Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Мәдениет

Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі сотталды

Тоғжан Төлеген
22 апреля, 2025
Мәдениет
A A
Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі сотталды
WhatsappTelegram

Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұқанұлына қатысты сот үкімі шықты. Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Бүгін аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық фактісі бойынша (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) Аңсар Қажымұқанұлына қатысты үкім шығарды.

Аңсар Қажымұқанұлы жәбірленуші А.-ның туысы өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын, оның тергеу изоляторына қамалғанын біліп, полиция қызметкерлерінің арасында іс жүзінде таныстары жоқ бола тұра, қалыптасқан жағдайды пайдаланып, әрекетін ауырдан неғұрлым жеңіл жазаға саралау мәселесін шешу үшін полиция қызметкерлеріне беремін деп жалған айтып, алаяқтық жолымен А. және оның туыстарының 50 мың АҚШ доллары сомасындағы ақша қаражатын жымқырған.

Осылайша, Аңсар Қажымұқанұлы жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірген. Оның кінәсі куәлардың айғақтарымен, беттестіру хаттамасымен, сот-психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындысымен дәлелденді.

Прокурор Аңсар Қажымұқанұлына 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Қорғаушы тарап бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, 5-тен 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп жас балалардың болуы, кінәсін мойындауы, шын жүректен өкіну танылды. Ауырлататын мән-жайлар жоқ.

Сот үкімімен Аңсар Қажымұқанұлы ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: Аңсар ҚажымұқанұлыБасты жаңалықтарБасты оқиғаларСиви Махмуди
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
«Құдайдың сауыттары 4» фильмі Маңғыстауда түсірілетін болды

«Құдайдың сауыттары 4» фильмі Маңғыстауда түсірілетін болды

Дана Альсеитова
12 декабря, 2025

«Құдайдың сауыттары: Ультиматум» фильмінің актері Джеки Чан және режиссері Роберт Кун жаңа фильмнің басты түсіру орны ретінде...

Қобыз және киіз үй ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұра тізіміне енді

Қобыз және киіз үй ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұра тізіміне енді

Дана Альсеитова
11 декабря, 2025

Қобыз және киіз үй ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне ресми түрде енгізілді. Бұл шешім...

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі атанды

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі атанды

Дана Альсеитова
9 декабря, 2025

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) тарапынан миграция мәселелері жөніндегі жаһандық ізгілік елшісі болып...

Белгілі философ Жабайхан Әбділдин өмірден өтті

Белгілі философ Жабайхан Әбділдин өмірден өтті

Дана Альсеитова
3 декабря, 2025

93 жасында көрнекті қазақстандық философ, қоғам қайраткері, диалектикалық логика қазақстандық ғылыми мектебінің негізін қалаушылардың бірі Жабайхан Әбділдин...

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда мобильді аударымдарды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа тәртіппен тексереді

Қазақстанда мобильді аударымдарды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа тәртіппен тексереді

12 декабря, 2025
Газ баллон жарылуы салдарынан Оралда өрт шықты

Газ баллон жарылуы салдарынан Оралда өрт шықты

12 декабря, 2025
«Құдайдың сауыттары 4» фильмі Маңғыстауда түсірілетін болды

«Құдайдың сауыттары 4» фильмі Маңғыстауда түсірілетін болды

12 декабря, 2025
Wildberries Қазақстанда қымбаттауы мүмкін

Wildberries Қазақстанда қымбаттауы мүмкін

12 декабря, 2025
Полиция қол қусырып отыр: Ақнәр Хамиттің анасы істі Астанаға ауыстыруды талап етті

Полиция қол қусырып отыр: Ақнәр Хамиттің анасы істі Астанаға ауыстыруды талап етті

12 декабря, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz