Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Билік

Асхат Бердіханов саяжай тұрғындарымен жиын өткізді

Жандос Жантаев
3 Шілде, 2025
Билік
A A
Асхат Бердіханов саяжай тұрғындарымен жиын өткізді
WhatsappTelegram

Жиында «Алтын Алма» саяжайындағы проблемалық сұрақтар талқыланды. Оның қатарында ауыз су, электр энергиясы, жол, газ жүргізу, елдімекен статусын алу секілді сұрақтар болды.

Сәулет және қала құрылысы бөлімі мамандарының сөзінше, Қонаев қаласының аумағында 9 саяжай алабы бар. Бас жоспар бойынша барлығы қала құрамына енгізілген. Алайда, құжатқа түзетулер мен өзгерістер енгізілуіне байланысты шағынаудан статусын беру әзірше мүмкін болмай отыр. Бұл сұрақ шешілмейінше күн тәртібінен түспейді.

Келесі мәселе — ауыз су жүргізу бойынша арнайы жоба дайындалуда. Биыл мемлекеттік сараптамадан өтеді деп жоспарлануда. Оған дейін ағымдағы жөндеу ретінде үш аумаққа су құбырлары салынады. Қазір сүзгі станциясына қосу нүктесі анықталуда.

«Сондай-ақ бұл саяжайға биыл көше жарығын орнату жоспарлануда. Газ тарту бойынша жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр», — деді ТҮКШ бөлімінің басшысы Тимур Ақмырзаев

Ал жаңа жолдарды салу мәселесі бойынша жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиев айтты.

«Жаңа жолдарды салу жобасы уақытша тоқтатылды. Себебі, Бас жоспарға өзгерістер жасалуда», — деді ол.

Дегенмен, әкім көше жолдарын тегістеуге қанша қаражат қажет екенін есептеп, келесі бюджеттің нақтылауына құжаттарды дайындауды тапсырды.

Басқосу нәтижесінде хаттама жазылып, бөлімдерге орындауға жіберілді. Бұдан бөлек, шаһар басшысы «Алтын Алма» саяжайын аралап, кемшіліктерді көріп шықты.

Тегтер: Асхат БердіхановБасты жаңалықтарБасты оқиғаларсаяжай
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Ерболат Досаев тағы бір лауазымынан айырылды: Ол «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінен шығарылды

Ерболат Досаев тағы бір лауазымынан айырылды: Ол «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінен шығарылды

Жандос Жантаев
21 Сәуір, 2026

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың саяси карьерасында кезекті өзгерістер орын алуда. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар...

Олжас Құспеков: «Адам өмірі мүліктен қымбат» — жедел қызметтерге кедергілерді жою құқығы берілмек

Олжас Құспеков: «Адам өмірі мүліктен қымбат» — жедел қызметтерге кедергілерді жою құқығы берілмек

Жандос Жантаев
15 Сәуір, 2026

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Қазақстандағы жедел қызметтердің жұмысын жеңілдетуге бағытталған маңызды заңнамалық түзетулер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды...

Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесінен шығарылды

Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесінен шығарылды

Жандос Жантаев
2 Сәуір, 2026

Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесіндегі танымал тұлғалардың бірі Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі құрамынан ресми...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи үндеуі: Жаңа Конституция

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи үндеуі: Жаңа Конституция

Жандос Жантаев
17 Наурыз, 2026

Ақорда төрінде өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның мемлекетіміздің ұзақ мерзімді даму миссиясын айқындайтын тарихи...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz