Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Мәдениет

Үздік мұғалімге – жаңа автокөлік: Алматы облысында ұлағатты ұстаздар ұлықталды

Алматы облысында Ұстаздар күні аталып өтіп, үздік педагогтер марапатталды

Жандос Жантаев
5 Қазан, 2026
Мәдениет
A A
Үздік мұғалімге – жаңа автокөлік: Алматы облысында ұлағатты ұстаздар ұлықталды
WhatsappTelegram

Оларға мемлекеттік және ведомстволық наградалар, облыс әкімінің «Құрмет» грамотасы мен «Алғыс хаты» табысталды. Сондай-ақ білім беру саласындағы облыстық байқаулардың жеңімпаздары анықталды.

Мерекелік шараға Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов қатысып, ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Бүгінде өңірде 35 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Облыс әкімі білім саласына қолдау көрсету, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту және педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Адамзат баласының парасат шыңына өрлеуі де, мемлекеттің өркениетті дамуы да ұстаз берген тәлім-тәрбие мен білімнен басталады. Қай салада қызмет етіп, қандай биікті бағындырсақ та, оның негізінде ұстаздың еңбегі жатыр. Ұстаз үшін ең үлкен марапат – шәкіртінің жетістігі. Бүгінде облыс педагогтері өз шеберлігін жетілдіріп, оқушыларының түрлі білім додаларында биіктен көрінуіне жол ашып келеді. Өздері де кәсіби байқауларда топ жарып жүр. Осындай жауапты жолда жүрген барша ұстазға алғысымды білдіремін», – деді Шыңғыс Әрінов.

Мерекелік шарада ұстаздарға «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері», «Ыбырай Алтынсарин», «Білім беру саласының үздігі» төсбелгілері және облыс әкімінің «Құрмет» грамотасы мен «Алғыс хаты» табысталды. Сонымен қатар «Үздік балабақша», «Үздік ауыл мектебі», «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы», «Үздік сынып жетекші» және «Жылдың үздік мұғалімі» байқауларының жеңімпаздары марапатталды.

«Жылдың үздік мұғалімі» атанып, сужаңа автокөлікке ие болған Жамбыл ауданы, Ә. Бейсеуов атындағы орта мектептің мұғалімі Бақытәлі Дәулешияр байқаудың төрт кезеңнен тұрғанын айтты.

«Әр кезеңде жоғары балл жинап, өзін жан-жақты көрсете білген педагог жеңіске жетеді. Биыл бұл марапаттың маған бұйырғанына қуаныштымын. Бұл байқау тек бақ сынайтын жарыс емес. Мұнда педагогтер тәжірибе алмасып, жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді. Сондықтан мұндай сайыстардың ұстаздарға берері мол. Ал жақсы мұғалімнің тәлімін көріп өскен алғыр бала елдің жарқын болашағын қалыптастырады», – деді жеңімпаз.

Мұғалімдерге берілетін ең жоғары марапаттардың бірі – «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісіне ие болған Қарасай ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің директоры Жанар Кулиева да марапат туралы пікірін білдірді.

«Ұстаздар күнінде осындай мәртебелі марапатқа ие болып отырмын. Бұл – педагогика саласындағы 34 жылдық еңбегімнің жемісі. Дегенмен әр мұғалім үшін шәкіртінің жетістігін көргеннен асқан бақыт жоқ. Ең бастысы, педагог оқушыны жақсы көріп, оған шынайы ықыласпен жанашыр бола білуі керек. Мейірім арқылы ғана шәкірт жүрегінен орын аласың», – деді ұстаз

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарБасты оқиғаларжаңа автокөлікҮздік мұғалім
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Тоқаев қазақ тілі елдің «жұмсақ күшіне» айналып келе жатқанын айтты

Тоқаев қазақ тілі елдің «жұмсақ күшіне» айналып келе жатқанын айтты

Жандос Жантаев
10 Қараша, 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Димаш Құдайберген мен шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны Қазақстанның рухани елшілері деп...

Қазақ тілінің емле ережелері 2027 жылдың соңына дейін жүйеленеді

Қазақ тілінің емле ережелері 2027 жылдың соңына дейін жүйеленеді

Жандос Жантаев
10 Қараша, 2026

Емле ережелерін жүйелеу жұмысы 2027 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс. Қазақ тілін үйренгісі келетіндерге арналған цифрлық сервистер...

В Минкультуры ответили на вопросы о награждении Анары Батырхан

Мәдениет министрлігі Анара Батырханның марапатына қатысты сауалдарға жауап берді

Жандос Жантаев
9 Қараша, 2026

Министрлік әншінің 2014 жылдан бері мәдениет саласында еңбек етіп келе жатқанын айтты. Марапаттау парағы жарияланған жоқ. Әнші...

«Іле-Балқаш» резерватында Амур есімді жолбарыс еркіндікке шықты

«Іле-Балқаш» резерватында Амур есімді жолбарыс еркіндікке шықты

Жандос Жантаев
2 Қараша, 2026

«Іле-Балқаш» резерватында Амур есімді жолбарыс табиғи ортаға жіберілді. Ол Қазақстанда жолбарыстар популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы аясында еркіндікке...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz