Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қаржы

Еңбек министрлігі жалақыны «конвертпен» төлеуге қарсы жаңа шаралар ұсынды

Жандос Жантаев
10 Қыркүйек, 2025
Қаржы
A A
Еңбек министрлігі жалақыны «конвертпен» төлеуге қарсы жаңа шаралар ұсынды

фото kaztag.kz

WhatsappTelegram

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілерді нақты еңбек қатынастарын және жалақы көлемін ашық көрсетуге міндеттейтін заңнамалық өзгерістер әзірлеп жатыр. Бұл тәжірибеде кең тараған «көлеңкелі» жалақыны болдырмауға бағытталған, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Министр Светлана Жақыпованың айтуынша, кей жағдайларда жоғары білікті мамандардың жалақысы құжатта небәрі 85 мың теңге болып көрсетілсе, қалған бөлігін жұмыс берушілер салықтан жалтару үшін конвертпен төлейді.

«Олар ресми түрде 85 мың теңге деп көрсетіп, қалғанын конвертпен береді. Бұған жол бермеу үшін еңбек қатынастарын толық декларациялау қажет деп отырмыз. Халықаралық тәжірибе де осыны дәлелдейді — мысалы, Сингапур мен Швецияда жалақыны мемлекет реттейді», – деді министр Мәжіліс отырысында.

Оның сөзінше, салалар арасындағы еңбекақы деңгейінде үлкен айырмашылық бар. Бірдей біліктілігі бар маман бір салада 1 миллион теңгеден артық табыс таба алса, басқа салада бар болғаны 400 немесе тіпті 220 мың теңге алады.

«Қазір біз әлеуметтік серіктестерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жақын арада ортақ келісімге келу үшін салалық келісімдерде еңбек ақы төлеудің шарттарын нақтылап көрсететін боламыз. Мәселен, тау-кен металлургия кешенін алып қарасақ, онда жалақы деңгейінің қаншалықты айырмашылығы бар екенін байқауға болады», – деп түсіндірді Жақыпова.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларЕңбек министрлігіЖалақыконверт
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Салық кірістері өсті: жоспар 113,7% орындалды

Салық кірістері өсті: жоспар 113,7% орындалды

Жандос Жантаев
2 Наурыз, 2026

2026 жылдың қаңтар–ақпан айлары бойынша республикалық бюджет кіріс бөлігінің орындалуы жоспарлы көрсеткіштерден асты. Қаржы органдарының мәліметіне сәйкес,...

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандауы мүмкін

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандауы мүмкін

Жандос Жантаев
17 Ақпан, 2026

Министрдің айтуынша, 2025 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша автокөліктердің жалпы бағасы 105%-ға өскен. Ал Қазақстанда құрастырылған көліктердің...

Home Credit Bank карталарын рәсімдеу кезінде алаяқтар осал тұстарды пайдаланған

Home Credit Bank карталарын рәсімдеу кезінде алаяқтар осал тұстарды пайдаланған

Жандос Жантаев
5 Ақпан, 2026

Қазақстанда азаматтың қатысуынсыз Home Credit Bank-те виртуалды дебеттік карта рәсімделіп, алаяқтық жасалған дерек анықталды. Үшінші тұлғалардың әрекеті...

Қазақстанда шағын бизнеске салық өсімпұлы мен айыппұлдар кешіріледі

Қазақстанда шағын бизнеске салық өсімпұлы мен айыппұлдар кешіріледі

Жандос Жантаев
4 Ақпан, 2026

Қазақстанда микро және шағын бизнес субъектілерінің салық берешектері бойынша өсімпұлдары мен айыппұлдарын есептен шығару жоспарланып отыр. Бұл...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz