Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевтың шеткі аудандарында қандай жұмыстар атқарылуда?

Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Жансұлтан Оңалбаев Самал, Ардагер шағынаудандарының тұрғындарын қабылдады

Жандос Жантаев
22 Қазан, 2026
Жаңалықтар
A A
Қонаевтың шеткі аудандарында қандай жұмыстар атқарылуда?
WhatsappTelegram

Халық бұл аудандарда неліктен жеке тұрғын үй салуға рұқсат берілмей жатқанын сұрады. Сондай-ақ олар жер учаскесіне салық төлеу, инженерлік желілердің құрылысы мәселесін көтерді.

Аталған проблемалық сұрақтар бойынша әкімнің орынбасары жағдайды толығымен түсіндірді. Оның айтуынша, 2006 жылы тұрғындарға жер учаскелері бөлініп берілген. Алайда, осы шағынаудандарға артиллериялық қойма жақын орналасқандықтан, оны игеруге, яғни жеке тұрғын үй салуға мүмкіндік болмай тұр.

Бұл екі шағынаудан артиллериялық қойманың қауіпті, зақымдану аймағында орналасқан. Қойманың қауіп аймағы жер учаскелері халыққа берілгеннен кейін Алматы облысы әкімдігінің қаулысымен 2023 жылы белгіленген. Бірақ, бұл уақытқа дейін де халыққа сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілмеген. Себебі, бұл жер учаскелеріне инженерлік желілер тартылмаған.

«Сіздер бізді дұрыс түсініңіздер, бұл аумақта үй салуға сәулет-жоспарлау тапсырмасын беріп, сіздердің өмірлеріңізге қауіп төндіре алмаймыз. Өкінішке қарай, қару-жарақ қоймалары жарылған оқиғалар болған. Біз төтенше жағдай туындауына жол бере алмаймыз», — деді Жансұлтан Оңалбаев.

Сонымен қатар ол қазіргі таңда Алматы облысының құрылыс басқармасы артиллериялық қойманы Іле ауданына көшіру бойынша жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп жатқанын атап өтті. Оған 500 гектар жер белгіленген. Жоба мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алып, бюджеттен қаржы бөлінген кезде артиллериялық қойма салынып, көшірілуі мүмкін.

Жансұлтан Оңалбаевтың сөзінше, мұнда инженерлік желілерді тарту жұмыстары биыл сәуір айында тоқтатылды. Оған желілерді тарту жобасының артиллериялық қойма шекарасын бұзуы себеп болған. Қазіргі таңда жобаға өзгерістер енгізілуде. Қажетті құжаттар дайын болғанда құрылысты жалғастыруға бюджеттік өтінім беріледі. Дегенмен, бұл шағынаудандарда ауыз су желілерін тарту бойынша құрылыстың 85%-ы, ал электр желілерін тарту бойынша 70%-ы аяқталған.

Жер салығына қатысты Қонаев қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мынадай түсініктеме берді. Заңға сәйкес, жер учаскесі жеке меншігінде тіркелген азаматтар жер салығын төлеуге міндетті. Қонаев қаласында тұрғын үй салынбаған жер учаскелері үшін салық мөлшері әр шаршы метрге 9,17 теңгені құрайды.

Қолданыстағы заңнамаға сай, инженерлік желілердің болмауы немесе жерді мақсатына сай пайдалану мүмкіндігінің шектелуі салық төлеуден босатуға негіз болмайды. Сондықтан жеке меншікке тіркелген жер учаскелері үшін салық заңда белгіленген тәртіппен есептеле береді.

Бұл мәселені қосымша талқылау үшін Мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдерінің қатысуымен тұрғындармен жеке кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларіс-шараларҚонаев
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Өрттен кейін: 3-шағынаудан №42 үйдің шатырын жөндеу аяқталды

Өрттен кейін: 3-шағынаудан №42 үйдің шатырын жөндеу аяқталды

Жандос Жантаев
23 Қазан, 2026

4 қазан күні 3-шағынаудан №42 үйдің шатыры өртенген еді. 23 қазан күні оны жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды....

Республика күні: Қонаевта Абай көшесін күрделі жөндеу басталды

Республика күні: Қонаевта Абай көшесін күрделі жөндеу басталды

Жандос Жантаев
22 Қазан, 2026

Қонаев қаласында Республика күні қарсаңында Абай көшесін күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Құрылыс қаланың Кешенді даму жоспары аясында...

Асқар Омаров Қазақстан халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

Асқар Омаров Қазақстан халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026

Асқар Омаров Қазақстан халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sona.kz BES.media⁠ басылымына сілтеме жасап. Бұған...

Ақтөбе облысында тау жынысы опырылып, шахта жұмысшысы қаза тапты

Ақтөбе облысында тау жынысы опырылып, шахта жұмысшысы қаза тапты

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026

Ақтөбе облысындағы Дон тау-кен байыту комбинатының шахтасында тау жынысы опырылып, 2002 жылы туған кенші қаза тапты. Оқиға...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz