Метка: жол апаты

  • Алматы – Өскемен тас жолында болған ірі жол апатында екі адам қаза тапты

    Алматы – Өскемен тас жолында болған ірі жол апатында екі адам қаза тапты

    Алматы – Өскемен автожолының 94-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды. Бұл туралы Sona.kz Krisp.tdk-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Алдын ала мәліметке сәйкес, Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алда келе жатқан жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Соққыдан кейін көлік жол жиегіндегі қоршауға ұрылды.

    Осыдан кейін келе жатқан Toyota Estima Changan көлігіне соғылып, инерциямен жол шетінде тұрған тіркемеге барып соқты.

    «Күшті соққы нәтижесінде Changan автокөлігінің қозғалтқышы қарсы жолаққа ұшып, Ford Focus көлігіне тиіп өткен», — деп хабарлады полиция.

    Оқиға орнында Changan көлігінің жолаушылары көз жұмды. Ал осы көліктің жүргізушісі мен Toyota Estima жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

    Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында трассада болған бетпе-бет соқтығыстан сегіз адам көз жұмған еді.

  • Ақтөбеде 8 жасар қызды жол апатынан кейін жерледі

    Ақтөбеде 8 жасар қызды жол апатынан кейін жерледі

    Ақтөбеде 8 жасар оқушы қыздың қайғылы қаза тапқанынан кейін жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sona.kzHalyqstan-ға сілтеме жасап.

    Полиция мәліметінше, оқиға 26 қазан түнінде «Қоныс» спорт сарайы маңында орын алған. Қыз бағдаршамның жасыл сигналы бойынша жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан. Сол сәтте 20 жастағы таксист жүргізген Chevrolet Cobalt көлігі жоғары жылдамдықпен келе жатып, қызды қағып, үш тұрақта тұрған автокөлікпен соқтығысқан.

    Оқушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші де медициналық тексеруден өтті. Дәрігерлердің барлық күшіне қарамастан, қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

    Полиция хабарлағандай, жол апаты кезінде жүргізуші мас емес болған. Қазіргі уақытта оқиға бойынша сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    Құқық қорғау органдары қаза тапқан қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтып, іс бақылауда екенін атап өтті.

  • Талдыкорғанда полицей қызметкері зейнет жасындағы әйелді қағып кеткеннен кейін жұмыстан босатылды

    Талдыкорғанда полицей қызметкері зейнет жасындағы әйелді қағып кеткеннен кейін жұмыстан босатылды

    Талдыкорғанда полицияның тергеу бөлімінің қызметкері қатысқан жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Оқиға 2 қараша күні Мұстафа Өзтүрік пен Орақты батыр көшелерінің қиылысында болған.
    Жетісу облысының полиция департаментінің мәліметінше, Toyota автокөлігін басқарған полиция қызметкері Aito M9 көлігімен соқтығысып, салдарынан 60 жастағы әйел адамды қағып кеткен.

    Зардап шеккен әйел көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
    Қазіргі уақытта оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

    Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, көлікті басқарған қызметкер ішкі істер органдарынан босатылды.
    Іс бойынша тергеу жалғасуда.

  • Қазақстандық футболшы қыз Астана – Павлодар трассасында болған жол апатынан қаза тапты

    Қазақстандық футболшы қыз Астана – Павлодар трассасында болған жол апатынан қаза тапты

    «Жеңіс» клубының 19 жастағы футболшысы Виктория Кайсаринова Павлодар облысында жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Sona.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

    Қайғылы оқиға Байет ауылы маңында орын алды. Жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, өртеніп кеткен. Салдарынан бес адам, оның ішінде футболшы қыз да, қаза болды.

    Клубтың баспасөз қызметі апатқа жүргізушінің қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болғанын мәлімдеді.

    «Бүгін Павлодар – Астана тас жолында команда ойыншымыз Виктория Кайсаринова жол апатынан қаза тапты. Жүргізуші қашықтықты сақтамай, қауіпсіздікті қамтамасыз етпей, ауыр жағдайға алып келді», – делінген мәлімдемеде.

    Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

    «Жас болса да, Виктория еңбекқорлығымен, футболға адалдығымен көзге түсті. Оның өмірден ерте кетуі – жақындары, достары, әріптестері және Қазақстан футбол қауымдастығы үшін орны толмас қаза», – делінген КФФ хабарламасында.

    Әлеуметтік желілерде жанкүйерлер мен спортшылар қайғырып жазбалар қалдыруда. Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Самат Смақов: «Иманды болсын» деп жазды. Ал марқұмның анасы Олеся Кайсаринова клубтың парақшасында: «Қызым-ай, неге соншалықты ерте тастап кеттің?» – деп жазды.

    Еске сала кетсек, 2025 жылдың жазында Португалия құрамасының және «Ливерпульдің» ойыншысы Диогу Жота да жол апатынан қаза тапқан болатын.

  • Маңғыстаудағы жол апатынан қаза болғандардың денесін жеткізу үшін арнайы әуе рейсі жіберілді

    Маңғыстаудағы жол апатынан қаза болғандардың денесін жеткізу үшін арнайы әуе рейсі жіберілді

    Маңғыстау облысына жол-көлік апатынан қаза тапқандардың туыстарын жеткізу үшін Ұлттық ұланның арнайы борты жіберілді, деп хабарлайды Sona.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның ресми Telegram-арнасының мәліметінше, туыстары қаза тапқандарды тану және қажетті рәсімдерден өту үшін ұшып келді. Осыдан кейін әуе кемесі марқұмдардың денесін өз өңірлеріне жеткізетін болады.

    Қайтыс болғандардың арасында Қарағанды облысының бес тұрғыны және Астанадан бір әйел бар.

    «Бұл іс-шара қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету үшін, соның ішінде денелерін тану, тасымалдау және жерлеу рәсімін ұйымдастыру мақсатында қолға алынды», — деді ІІМ ресми өкілі, департамент басшысы Шыңғыс Әлекешев.

    Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 11 қыркүйекте Қарақия ауданының Сенек ауылынан 90 шақырым жерде болды. Апат салдарынан сегіз адам оқиға орнында, тағы екеуі ауруханаға жеткізу кезінде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

    Кейін белгілі болғандай, жолаушылар Бекет-Ата әулие жеріне зияратқа бара жатқан.

    Қылмыстық істің тергеу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынды. Тергеу жүргізушінің әрекетін, көліктің техникалық жағдайын және жолаушыларды тасымалдау талаптарын тексеріп жатыр.

    Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, зардап шеккен ер адам (1964 ж.т.) мен әйел (1967 ж.т.) жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Тағы бір әйел (1960 ж.т.) травматология бөліміне жатқызылған, жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.

  • Маңғыстау облысындағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет жарияланды

    Маңғыстау облысындағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет жарияланды

    Маңғыстау облысындағы жол-көлік оқиғасынан жарақат алған үш жолаушы Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1964 жылы туған ер адам мен 1967 жылғы әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалады. Сонымен қатар, 1960 жылы туған әйел травматология бөліміне орналастырылды. Оның жағдайы тұрақты, бірақ ауыр.

    Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

    Еске салайық, 11 қыркүйекте Қарақия ауданына қарасты Сенек ауылынан 90 шақырым жерде жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Hiace автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылып кеткен. Салонда жолаушылар болған. Апат салдарынан 10 адам қаза тапты.

  • Қарағанды облысында жол апаты: үш адам қаза тапты, алтауы жараланды

    Қарағанды облысында жол апаты: үш адам қаза тапты, алтауы жараланды

    Sona.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ дерегіне сілтеме жасап хабарлайды

    11 тамыз күні түнде Қарағанды облысының Осакаров ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Астана – Қарағанды – Алматы трассасының 1396-шақырымында, Батпақты ауылы маңында Toyota Alphard жолдан шығып, аударылып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмаған.

    Оқиға салдарынан үш адам көз жұмды, тағы алты адам түрлі жарақат алды.

    Аймақта бұған дейін де ауыр апаттар тіркелген:
    • 8 тамызда Қарағанды маңында Audi мен BMW соқтығысып, 28 жастағы әйел мен оның үш айлық қызы қаза болды, тағы үш адам жарақаттанды.
    • 3 тамызда Алматы – Екатеринбург тас жолында мотоцикл полицияның Kia Sportage автокөлігімен соқтығысып, 42 жастағы мотоциклист қаза тапты.

  • Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы Жамбылдағы апаттан зардап шекті — дәрігерлер жағдайын айтты

    Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы Жамбылдағы апаттан зардап шекті — дәрігерлер жағдайын айтты

    UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы Жамбыл облысындағы жол апатынан кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sona.kz Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

    Мамандардың айтуынша, олардың жағдайы – орташа ауыр. Алдын ала диагноз – жабық бас-ми жарақаты, ми соғылуы.

    Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде бұл апатта екі адам қаза тауып, тағы екі адам жараланғаны туралы ақпарат тарады. Куәгерлер апат кезінде көлікті Рахмоновтың жұбайы басқарғанын жазған. Алайда полиция ресми түрде бұл мәліметті растаған жоқ. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

  • Ақтөбеде жылқы мен автокөлік соқтығысты: 15 жастағы шабандоз жарақат алып, жануар мерт болды

    Ақтөбеде жылқы мен автокөлік соқтығысты: 15 жастағы шабандоз жарақат алып, жануар мерт болды

    Ақтөбеде 1 маусым күні ерекше жол апаты тіркелді. CHEVROLET автокөлігі мен жылқы 312-ші атқыштар дивизиясы мен Мәншүк Мәметова көшелерінің қиылысында соқтығысып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

    Полиция мәліметінше, 15 жастағы шабандоз тыйым салатын бағдаршам сигналына қарамастан жолды кесіп өткен. Соның салдарынан көлікпен соқтығыс болып, жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Ал жануар алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды.

    Көлік жүргізушісі аман. Қалалық ПД шабандоздың ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырып, оларды бала тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартты.

    Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

  • Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза болды

    Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза болды

    Алматының Алатау ауданында 14 сәуір күні таңертең жантүршігерлік жол апаты болып, кісі қаза тапты.

    Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 4:50-де Такежанов көшесінде болған. Mercedes жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Ол жол жиегіне соғылған соң жол белгісін бұзып, артынша ағашқа соғылып, аударылып қалған.

    «Өкінішке қарай, осы апат салдарынан көліктің жолаушысы 25 жастағы ер адам оқиға орнында қаза болды. Жүргізуші қала ауруханаларының біріне жатқызылды», – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

    Адам өліміне әкеп соқтырған апат бойынша полиция сараптама тағайындап, қылмыстық іс қозғады.