Құқық қорғау органдарының мәліметінше, рейдтік іс-шаралар барысында клубта кәмелетке толмаған жасөспірімнің болғаны анықталған. Жиналған материалдар мен дәлелдер қатаң шара қолдануға негіз болды.
Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшанның айтуынша, түнгі ойын-сауық орындарына жасөспірімдерді кіргізу, әсіресе, оларды қоғамға жат әрекеттерге тарту – заңды өрескел бұзу болып саналады. Оның сөзінше, мұндай жағдайларда ескерту шаралары қолданылмайды: егер кәсіпкер заң талаптарын елемей, балалардың қауіпсіздігіне қатер төндірсе, нысанның қызметі тоқтатылады.









