Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар

Әр сұрақты толық қарап, нақты шешім қабылдаймыз – Асхат Бердіханов

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Шеңгелді ауылдық округінің халқымен тұрақты кездесу өткізді.

Дана Альсеитова
20 октября, 2025
Жаңалықтар
A A
Әр сұрақты толық қарап, нақты шешім қабылдаймыз – Асхат Бердіханов
WhatsappTelegram

Баяндамадан соң, тұрғындар бірқатар келелі мәселелерді көтерді.

Ең алдымен халық дәріхананың, сондай-ақ амбулаторияда УДЗ және рентген маманының жоқтығын айтты. Жас мамандар Шеңгелдіге көшіп келгеннің өзінде баспанамен қамту мәселесін де қарастыру қажет.

Бұл сұраққа қалалық көпсалалы аурухана директорының орынбасары Айсұлу Оңғарова жауап берді. Айтуынша, жақын арада 3 маман УДЗ, рентгенге түсіру бағыттары бойынша жұмыс істей бастайды. Ал тұрғын үй беру жайында қала әкімі айтты.

«Осы уақытқа дейін бұл түйткіл қозғалған. Жергілікті әскери бөлім арқылы пәтерлерді алып, мамандарға беру жайлы келіссөз жүргізіп жатырмыз. Ауыл әкіміне баспанаға мұқтаждардың тізімін жаңартуды тапсырамын. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы да жұмыс істеп тұр. Дәріхана ашу сұрағын аурухана басшылығы қарастырады. Маңызды кәсіпкерлік нысанды ашамын деушілер болса, қолдау қажет», – деді Асхат Бердіханов.

Ауыл тұрғындары көтерген тағы бір мәселе – қоғамдық көлік тапшылығы. Қазіргі таңда Шеңгелді–Қонаев бағытында қатынайтын автобустар саны жеткіліксіз. Бұл туралы жауап берген автопарк өкілдері қосымша автобус сатып алу бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Шеңгелдінің жаңа тұрғын үй аумақтарындағы инфрақұрылым жайы назарға алынды. Жұртшылықтың айтуынша, кейбір көшелерде әлі күнге дейін су, жарық және жол мәселесі шешілмеген.

Аталған жайтқа байланысты Асхат Бердіханов ауыл әкімі Мақсат Жазиевті сынға алды.

«Қазір жаңа үйлер түсіп жатқан жерге электр желісі тартылуда. Дегенмен, басқа да желілерді жүргізуге жүйелі түрде тоқталып, алдын ала инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобасын дайындау қажет еді. Бұл ең бірінші ауыл әкіміне сын. Әр сұрақты толыққанды қарауымыз тиіс. Бұлай іс еткеніміз жарамайды. Жоба жасау, басқа жоспарларды түгендеуді ТҮКШ бөліміне тапсырамын», – деді қала әкімі.

Бұдан бөлек, әлеумет көтерген бос ғимараттарды пайдаға асыру, сквер салу, жайылым жер тапшылығы сұрақтары хаттамалық тапсырма негізінде шешімін табады.

Тегтер: Асхат БердіхановБасты жаңалықтарБасты оқиғаларҚонаев
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Астанада ер адам лифт шахтасына құлап, екі адам зардап шекті

Астанада ер адам лифт шахтасына құлап, екі адам зардап шекті

Дана Альсеитова
6 ноября, 2025

Астанада 4 қараша күні Нұра ауданында, Сығанақ көшесі 32-үйде, лифт апаты болып, екі ер адам зардап шекті,...

Алматыдағы даулы іс: Масимов отбасының серіктесі композитор Арман Дүйсеновті алдаған

Алматыдағы даулы іс: Масимов отбасының серіктесі композитор Арман Дүйсеновті алдаған

Дана Альсеитова
6 ноября, 2025

Алматыда әнші Индира Елеместің бұрынғы жұбайы және экс-КНБ басшысы Карим Масимовтің әкесі Қажымхан Масимовтің серіктесі Калелхан Иманмадиға...

Ақмола облысында науқас аурухананың терезесінен секіріп, көз жұмды

Ақмола облысында науқас аурухананың терезесінен секіріп, көз жұмды

Дана Альсеитова
6 ноября, 2025

Ақмола облысының Аршалы аудандық ауруханасында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 5 қарашадан 6...

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігерлердің салғырттығы 16 жастағы бозбаланың өмірін жалмады

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігерлердің салғырттығы 16 жастағы бозбаланың өмірін жалмады

Дана Альсеитова
6 ноября, 2025

Қарағандыда 16 жастағы жасөспірімге дер кезінде тиісті медициналық көмек көрсетілмей, қайтыс болды. Анасы ұлының өліміне себеп болған...

Қатысты жаңалықтар

Астанада ер адам лифт шахтасына құлап, екі адам зардап шекті

Астанада ер адам лифт шахтасына құлап, екі адам зардап шекті

6 ноября, 2025
Алматыдағы даулы іс: Масимов отбасының серіктесі композитор Арман Дүйсеновті алдаған

Алматыдағы даулы іс: Масимов отбасының серіктесі композитор Арман Дүйсеновті алдаған

6 ноября, 2025
Ақмола облысында науқас аурухананың терезесінен секіріп, көз жұмды

Ақмола облысында науқас аурухананың терезесінен секіріп, көз жұмды

6 ноября, 2025
Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігерлердің салғырттығы 16 жастағы бозбаланың өмірін жалмады

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігерлердің салғырттығы 16 жастағы бозбаланың өмірін жалмады

6 ноября, 2025
Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігерлердің салғырттығы 16 жастағы бозбаланың өмірін жалмады

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігерлердің салғырттығы 16 жастағы бозбаланың өмірін жалмады

6 ноября, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz