2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Тиісті өкімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Жалпыұлттық аза тұту Маңғыстау облысында қызметтік міндетін орындау кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты жарияланды.
Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауындағы әскери оқу-жаттығу кезінде болды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюінен 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Әскери қызметшілердің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептерін анықтау үшін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын Үкімет комиссиясы да құрылды.
Бұған дейін Президент қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтауды және әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуді тапсырған.




