Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Билік

Қонаевта жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр

Жандос Жантаев
25 Тамыз, 2025
Билік
A A
Қонаевта жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр
WhatsappTelegram

Бұл туралы ШЖҚ «Жылу Орталығы» МКК директоры Ержан Шоқан мәлімдеді.

Мекеме басшысының сөзінше, биыл жылу желілерінің 2,6 шақырымы жөнделеді. Қазіргі таңда оның 1,5 шақырымында жұмыстар аяқталған.

«26 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында қалада ыстық су өшіріледі. Бұл шара жөнделген аумақтарды тексеру үшін жасалады. 20 күн ішінде жұмыстарды аяқтауға тырысамыз. Осы уақыт аралығында қазандықтар мен оның жабдықтары да ағымдағы жөндеуден өтпек. Аталған іс-шаралар 2025-2026 жылғы жылыту маусымын үзіліссіз өткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде жоспарланған жұмыстың 72%-ы орындалды», — деді Ержан Шоқан.

Ал 2026 жылы жаңа 4 қазандық іске қосылады деп жоспарлануда.

Жалпы орталықтандырылған жылыту жүйесіне 32 мыңнан астам абонент қосылған. Оның ішінде 29 мыңы көпқабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар болса, қалғаны жеке сектор. Жылу орталығында 10 қазандық орналасқан.

Үйлері қатты отынмен жылытылатын тұрғындардың назарына айта кетсек, Сейфуллин көшесіндегі көмір тұйығы жұмыс істеп тұр. Онда қаражыра көмірі сатылуда, бағасы тоннасына 21-22 мың теңгені құрайды.

Тұрғындарға, пәтер иелері кооперативтеріне, қарапайым серіктестіктерге жылыту маусымына 100 пайыз дайындалу қажет екенін ескертеміз. Жылыту батареяларын, сорғыларды, элеваторды тексеріп шығу керек.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғалардайындықжылыту маусымыҚонаев
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Асқар Омаров Қазақстан халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

Асқар Омаров Қазақстан халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026

Асқар Омаров Қазақстан халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sona.kz BES.media⁠ басылымына сілтеме жасап. Бұған...

Ернар Хасенов возглавил Комитет государственного энергетического надзора и контроля

Ернар Хасенов Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетін басқарды

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026

Ернар Хасенов Қазақстан Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Үкіметтің баспасөз қызметі...

Евгений Кочетов Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Евгений Кочетов Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Жандос Жантаев
20 Қазан, 2026

Евгений Дмитриевич Кочетов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды SONA.KZ Ақорданың ресми...

Қанат Құлшыманов Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды

Қанат Құлшыманов Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды

Жандос Жантаев
20 Қазан, 2026

Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz