Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар

«Үй салу жақсы, оның сапалы болуы одан да маңызды» – Асхат Бердіханов

Жандос Жантаев
2 Қазан, 2025
Жаңалықтар
A A
«Үй салу жақсы, оның сапалы болуы одан да маңызды» – Асхат Бердіханов
WhatsappTelegram

Қонаев қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Олардың көбі жеке компаниялардың қаржысына салынуда.

Қонаев қаласының әкімі шаһарды кезекті рет аралау барысында бірқатарына кіріп шықты. Алдымен ол «Самұрық» ТҮК-ке барды. Бұл кешен 11,6 гектар жерде тұрғызылады деп жоспарлануда. Жоба 2029 жылға дейін жүзеге аспақ. Тартылатын инвестиция сомасы – 65 млрд.теңгені құрайды. Қазір құрылыстың 1-кезеңі жүріп жатыр. Мұнда жалпы аудан 160 мың шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтереді.

Келесі нысан 10 шағынауданда орналасқан «NNS City» тұрғын үй кешені болды. Тапсырыс беруші – «Али-Нұр транс» ЖШС. Мұнда 21 көпқабатты тұрғын үй салынады. Қазір төртеуінің құрылысы аяқталған, жақын арада ауланы абаттандыру басталады. Содан кейін бірден қолданысқа беріледі.

«Инженерлік желілерді тарту жұмыстары уақытылы жүргізілуі тиіс. Кейіннен қоныстанған халық арасында сапасыз құрылысқа шағым болмауы қажет. Әкімдікпен бірлесе, ақылдаса қызмет етіңіздер. Үй салу жақсы, оның сапалы болуы одан да маңызды», — деді Асхат Бердіханов.

Одан соң әкім күрделі жөндеуден өтіп жатқан 8-10 шағынауданның жолын көрді. Бұл жерде көше жарығын орналастыру мәселесі қарастырылды. Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиевтің сөзінше, жоба 2026 жылға өтпелі болады. Әкім көше жарығын қоюда адамдарға ыңғайлы болуы қажеттілігін атап өтті. Бүгінде мұнда біршама жұмыстар аяқталған, тротуар бордюрлары, аялдамалар қойылып, жолдың кей бөлігіне асфальт төселген. Бұл жұмыстар қаланың Бас жоспарына сәйкес атқарылуда.

Айта кетейік, биыл Шеңгелді ауылдық округіндегі елдімекендердің жолы ағымдағы жөндеуден өтуде. Сондай-ақ «Көшпенділер қалашығына» жаңадан жол салынуда. «Қарлығаш» ықшамауданында да жол күрделі жөндеуден өтуде.

Құрылыс саласына келсек, жыл басынан 18843 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 9,7 млрд.теңгені құрады.

Тегтер: Асхат БердіхановБасты жаңалықтарБасты оқиғаларсапаҮй салу
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтеді

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтеді

Жандос Жантаев
24 Қыркүйек, 2026

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 24...

В Астане задержали мужчину по подозрению в убийстве женщины

Алматыда түнде ҚазҰУ Студенттер сарайының шатыры жартылай опырылды

Жандос Жантаев
24 Қыркүйек, 2026

Алматыда түнде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттер сарайының шатыры жартылай опырылды. Әлеуметтік желі қолданушылары ғимарат маңынан қатты дыбыс...

Мұнай қалдықтарын заңсыз өңдеген Kazenergy басшысы 3 жыл 9 айға сотталды

Мұнай қалдықтарын заңсыз өңдеген Kazenergy басшысы 3 жыл 9 айға сотталды

Жандос Жантаев
24 Қыркүйек, 2026

Ақтөбе облысында Kazenergy жеке кәсіпкерлігінің басшысы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін сотталды....

Тоқаев Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында не айтты

Тоқаев Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында не айтты

Жандос Жантаев
24 Қыркүйек, 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясын ашып, жаңа конституциялық институттың негізгі міндеттерін белгіледі. Мемлекет басшысы...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz