Айтқұрман Омарбеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қарулы күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды.
Тиісті өкімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Айтқұрман Омарбеков бұл қызметте бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен қызметінен босатылған Қаныш Әбубәкіровтің орнына келді.
Бұған дейін Қарулы күштердің жоғары басшылығында бірқатар кадрлық өзгеріс болған. Президент Қорғаныс министрінің орынбасары Алмаз Жұмакеевті және Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Қанат Ниязбековті де қызметтерінен босатты.
Бұл кадрлық шешімдердің себептері ресми түрде хабарланған жоқ.




