Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Оқиғалар

Теміржол маңында жалғыз жүрген 4 жасар баланы машинист құтқарып қалды

Төрт жасар бала далада жалғыз Айнабұлақ станциясына қарай кетіп бара жатқан. Оны жүк пойызының машинисі байқап қалған.

Жандос Жантаев
21 Қыркүйек, 2026
Оқиғалар
A A
Теміржол маңында жалғыз жүрген 4 жасар баланы машинист құтқарып қалды
WhatsappTelegram

Жетісу облысында жүк пойызының машинисі теміржол маңындағы далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап, құрамды тоқтатты, деп хабарлайды Sona.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-на сілтеме жасап.

Оқиға 20 қыркүйекте Сарыөзек — Үштөбе учаскесінде болған. ҚТЖ мәліметінше, шамамен сағат 12:30-да Тауарасы — Айнабұлақ аралығында машинист Айнабұлақ станциясына қарай жалғыз кетіп бара жатқан баланы көрген.

Бұл кезде жүк пойызы сағатына 38 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Машинист қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатқаннан кейін баланы локомотив кабинасына отырғызған. Оқиға туралы пойыз диспетчеріне хабарланған.

Айнабұлақ станциясына жеткен соң бала станция кезекшісіне тапсырылды. Кезекші оның ата-анасымен байланысқан.

Төрт жасар баланың теміржол маңындағы далада қалай жалғыз қалғаны туралы ақпарат берілген жоқ.

Дереккөз: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ.

Тегтер: 4 жасар балаБасты жаңалықтарБасты оқиғаларЖетісу облысытеміржол
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қарағанды облысында әйелін пышақтады деген күдікпен ер адам ұсталды

Қарағанды облысында әйелін пышақтады деген күдікпен ер адам ұсталды

Жандос Жантаев
7 Қараша, 2026

Қарағанды облысының Абай қаласында пышақ жарақатын алған 28 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Оған шабуыл жасады деген күдікпен...

В Ташкенте госпитализировали 16 юных футболистов из Караганды

Ташкентте қарағандылық 16 жас футболшы ауруханаға түсті

Жандос Жантаев
2 Қараша, 2026

Ташкентте балалар футбол турниріне қатысушылар жаппай ауырып, 28 қазақстандық ауруханаға түсті. Олардың арасында 16 бала, бір жаттықтырушы...

Өрттен кейін: 3-шағынаудан №42 үйдің шатырын жөндеу аяқталды

Өрттен кейін: 3-шағынаудан №42 үйдің шатырын жөндеу аяқталды

Жандос Жантаев
23 Қазан, 2026

4 қазан күні 3-шағынаудан №42 үйдің шатыры өртенген еді. 23 қазан күні оны жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды....

Ақтөбе облысында тау жынысы опырылып, шахта жұмысшысы қаза тапты

Ақтөбе облысында тау жынысы опырылып, шахта жұмысшысы қаза тапты

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026

Ақтөбе облысындағы Дон тау-кен байыту комбинатының шахтасында тау жынысы опырылып, 2002 жылы туған кенші қаза тапты. Оқиға...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz