеу бойынша келісімшарт жасалған, оның құны 753 млн теңгені құрады. Келісімшарт бойынша мердігер объектіні 2021 жылғы желтоқсанда аяқтауы тиіс болған, бірақ құрылыс қазіргі уақытқа дейін пайдалануға берілмеген.

    Тергеу барысында кейбір жұмыстардың фактілі түрде орындалмағаны анықталды. Алайда, олар бұрын қабылданып, актілер бойынша төленген. Бұл – мемлекеттік қаражатты жымқыру схемасының айқын көрінісі.

    Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 212 млн теңгеден асты. Бұл қаражат халық үшін әлеуметтік маңызды объектіні жаңартуға бағытталған еді.

    Қатысы бар тұлғалардың мүлкіне шектеу қойылды. Ал тергеу ісі жалғасып, қосымша ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

    АФМ департаменті азаматтарды алаяқтыққа қарсы сақ болуға шақырады және мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану мәселесінде қатаң бақылауды жалғастыратынын мәлімдеді.

  • Жетісуда қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды

    Жетісуда қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды

    Жетісу облысының Алакөл ауданында құтқарушылар қар құрсауында қалған алты адамды эвакуациялады. 112 пультіне Үшарал–Достық республикалық маңызы бар автожолының 40-шы шақырымында жеңіл автокөлік қарға батып қалғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Sona.kz 112 Jetisy-ға сілтеме жасап.

    Көлікте болған алты адам құтқару қызметінен көмек сұраған. Оқиға орнына дереу Ақши ауылдық жедел-құтқару бөлімшесінің қызметкерлері барып, көлікті қар құрсауынан шығарып алды.

    Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге қолайсыз ауа райында жолға шықпауға, ауа райы болжамын алдын ала тексеруге және жол жағдайын ескеруге кеңес береді.

  • Балаларға арналған «Цифрлық қалқан»: Жетісу облысында «E-Bakylau» жүйесі іске қосылды

    Балаларға арналған «Цифрлық қалқан»: Жетісу облысында «E-Bakylau» жүйесі іске қосылды

    Жетісу облысының Панфилов ауданында «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында «E-Bakylau» инновациялық жүйесі енгізілді. Қосымшаның мақсаты  кәмелетке толмағандардың құқығына төнетін қауіптерді ерте кезеңде анықтап, дер кезінде шара қолдану, деп хабарлайды Sona.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

    Прокуратураның мәліметінше, жүйе педагогтарға әлеуметтік осал отбасылардағы балалардың мектептегі күнделікті бейімделу көрсеткіштерін бақылауға мүмкіндік береді. Баланың мінез-құлқындағы ең ұсақ өзгерістердің өзі тіркеліп, ықтимал қауіп туралы белгі ретінде қарастырылады.

    Жүйе арқылы түскен ақпарат бірден прокуратураға, қамқоршылық органдарына, полиция мен психолог мамандарға жолданады. Бұл мобильді топтың жедел әрекет етуін және балаға уақытылы көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы басталғалы бері «E-Bakylau» арқылы 10 хабарлама тіркелген. Әрбір жағдай бойынша мамандар дер кезінде профилактикалық жұмыс жүргізді.

    Прокуратура жүйенің жазалау емес, алдын алу мақсатын көздейтінін, балаларға қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

    Балалардың құқықтарын қорғау және ерте көмек көрсету тетіктерін дамыту жұмысы жалғасады.

  • Жетісу полициясы әлеуметтік желіде тараған оқиғаға қатысы бар азаматтарды анықтады

    Жетісу полициясы әлеуметтік желіде тараған оқиғаға қатысы бар азаматтарды анықтады

    Жетісу облысының полицейлері әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін Талдықорған қаласындағы қоғамдық орында болған оқиғаның барлық қатысушысын жедел анықтады, деп хабарлайды Sona.kz облыстық ПД-не сілтеме жасап.
    Полицияның мәліметінше, азаматтар қоршаған ортаға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Мекеме иесі мен бірнеше тұлғаға қатысты әкімшілік материалдар жинақталып, арнайы әкімшілік сотқа жолданған.
    Сот шешімдері:
    •Мекеме иесі мен оқиғаға қатысушылардың біріне 7 тәулік әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды;
    •Тағы бір қатысушыға қатысты материалдар оның тұрғылықты жері бойынша сотқа жіберілді.
    Сонымен қатар мекеме әкімшілігіне мұндай құқықбұзушылықтардың қайталануына жол бермеу туралы ресми нұсқама тапсырылды. Алдын алу және ұйымдастыру шараларын күшейту қажеттігі ескертіліп, қайталанған жағдайда жауапкершілік бар екені түсіндірілді.
    Жетісу облысының полициясы қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерге жол берілмейтінін атап өтті. Құқық қорғау органдары өңірде заң талаптарының сақталуын бақылауды жалғастырады.