Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қаржы

Қазақстанда шағын бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі

Дана Альсеитова
26 января, 2026
Қаржы
A A
Қазақстанда шағын бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі

фото: qamshy.kz

WhatsappTelegram

Қазақстанда микро және шағын бизнеске арналған «таза парақ» тетігі іске қосылмақ. Бұл бастама аясында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жиналған салық берешегі бойынша есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар кәсіпкерлерге кешіріледі. Ол үшін негізгі қарызды 1 сәуірге дейін толық өтеу қажет, деп хабарлайды Sona.kz NegeAqsha-ға сілтеме жасап.

Шешім салықтық әкімшілендіруді жетілдіру аясында қабылданып, кәсіпкерлікке түсетін қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған. Тиісті ережелер қаңтар айында үкімет тарапынан дайындалып, қоғамдық талқылауға шығарылды. Олардың күшіне енуі ақпан айының басына жоспарланып отыр.

Айыппұлдарды кешіруден бөлек, микро және шағын бизнеске бақылау мен тексеру мәселесінде де бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, 2026 жылға дейінгі кезеңдер үшін салықтық есептілікке камералдық бақылау қолданылмайды, егер есеп 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін тапсырылып, кейін өзгертілмеген болса.

Сондай-ақ өткен кезеңдер бойынша салықтық тексерулер жүргізілмейді. Тек қылмыстық істерге, прокуратура органдарының талаптарына, қарсы тексерулерге немесе салық төлеушілердің өз өтініштеріне байланысты жағдайлар ғана ерекшелік болады.

Бұдан бөлек, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған мәмілелер мен тіркеулерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар берілмейді, егер олар құқық қорғау органдарының материалдарымен байланысты болмаса. 2026 жылдан бастап ҚҚС бойынша уақытында тіркелмеу, тіркелмеген кезеңдегі айналымдар және өткен жылдар үшін есептілікті тапсырмау бойынша әкімшілік істер қозғалмайды.

Сонымен қатар Қаржы министрлігі 2026 жыл бойы микро және шағын бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдар есептемеу мүмкіндігін пысықтап жатыр.

Тегтер: айыппұлБасты жаңалықтарБасты оқиғаларбизнесҚазақстанөсімпұл
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
МЧС купило Tesla Cybertruck за 127,5 млн тенге

ТЖМ Tesla Cybertruck-ты 127,5 млн теңгеге сатып алды

Дана Альсеитова
23 января, 2026

2025 жылдың соңында Алматыда Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) символикасы бар Tesla Cybertruck көлігі байқалды. Кейін бұл автокөліктің...

Тоқаев медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігіне беруді қолдады

Тоқаев медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігіне беруді қолдады

Дана Альсеитова
20 января, 2026

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ірі көлемдегі заң бұзушылықтар болғанын мәлімдеп, міндетті медициналық...

Ұлттық банк қолма-қол ақша алуға бақылау жүргізіледі деген қауесетті жоққа шығарды

Ұлттық банк қолма-қол ақша алуға бақылау жүргізіледі деген қауесетті жоққа шығарды

Дана Альсеитова
20 января, 2026

Қазақстанда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде банкоматтан қолма-қол ақша алған азаматтар бойынша арнайы есеп жүргізіледі деген ақпарат тарады....

Қонаевта өнеркәсіп өндірісінің көлемі 90 млрд теңгеден асты

Қонаевта өнеркәсіп өндірісінің көлемі 90 млрд теңгеден асты

Дана Альсеитова
19 января, 2026

Қонаев қаласының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты өсіммен сипатталуда. Негізгі көрсеткіштер бойынша шаһарда инвестициялық белсенділік артқан, өндіріс...

Қатысты жаңалықтар

Фото со связанной женщиной в Таразе: под опеку государства переданы две сестры

Таразда қол-аяғы байланған әйелге қатысты тексеру басталды

26 января, 2026
В Алматы полиция задержала водителя внедорожника после погони

Алматыда полициядан қашқан көлік жүргузіші ұстады

26 января, 2026
Қазақстанда шағын бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі

Қазақстанда шағын бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі

26 января, 2026
Қазақстан Президенті Бас прокуратурада кеңес өткізіп, заң үстемдігі мен цифрлық даму бағытындағы негізгі міндеттерді айқындады

Қазақстан Президенті Бас прокуратурада кеңес өткізіп, заң үстемдігі мен цифрлық даму бағытындағы негізгі міндеттерді айқындады

26 января, 2026
Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған жағдайда билік қалай беріледі

Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған жағдайда билік қалай беріледі

26 января, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz