Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: Мектеп тапшы, бірақ ғимарат қолға өтіп кетеді

Алматы облысында халық саны тығыз орналасқандықтан білім ұялары жетіспеушілігі мәселесі өзектілігін жойған емес.

Тоғжан Төлеген
18 февраля, 2025
Аймақ
A A
Алматы облысы: Мектеп тапшы, бірақ ғимарат қолға өтіп кетеді
WhatsappTelegram

Алматы облысында халық саны тығыз орналасқандықтан білім ұялары жетіспеушілігі мәселесі өзектілігін жойған емес. Бүгінде өңірде 31 мектеп үш ауысымда білім береді, ал жаңалары тез арада салынып жатқан жоқ. Алайда, жергілікті билік мәселені шешудің орнына бұрыннан бар мектептерді сатып жіберіп отыр. Бұған дейін Қарасай ауданында ғимараттарды жеке меншікке заңсыз берудің екі дерегі анықталғаны соған дәлел.

Еске сала кетсек, 2018 жылы Қарасай ауданы, Шалқар ауылындағы мектептің ғимараты «компанияның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында» деген желеумен «Қарасай тұрғын үй» ЖШС-не берілген. Бұл қаулыға аудан әкімінің міндетін атқарушы Мақсұт Жапаров қол қояды. Бір айдан кейін оның орнына Жанат Тәжиев келеді де ғимаратты және оған тиесілі жерді 15 миллион теңгеге сатуға рұқсат береді. Бұдан кейін мектеп бірнеше рет иесін ауыстырып үлгерді. Мәселен, 2018 жылы кәсіпкер Шерхан Әлібекұлы сатып алса, 2019 жылы ғимарат «Іргетас Құрылыс-I» ЖШС меншігіне өтті. Мына қызық сәйкестікке қараңыз, бұл компания дәл Махаббат Бигелдиев жұмыс істейтін аймақтардан үнемі тендерге қатысып, мемлекеттік тапсырыс алып отырған. Оған Әлібек Сәрсенов жетекшілік етеді. Әкімдіктегілер олардың студент кезінен дос болғанын айтып жүр.

Ал 2022 жылы ғимарат сыйлық шартымен басқа иесіне өтеді. 2023 жылы соңғы қожайын Олжабай Сәдуахас Сағындықұлы күтпеген жерден мектепті мемлекет меншігіне тегін қайтаруға шешім қабылдады. Көп ұзамай қолдан қолға өтіп келген ғимарат қайтадан өнер мектебіне айналды.

Айтпақшы, дәл осыған ұқсас жағдай Қаскелең қаласында да болды. Мұнда заңды тұлға 1000 шаршы метрден асатын өнер мектебінің ғимаратын алуға әрекеттенген. Бірақ прокуратура араласып, сот мәмілені заңсыз деп таныды.

«Апелляциялық сот прокурордың өтінішін қолдады, мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды», – деп хабарлады сол кезде Алматы облысының прокуратурасы.

Бір қызығы, бұл мәселеде де бір ғана адам, яғни Қарасай аудандық қаржы бөлімінің басшысы Тоты Кәрімова ғана жауапқа тартылып, сөгіс алумен шектелген. Алайда, 2018 жылы мәміле жасалған кезде Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев, идеология мәселелері жөніндегі орынбасары Айжан Назарбаеваға ешқандай шара қолданылған жоқ.

Sona.kz редакциясы мән-жайды білу үшін Алматы облысының прокуроры Берік Абызбайұлы Адамовтың атына ресми сауал жолдап, алдағы уақытта осындай келеңсіздікті болдырмау үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын сұраған еді.

Алайда, қадағалау органы жауап берудің орнына «бұл біздің құзыретімізге кірмейді» деп сауалды әкімдікке сілтей салған. Ал әкімдіктің әдеттегідей сылап-сипап қана берген жауабы көңілден шықпады.

Біз Қарасай ауданындағы мектеп ғимараттарын жеке тұлғаларға және компанияларға сату фактілері анықталғанына байланысты мына сұрақтарға жауап алғызым келді. Мәселен,

  1. Мектепті сату туралы бұйрыққа кім қол қойған? Толық аты-жөнін көрсетіңіз және қол қою кезінде атқарған лауазымы қандай болды?
  2. Мектепті сатқан және сатпақ болған шенеуніктерге қандай шара қолданылды?
  3. Осы кезеңде Қарасай ауданының әкімі қызметін, сондай-ақ әкімнің идеологиялық мәселелер жөніндегі жетекші орынбасары қызметін атқарған кім? Оларға қатысты қандай шаралар қолданылды?
  4. Прокуратура алдағы уақытта осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін қандай шаралар қолдануда?
  5. Қандай ұйым немесе жеке тұлға мектеп ғимараттарын сатып алды немесе сатып алуға әрекеттенді?

Мәселен, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Рустам Атшабаровтың қолы қойылған жауапта да сол баяғы деректерді сырғытпа түрде берген.

 Бірінші сауалға: «Қарасай ауданы әкімдігінің 2018 жылдың 12 қаңтарындағы №28 қаулысымен бос тұрған ескі мектеп ғимараты жарғылық капиталды ұлғайту үшін «Қарасай тұрғын үй» ЖШС-не берілді. Бұл қаулыға әкімнің міндетін атқарған Мақсұт Рамазанұлы Жапаров қол қойған. 

Екінші сауалға:

«Бұйрық негізінде Қарасай аудандық қаржы бөлімінің басшысы Каримова Тоты  Иманғалиқызына Қарасай ауданы әкімінің 2019 жылғы 17 қыркүйектегі №350 ескерту түріндегі тәртіптік жаза қарастырылды.

Үшінші сауалға:

Қарасай ауданы әкімі қызметін 2016-2018 жылдары Бигелдиев Махаббат Сәдуақасұлы атқарса, 2016-2023 жылдары аудан әкімінің орынбасары Айжан Нұрділдәқызы Назарбаева болды.

Ал төртінші сауалға қатысты «Бұл мәселе Қарасай ауданы әкімдігінің құзыретіне кірмейді» десе, соңғы бесінші сұраққа:

«2018 жылдың 15 ақпанында «Қарасай тұрғын үй құрылысы» ЖШС мен жеке тұлға Шерхан Әлібекұлы арасында 15 224 000 теңгеге жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу туралы №1 келісім-шарт жасасқан. Осыны негізге ала отырып, «Қарасай тұрғын үй құрылысы» ЖШС директоры Б.Балтабеков пен жеке тұлға Шерхан Әлібекұлы арасында қабылдау-өткізу актісі жасалды.

Ал 2019 жылы мектеп ғимараты «Іргетас құрылыс-И» ЖШС компаниясына сатылса, 2022 жылы қайырымдылық шарты негізінде ғимарат Олжабай Садуқас Сағындықұлына берілді. Ал 2023 жылдың 8 маусымында меншік иесі Олжабай Сағындықұлы мүлікті мемлекет меншігіне тегін аудару туралы өтініш білдірді.

Қарасай ауданы әкімдігінің  2023 жылдың 9 маусымдағы №295 қаулысына сәйкес, мүлікті мемлекет меншігіне беру туралы шарт жасалды. Осылайша, облыс әкімдігінің 2023 жылғы 26 шілдедегі №246 қаулысына сәйкес, жоғарыда айтылған ғимарат «Алматы облысының білім басқармасына қарасты Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансына берілді.

Бүгінде бұл ғимаратта «Алматы облысының білім басқармасы, Қарасай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Өнер мектебі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорын жұмыс істейді», – делінген жауапта.

Білім сапасы ақсап, мектеп жетіспей жатқан өңірде осындай қитұрқы әрекеттерге жол бермеуді қадағалау үшін облыстық прокуратура білек сыбанып жұмыс істеуі тиіс. Алайда, олай емес екенін редакцияның ресми сауалын әкімдікке сілтей салуынан-ақ аңғаруға болатын сияқты. 

 

Тегтер: Алматы облысы прокуратурасыБасты жаңалықтарБасты оқиғаларБерік АдамовҚарасай ауданы
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Глава ВКО объяснил, почему сельский аким не был уволен после скандала

ШҚО әкімі ауылдық әкімнің жанжалынан кейін жұмыстан шықпағанын түсіндірді

Дана Альсеитова
20 ноября, 2025

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 20 қарашада Астанада өткен брифингте Зайсан ауданы Шіліктік ауылдық округінің әкімі...

Шеңгелдіде “Таза Қазақстан” акциясы өтті

Шеңгелдіде “Таза Қазақстан” акциясы өтті

Дана Альсеитова
11 октября, 2025

Шеңгелді ауылындағы Бөлек би мемориалында “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияның мақсаты – ауылдың тазалығын...

Жетісудағы оқу-жаттығуда мерзімді сарбаз қаза тапты

Жетісудағы оқу-жаттығуда мерзімді сарбаз қаза тапты

Дана Альсеитова
23 сентября, 2025

23 қыркүйекте Жетісу гарнизонында жауынгерлік дайындық барысында десанттық-шабуылдаушы әскердің мерзімді әскери қызметшісі көз жұмды, деп хабарлайды Sona.kz ...

Павлодарда екі педофил сотталды: ағайынды жәбірленушілерге өтемақы төленеді

Павлодарда екі педофил сотталды: ағайынды жәбірленушілерге өтемақы төленеді

Дана Альсеитова
22 сентября, 2025

Павлодар облысында 24 және 23 жастағы екі жігіт кәмелетке толмаған ағасы мен қарындасына зорлық-зомбылық көрсеткені үшін сотталды....

Қатысты жаңалықтар

Сотта куәгерлер Айзат Жуманованың қаза болған түні туралы айтты

Айзат Жұманованың ауруханаға түскен кездегі жағдайы туралы дәрігерлер мәлімдеді

5 декабря, 2025
Алматыда бірнеше көлікпен соқтығысып, оқиға орнын тастап кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

Алматыда бірнеше көлікпен соқтығысып, оқиға орнын тастап кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

5 декабря, 2025
Қазақстанда автоматтандырылған ҚҚС бақылауы енгізіледі

Қазақстанда автоматтандырылған ҚҚС бақылауы енгізіледі

5 декабря, 2025
Айзат Джуманованың өліміне қатысты сотта жаңа деректер айтылды

Айзат Джуманованың өліміне қатысты сотта жаңа деректер айтылды

5 декабря, 2025
Өскемен: жаяу жүргінші жолында әйелді жүк көлігі қағып кетті

Өскемен: жаяу жүргінші жолында әйелді жүк көлігі қағып кетті

5 декабря, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz