Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін ірі зауыт іске қосылды

Алматы облысының Боралдай ауылында «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының алкогольсіз сусын шығаратын жаңа кәсіпорыны ашылды

Жандос Жантаев
1 Қазан, 2026
Қазақстан жаңалықтары
A A
Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін ірі зауыт іске қосылды
WhatsappTelegram

Жобаға 344 млн доллар инвестиция салынды. Зауытта жылына 1 млрд литрге дейін сусын өндіріледі. Мұнда 230-ға жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейтін болады. Дайын өнім Қазақстан нарығынан бөлек ТМД елдеріне экспортталады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов, Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен, ҚР Сыртқы істер вице-министрі мен компания өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Өңір басшысы өз сөзінде жаңа кешеннің ашылуы аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыратын елеулі қадам екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкіметтің міндеті – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын
жақсарту», – деп алдымызға нақты міндеттер қойған болатын. Экономиканың өркендеуі ең алдымен елдің әр өңіріндегі жүзеге асып жатқан нақты жобалардан көрінеді. Сондықтан өндірісті дамыту мен инвестиция тарту біздің өңіріміз үшін де маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Осы жолдағы ірі жобалардың бірі – «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының
жаңа өндіріс орнын іске қосуы. Бұл өңір экономикасын әртараптандыруға, инвестициялық белсенділікті арттыруға және бәсекеге қабілетті өнім көлемін көбейтуге мүмкіндік береді», – деді Шыңғыс Сайранұлы.

Игі шараға арнайы келген Ларс Лёкке Расмуссен кәсіпорынның іске қосылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруда үлкен маңызға ие екенін жеткізді.

«Қазақстан мен Дания географиялық тұрғыдан бір-бірінен алыс орналасқан мемлекеттер болғанымен, бұл бірлесіп жұмыс істеуге кедергі емес. Бүгін ашылған жаңа кәсіпорын – соның айқын дәлелі әрі болашаққа салынған ортақ инвестиция. Сондай-ақ зауыт сауда-саттықты арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың әл-ауқатын жақсартып, жаңа технологияларды өндірісте пайдалануға мүмкіндік береді», – деді мәртебелі мейман.

Шара барысында қонақтар жаңа өндіріс желісін іске қосу түймесін бірлесе басып, кешеннің жұмысын бастап берді. Одан кейін зауытты аралап, оның өндірістік қуатымен танысты.

Жобаның бірінші кезеңінде түрлі дәмдегі сусындар әзірлеп, оның қаптамасын дайындау үшін бес өндірістік желі жұмыс істейді. Кейін өнімді қоймаларда сақтау, тасымалдау сияқты логистикалық мүмкіндіктерді де дамыту көзделіп отыр. Кәсіпорында қажетті шикізат жергілікті өндірушілерден алынады. Бұл импортқа тәуелділікті азайтып, жергілікті тауарға сұранысты арттырады. Зауытта су, жарық, жылу көздерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін озық технологиялар қолданылған.

Айта кетейік, кәсіпорынның ашылуынан бөлек бүгін Қонаев қаласында екі ел арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында  «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтіп жатыр. Алқалы жиында инвестициялық жобаларды іске асыру жолдары талқылануда

Тегтер: «Carlsberg Kazakhstan»Басты жаңалықтарБасты оқиғаларЗауыт
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Бектенов өңірлерде жылу беруді жеделдетуді тапсырды

Бектенов өңірлерде жылу беруді жеделдетуді тапсырды

Жандос Жантаев
29 Қыркүйек, 2026

Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге жылыту маусымына дайындықты жеделдетіп, ең алдымен әлеуметтік нысандарға жылу беруді тапсырды. Үкімет отырысында...

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтеді

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтеді

Жандос Жантаев
24 Қыркүйек, 2026

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 24...

В Астане задержали мужчину по подозрению в убийстве женщины

Алматыда түнде ҚазҰУ Студенттер сарайының шатыры жартылай опырылды

Жандос Жантаев
24 Қыркүйек, 2026

Алматыда түнде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттер сарайының шатыры жартылай опырылды. Әлеуметтік желі қолданушылары ғимарат маңынан қатты дыбыс...

365 мыңнан астам қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын баспана мен білімге жұмсады

365 мыңнан астам қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын баспана мен білімге жұмсады

Жандос Жантаев
22 Қыркүйек, 2026

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы іске қосылғаннан бері қазақстандықтарға шамамен 76,11 млн доллар төленді. Бұл қаражатты 365...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz