Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар

«Үй салу жақсы, оның сапалы болуы одан да маңызды» – Асхат Бердіханов

Жандос Жантаев
2 Қазан, 2025
Жаңалықтар
A A
«Үй салу жақсы, оның сапалы болуы одан да маңызды» – Асхат Бердіханов
WhatsappTelegram

Қонаев қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Олардың көбі жеке компаниялардың қаржысына салынуда.

Қонаев қаласының әкімі шаһарды кезекті рет аралау барысында бірқатарына кіріп шықты. Алдымен ол «Самұрық» ТҮК-ке барды. Бұл кешен 11,6 гектар жерде тұрғызылады деп жоспарлануда. Жоба 2029 жылға дейін жүзеге аспақ. Тартылатын инвестиция сомасы – 65 млрд.теңгені құрайды. Қазір құрылыстың 1-кезеңі жүріп жатыр. Мұнда жалпы аудан 160 мың шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтереді.

Келесі нысан 10 шағынауданда орналасқан «NNS City» тұрғын үй кешені болды. Тапсырыс беруші – «Али-Нұр транс» ЖШС. Мұнда 21 көпқабатты тұрғын үй салынады. Қазір төртеуінің құрылысы аяқталған, жақын арада ауланы абаттандыру басталады. Содан кейін бірден қолданысқа беріледі.

«Инженерлік желілерді тарту жұмыстары уақытылы жүргізілуі тиіс. Кейіннен қоныстанған халық арасында сапасыз құрылысқа шағым болмауы қажет. Әкімдікпен бірлесе, ақылдаса қызмет етіңіздер. Үй салу жақсы, оның сапалы болуы одан да маңызды», — деді Асхат Бердіханов.

Одан соң әкім күрделі жөндеуден өтіп жатқан 8-10 шағынауданның жолын көрді. Бұл жерде көше жарығын орналастыру мәселесі қарастырылды. Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиевтің сөзінше, жоба 2026 жылға өтпелі болады. Әкім көше жарығын қоюда адамдарға ыңғайлы болуы қажеттілігін атап өтті. Бүгінде мұнда біршама жұмыстар аяқталған, тротуар бордюрлары, аялдамалар қойылып, жолдың кей бөлігіне асфальт төселген. Бұл жұмыстар қаланың Бас жоспарына сәйкес атқарылуда.

Айта кетейік, биыл Шеңгелді ауылдық округіндегі елдімекендердің жолы ағымдағы жөндеуден өтуде. Сондай-ақ «Көшпенділер қалашығына» жаңадан жол салынуда. «Қарлығаш» ықшамауданында да жол күрделі жөндеуден өтуде.

Құрылыс саласына келсек, жыл басынан 18843 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 9,7 млрд.теңгені құрады.

Тегтер: Асхат БердіхановБасты жаңалықтарБасты оқиғаларсапаҮй салу
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
После гибели девяти военных в Мангистау возбудили уголовное дело

БАҚ Каспийден тағы екі әскери қызметшінің денесі табылғанын хабарлады. Қаза тапқандар саны 11-ге жетуі мүмкін

Жандос Жантаев
24 Қыркүйек, 2026

Маңғыстау облысында Каспий теңізінде жүргізілген іздеу жұмыстары кезінде тағы екі әскери қызметшінің денесі табылды. Бұл туралы Sona.kz ...

После гибели девяти военных в Мангистау возбудили уголовное дело

Бектенов Бозымбаевқа Маңғыстаудағы оқиға орнына шұғыл баруды тапсырды

Жандос Жантаев
24 Қыркүйек, 2026

Премьер-министр Олжас Бектенов Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа Маңғыстау облысындағы төтенше жағдай орнына дереу баруды тапсырды. Бозымбаев Каспий...

После гибели девяти военных в Мангистау возбудили уголовное дело

Маңғыстауда тоғыз әскери қызметшінің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жандос Жантаев
24 Қыркүйек, 2026

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде Ақтау гарнизоны әскери қызметшілерінің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы прокуратура...

В Астане задержали мужчину по подозрению в убийстве женщины

Маңғыстаудағы әскери жаттығуда қайғылы жағдай болды. Тоғыз әскери қызметші қаза тапты

Жандос Жантаев
24 Қыркүйек, 2026

Маңғыстау облысында Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жаттығуы кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапты. Тағы жетеуін іздеу жалғасып жатыр....

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz