Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл көрерменнің қауіпсіздігі мен жол кептелісін болдырмау мақсатында қабылданған шара. Арнайы транспорт Салтанат Сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті және Бас мешіттің жанынан сағат 17:00-ден бастап қатынайды. Ол үшін концерт билетін көрсету қажет. Ал кеш өтетін жерге жеке көлікпен кіруге тыйым салынған. Айта кетейік, бүгін Астана аренада әншінің концерті өтеді.
Ақтөбе облысында тау жынысы опырылып, шахта жұмысшысы қаза тапты
Ақтөбе облысындағы Дон тау-кен байыту комбинатының шахтасында тау жынысы опырылып, 2002 жылы туған кенші қаза тапты. Оқиға...




