Жәнібек Әлімханұлының гонорары қанша?

IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғаған Жәнібек Әлімханұлының гонорары белгілі болды.

Sport Salaries-тің мәліметіне сүйенсек, Жәнібек 500 мың доллар алған. Ал Анауэль Нгамиссенгенікі 350 мың долларды құраған. Бұл сома ақылы трансляцияны сатудан түскен қаражатқа байланысты өсуі де мүмкін.

Жәнібек Анауэльді 5 сәуір күні бесінші раундта құлатқан еді. Сөйтіп, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты.

Нәтижесінде Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабында 17-ші рет жеңіске жетіп, қос чемпиондық белбеуін сәтті қорғап қалды.