Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтеді

Тоқаев бұл шешімді партиялық жүйедегі өзгерістермен және қазіргі депутаттық корпустың легитимдігі мәселесімен де байланыстырды

Жандос Жантаев
24 Қыркүйек, 2026
Қазақстан жаңалықтары
A A
Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтеді
WhatsappTelegram

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 24 қыркүйекте Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы жақын арада Премьер-министр және Құрылтай төрағасымен мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізетінін айтты.

Одан кейін Президент тиісті жарлыққа қол қоюды жоспарлап отыр. Сайлау күнін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.

Оған дейін қазіргі мәслихат депутаттары өз өкілеттігін атқара береді.

Тоқаев мәслихаттарды жаңартуға партиялық жүйедегі өзгерістер де әсер еткенін айтты.

Президенттің сөзінше, қазіргі мәслихат депутаттарының басым бөлігі Amanat партиясынан сайланған. Қазір бұл партия «Әділет» партиясына қосылып, дербес қызметін тоқтатты.

Мемлекет басшысы тиісті заңдық рәсімдер аяқталғаннан кейін мәслихат депутаттарының басым бөлігінің легитимдігіне қатысты мәселе туындайтынын атап өтті.

Сонымен бірге Президент мәслихаттар азаматтардың мүддесін толыққанды қорғауға, жергілікті бюджетті бекітуге және өңірлердің дамуын бақылауға тиіс екенін айтты.

Тоқаев алдағы сайлауды мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың қорытынды кезеңі деп атады.

Оның айтуынша, бұл қадам мәслихаттардың білікті әрі кәсіби жаңа құрамын қалыптастыруға және жергілікті өкілді органдардың жұмысына жаңа серпін беруге мүмкіндік береді.

Конституцияға сәйкес Президент Премьер-министр және Құрылтай төрағасымен консультациядан кейін мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтата алады.

Алдағы сайлаудың нақты күні әзірге жарияланған жоқ.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаевмаслихатсайлву
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
В Астане задержали мужчину по подозрению в убийстве женщины

Алматыда түнде ҚазҰУ Студенттер сарайының шатыры жартылай опырылды

Жандос Жантаев
24 Қыркүйек, 2026

Алматыда түнде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттер сарайының шатыры жартылай опырылды. Әлеуметтік желі қолданушылары ғимарат маңынан қатты дыбыс...

365 мыңнан астам қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын баспана мен білімге жұмсады

365 мыңнан астам қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын баспана мен білімге жұмсады

Жандос Жантаев
22 Қыркүйек, 2026

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы іске қосылғаннан бері қазақстандықтарға шамамен 76,11 млн доллар төленді. Бұл қаражатты 365...

АҚШ сарапшылары Қазақстан авиациясын тікелей рейстер ашылар алдында тексереді

АҚШ сарапшылары Қазақстан авиациясын тікелей рейстер ашылар алдында тексереді

Жандос Жантаев
21 Қыркүйек, 2026

21-25 қыркүйек аралығында Қазақстанда АҚШ Федералдық авиация басқармасының - FAA сарапшылары тексеру жүргізеді. Бұл Қазақстан мен АҚШ...

Главы Конституционного суда, ЦИК и Высшей аудиторской палаты сохранили свои посты

Тоқаев Азимова, Әбдіров және Смайыловты қызметтеріне қайта тағайындады

Жандос Жантаев
18 Қыркүйек, 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш мемлекеттік органның басшысын қызметтеріне қайта тағайындады. Эльвира Азимова Конституциялық соттың төрағасы, Нұрлан Әбдіров...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz