Өскемен қаласындағы конденсатор зауытының аумағында ірі өрт болды. Кәсіпорынға тиесілі екі қабатты қойманың шатыры отқа оранған.
Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, өрт 720 шаршы метр аумақты қамтыған.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылар жалынның одан әрі таралуына жол бермей, өртті оқшаулады.
ТЖМ мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.




