Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Мәдениет

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жетісу облысында Балқаш көлінің жағалауын дамыту шаралары кешенді түрде жүргізілуде

Жандос Жантаев
27 Қараша, 2026
Мәдениет
A A
Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды
WhatsappTelegram

Жағалауға барлық қажетті инженерлік инфрақұрылым тартылған, автокөлік жолы жаңғыртылды. Құрылысы жоспарланған үш коммуналдық жағажайдың алғашқысы салынып бітті, қазіргі кезде мердігер нысанның жекелеген жерлерінде  ұсақ ескертпелер бойынша жұмыстарды атқаруда. Екінші жағажайда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев аталған нысандардағы жұмыстармен танысып қайтты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы жағажайда салынған коммерциялық және әкімшілік ғимараттарды аралап көрді. Сол сияқты жағалаудағы балалар ойын алаңдары мен жолдардың және басқа да құрылыстардың сапасын тексерді.

Мердігер мекеме өкілінің айтуынша, құрылыс биылғы сәуір айында басталған, бүгінде жобада қарастырылған жұмыстар түгелге дерлік аяқталған.

Мұнда 500 орынға арналған автотұрақ бар. Екі коммерциялық ғимаратта жалпы саны 18 орын кәсіпкерлердің қоғамдық тамақтану орындарын ашуына арналып салынған. Бұдан бөлек сауда-саттыққа да орындар қарастырылған.

Ал әкімшілік ғимаратта төтенше жағдай және полиция посттары, медициналық пункт орналастырылады. Ана мен бала бөлмесі де бар. Жағалауда балалар ойын алаңдары салынып, киім шешетін орын, душ кабиналары, санитарлық тораптар және басқа да қажеттеліктер жасалған. Бес құтқару мұнарасы қойылған.

Облыс әкімі ғимараттардың сыртқы кейпіне, брусчатка төсемдеріне қатысты шағын ескертпелер айтып, жалпы алғанда құрылысқа оң баға берді. Сондай-ақ қарапайым көпшілік үшін демалыстың қолжетімді, жайлы әрі қауіпсіз болуына барлық мүмкіндік жасалуы тиіс екенін атап өткен Бейбіт Исабаев бұл ретте «Балқаш Тазалық» кәсіпорнының коммуналдық жағажайды күтіп ұстау жұмыстарын жүйелі жоспарлауы керектігін де тілге тиек етті.

— Өңірлердің туристік әлеуетін дамыту туралы Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл екі коммуналдық жағажайдың құрылысын бастадық. Оның құрылысы аяқталып отырған біріншісін жазғы шомылу маусымына дейін іске қосамыз. Мұнда біз мезетте 1800-ге дейін демалушы келе алады. Кәріз, су, электр жүйелері толықтай тартылған. Төтенше жағдай, полиция, медицина қызметкерлері отыратын орындар қарастырылған. Екінші жағажай да келесі жылы қолданысқа беріледі. Үшінші жағажайдың құрылысы басталады. Былтыр Алакөл көлінің жағалауына 2 млн. турист келсе, Балқаш жағалауына келетін туристердің де саны енді еселене артады деп ойлаймыз. Біз алдағы уақытта да өңірге келетін туристерге қолайлы жағдай жасау ісін жалғастырамыз, — деді Б. Исабаев.

Атап өтсек, Балқаш жағалауын дамытуға бизнес өкілдері де инвестиция салмақ. Соның ішінде жергілікті кәсіпкерлер де бар. Солардың бірі Лепсі ауылының тұрғыны Руслан Сәттібеков пікірін білдірді.

— Жергілікті халық Балқаштың жағалауының дамығанын көптен армандаған едік. Қазір суы, жолы, жарығы — бәрі бар, коммуналдық жағажайлар салынып жатыр. Кәсіпкерлердің де жағалауда бизнесін жүргізуге мемлекет тарапынан мүмкіндіктер жасалып отыр. Енді Лепсі тұрғындары үшін жұмыс орындары, жаңа табыс көзі пайда болады. Бұрындары басқа қалаларға көшіп кеткендер Лепсі өңіріне қайта келіп қоныстанып жатыр. Бұл — біз үшін үлкен қуаныш. Өзім де осы жағажайдан жер телімін алдым, пансионат салуды жоспарлап отырмын. Алдағы көктемнен құрылыс жұмыстарын бастаймыз, — деді жергілікті кәсіпкер.

Тегтер: Балқаш жағалауыБасты жаңалықтарБасты оқиғаларЖетісу облысы
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлұлы дүниеден өтті

Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлұлы дүниеден өтті

Жандос Жантаев
24 Қараша, 2026

Ұлттық ғылым академиясының академигі 96 жасында қайтыс болды. Ол Қазақстандағы антропология мектебінің негізін қалады. 24 қарашада тарих...

Тоқаев қазақ тілі елдің «жұмсақ күшіне» айналып келе жатқанын айтты

Тоқаев қазақ тілі елдің «жұмсақ күшіне» айналып келе жатқанын айтты

Жандос Жантаев
10 Қараша, 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Димаш Құдайберген мен шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны Қазақстанның рухани елшілері деп...

Қазақ тілінің емле ережелері 2027 жылдың соңына дейін жүйеленеді

Қазақ тілінің емле ережелері 2027 жылдың соңына дейін жүйеленеді

Жандос Жантаев
10 Қараша, 2026

Емле ережелерін жүйелеу жұмысы 2027 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс. Қазақ тілін үйренгісі келетіндерге арналған цифрлық сервистер...

В Минкультуры ответили на вопросы о награждении Анары Батырхан

Мәдениет министрлігі Анара Батырханның марапатына қатысты сауалдарға жауап берді

Жандос Жантаев
9 Қараша, 2026

Министрлік әншінің 2014 жылдан бері мәдениет саласында еңбек етіп келе жатқанын айтты. Марапаттау парағы жарияланған жоқ. Әнші...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz