Алматылық ерлі-зайыпты түнгі уақытта қарақшылық шабуылдың құрбаны болды. Екі белгісіз адам олардың пәтеріне кіріп, үй иесін соққыға жығып, алтын әшекейлер мен қаражатты алып кеткен, деп хабарлайды Sona.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға түнгі сағат екілер шамасында болған. Ер адам алған жарақатынан кейін ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді.
Полиция күдіктілерді ізін суытпай ұстады. Олардың бұрын сотталғаны анықталды. Қазір екеуі де қамауға алынды, айғақ заттар тәркіленді.
Жетісу аудандық полиция басқармасының хабарлауынша, күш қолданумен жасалған қарақшылық қатаң жазаға тартылады.









