Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Бишімбаевтың анасы Назым Қахарманнан сот арқылы 6,6 млн теңге өндіріп алды

Дау сенімгерлік басқаруға берілген коммерциялық нысанға қатысты туындаған

Жандос Жантаев
5 Қазан, 2026
Зерттеу
A A
Бишімбаевтың анасы Назым Қахарманнан сот арқылы 6,6 млн теңге өндіріп алды
WhatsappTelegram

Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова оның бұрынғы жұбайы Назым Қахарманнан сот арқылы 6,6 миллион теңге өндіріп алды. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Азаматтық дау Альмира Нұрлыбекованың 2023 жылы бұрынғы келініне сенімгерлік басқаруға берген коммерциялық нысанына қатысты туындаған.

Талап қоюшы тараптың мәліметінше, Назым Қахарман нысанды жалға берген, алайда одан түскен табысты меншік иесіне аудармаған және сенімгерлік басқару бойынша қаржылық есеп ұсынбаған.

Бастапқыда Нұрлыбекова тарапы 14 миллион теңгеден астам қаражат өндіруді талап еткен. Істі қарау барысында сот банк шоттарының көшірмелері мен тараптар ұсынған басқа да құжаттарды зерттеп, талапты ішінара қанағаттандырды.

Сот «NazKa» жеке кәсіпкерлігінен 6,6 миллион теңге берешек өндіру туралы шешім шығарды. Бұған қоса 66,6 мың теңге мемлекеттік баж және өкіл қызметіне жұмсалған 666,5 мың теңге шығын өндірілмек.

Талаптың қалған бөлігі қанағаттандырылған жоқ.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ және оған шағым берілуі мүмкін.

Қуандық Бишімбаев 2024 жылғы мамырда Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша 24 жылға бас бостандығынан айырылған. Оның туысы Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін төрт жылға сотталған.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларБишімбаевтың анасыНазым Қаһармансот
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Алматы облысында 25 адам тыйым салынған ұйымға қатысы бар деген күдікке ілінді

Алматы облысында 25 адам тыйым салынған ұйымға қатысы бар деген күдікке ілінді

Жандос Жантаев
5 Қазан, 2026

Алматы облысының Шелек ауылында полиция Қазақстан аумағында тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымының қызметіне қатысы болуы мүмкін...

Қызылорда облысында аудандық сот төрағасы мен судья пара үшін 9 жылға сотталды

Қызылорда облысында аудандық сот төрағасы мен судья пара үшін 9 жылға сотталды

Жандос Жантаев
5 Қазан, 2026

Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықов пен осы соттың судьясы Серік Бертай пара алу ісі...

Beeline, Kcell және Tele2 колонияларда сигнал тым күшті болғаны үшін айыппұл арқалады

Beeline, Kcell және Tele2 колонияларда сигнал тым күшті болғаны үшін айыппұл арқалады

Жандос Жантаев
5 Қазан, 2026

Қостанай облысындағы түзеу мекемелерінің аумағында мобильді сигналдың рұқсат етілген деңгейден жоғары болғаны үшін үш байланыс операторы әкімшілік...

«Семей орманы» аумағындағы құнды орман телімдеріне кіру ақшаға сатылған

«Семей орманы» аумағындағы құнды орман телімдеріне кіру ақшаға сатылған

Жандос Жантаев
2 Қазан, 2026

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында заңсыз ағаш кесу мен оны сатуға байланысты ықтимал жемқорлық схемасы тергеліп...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz