Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасы хабарлады.
Кадрлық шешім Мемлекет басшысының өкімімен қабылданған. Осыған байланысты Құлшыманов бұрын атқарған лауазымынан босатылды.




