Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Оқиғалар

Төрт адам қаза тауып, екеуі жансақтау бөліміне түсті: Ақтау — Бейнеу жолындағы апат

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция апаттың барлық мән-жайын, соның ішінде жануардың иесін анықтап жатыр

Жандос Жантаев
17 Қыркүйек, 2026
Оқиғалар
A A
Toyota сбила верблюда и выехала на встречку: четыре человека погибли в Мангистау
WhatsappTelegram

Маңғыстау облысындағы Ақтау — Бейнеу тасжолында болған ауыр жол апатынан төрт адам қаза тапты. Облыстық ауруханаға жеткізілген зардап шеккендердің екеуі ауыр жағдайда жатыр.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 16 қыркүйекте шамамен сағат 20:30-да болған. Жетібайдан Шетпе бағытына қарай келе жатқан Toyota Camry жол үстіндегі түйені қағып кеткен.

Соққыдан кейін автомобиль қарсы бағыттағы жолаққа шығып, екінші Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді.

Кейін Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы үш зардап шегушінің жағдайын хабарлады.

1986 жылы туған науқас бас миынан жарақат алған. 2004 жылы туған тағы бір адам көптеген дене жарақатын алған. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр.

1996 жылы туған үшінші пациент те көптеген жарақат алған. Ол травматология бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Төртінші зардап шегушінің жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.

Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын, соның ішінде жолға шыққан түйенің иесін анықтап жатыр.

Тегтер: Ақтау - БейнеуБасты жаңалықтарБасты оқиғаларжол апатыМаңғыстау облысы
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қарағанды облысында әйелін пышақтады деген күдікпен ер адам ұсталды

Қарағанды облысында әйелін пышақтады деген күдікпен ер адам ұсталды

Жандос Жантаев
7 Қараша, 2026

Қарағанды облысының Абай қаласында пышақ жарақатын алған 28 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Оған шабуыл жасады деген күдікпен...

В Ташкенте госпитализировали 16 юных футболистов из Караганды

Ташкентте қарағандылық 16 жас футболшы ауруханаға түсті

Жандос Жантаев
2 Қараша, 2026

Ташкентте балалар футбол турниріне қатысушылар жаппай ауырып, 28 қазақстандық ауруханаға түсті. Олардың арасында 16 бала, бір жаттықтырушы...

Өрттен кейін: 3-шағынаудан №42 үйдің шатырын жөндеу аяқталды

Өрттен кейін: 3-шағынаудан №42 үйдің шатырын жөндеу аяқталды

Жандос Жантаев
23 Қазан, 2026

4 қазан күні 3-шағынаудан №42 үйдің шатыры өртенген еді. 23 қазан күні оны жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды....

Ақтөбе облысында тау жынысы опырылып, шахта жұмысшысы қаза тапты

Ақтөбе облысында тау жынысы опырылып, шахта жұмысшысы қаза тапты

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026

Ақтөбе облысындағы Дон тау-кен байыту комбинатының шахтасында тау жынысы опырылып, 2002 жылы туған кенші қаза тапты. Оқиға...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz