️Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секірген: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

30 шілдеде Нұрмағамбетов көшесінде болған қайғылы оқиғада зардап шеккен үш адамның да ауыр жарақат алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sona.kz  ZTB News-ке сілтеме жасап.

▪️2024 жылы туған сәби — ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген. Реанимациялық іс-шаралар жүргізілді, жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы – өте ауыр. Диагноз: 3-дәрежелі жарақаттық шок, 3-деңгейдегі кома, бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйек сүйектерінің көп жерден сынуы, ми жарақаты, ішкі ағзалардың контузиясы.

▪️2017 жылы туған бала — жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалу, жамбас сүйегінің сынуы, ішкі ағзалар зақымданған. Жағдайы ауыр, облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.

▪️1991 жылы туған анасы — есін біледі, жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Диагноз: жабық бас сүйек-ми жарақаты, қол-аяқтарының көптеген сынуы. Интенсивті ем жүргізіліп жатыр.

Полицияның мәліметінше, әйел психикалық денсаулық мекемесінде есепте тұрған. Қайғылы оқиға орнына тергеу тобы жұмылдырылды.