Президент тіл мәселесін желеу етіп, әдейі жанжал қоздыратындарды жауапқа тартуға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі жұртты біріктіруге тиіс екенін айтты. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайында сөз сөйлеген Президент мемлекеттік тілді дамыту елдегі басқа тілдерді қолдануға кедергі болмауы керегін атап өтті, деп хабарлайды SONA.KZ Syrmedia.kz басылымына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы барлық тіл құрметке лайық екенін айтып, бір тілді екінші тілге қарсы қоюды үлкен күнә деп атады.
Тоқаевтың айтуынша, тіл мәселесін желеу етіп, жұртты әдейі араздастыру қауіпті салдарға әкелуі мүмкін. Президент мұндай жанжалды қасақана қоздыратындарды жауапқа тартуға шақырды.




