Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Оқиғалар

Төрт адам қаза тауып, екеуі жансақтау бөліміне түсті: Ақтау — Бейнеу жолындағы апат

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция апаттың барлық мән-жайын, соның ішінде жануардың иесін анықтап жатыр

Жандос Жантаев
17 Қыркүйек, 2026
Оқиғалар
A A
Toyota сбила верблюда и выехала на встречку: четыре человека погибли в Мангистау
WhatsappTelegram

Маңғыстау облысындағы Ақтау — Бейнеу тасжолында болған ауыр жол апатынан төрт адам қаза тапты. Облыстық ауруханаға жеткізілген зардап шеккендердің екеуі ауыр жағдайда жатыр.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 16 қыркүйекте шамамен сағат 20:30-да болған. Жетібайдан Шетпе бағытына қарай келе жатқан Toyota Camry жол үстіндегі түйені қағып кеткен.

Соққыдан кейін автомобиль қарсы бағыттағы жолаққа шығып, екінші Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді.

Кейін Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы үш зардап шегушінің жағдайын хабарлады.

1986 жылы туған науқас бас миынан жарақат алған. 2004 жылы туған тағы бір адам көптеген дене жарақатын алған. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр.

1996 жылы туған үшінші пациент те көптеген жарақат алған. Ол травматология бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Төртінші зардап шегушінің жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.

Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын, соның ішінде жолға шыққан түйенің иесін анықтап жатыр.

Тегтер: Ақтау - БейнеуБасты жаңалықтарБасты оқиғаларжол апатыМаңғыстау облысы
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Пожарный погиб при тушении степного пожара в Западно-Казахстанской области

БҚО-да өрт сөндіру взводының командирі қызмет барысында қаза болды

Жандос Жантаев
17 Қыркүйек, 2026

Батыс Қазақстан облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіру бөлімінің взвод командирі Миршат Халиуллин қаза тапты. Қайғылы...

Пострадавшего в ДТП с Бакытжаном Базарбеком выписали после 31 дня в больнице

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатынан зардап шеккен азамат 31 күннен кейін ауруханадан шықты

Жандос Жантаев
17 Қыркүйек, 2026

Жол апаты 15 тамызда Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы Батыс Еуропа — Батыс Қытай тасжолында болған. Полицияның...

Зауытта жұмыс істеп, спортты қатар алып жүрген Қазақстан чемпионы қаза тапты

Зауытта жұмыс істеп, спортты қатар алып жүрген Қазақстан чемпионы қаза тапты

Жандос Жантаев
15 Қыркүйек, 2026

Спортшы тақтайша өндіретін зауытта еңбек еткен. Қайғылы жағдай жұмыс ауысымы кезінде болған. Марқұмның досының айтуынша, сол кеште...

Семейде 13 жастағы оқушы жанжалдан кейін 15-ке жуық пышақ жарақатын алды

Семейде 13 жастағы оқушы жанжалдан кейін 15-ке жуық пышақ жарақатын алды

Жандос Жантаев
15 Қыркүйек, 2026

Семейде полиция 13 жастағы екі сыныптастың арасындағы жанжалдың мән-жайын анықтап жатыр. Оқиғадан кейін оқушылардың бірі 15-ке жуық...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz