«Кез келген референдумға маңызды мәселе шығарылады. Бүгінгі референдумдағы АЭС салу мәселесі де өте маңызды. Қабылданған шешімге байланысты еліміздің экономикалық даму бағыты айқындалады. Референдумға шығарылып отырған мәселеден бөлек, референдумды өткізудің өзі де маңызды. Біз ТМД және Орталық Азия елдері бойынша референдум өткізіп жатқан бірден-бір елміз. Мұның өзі көп нәрсені аңғартады, яғни мемлекет пен қоғам арасында жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпалы бар», – деді Ерлан Қарин дауыс берген соң БАҚ өкілдеріне берген жауабында.
Тоқаев демалыс аймақтарында тәртіп орнатуды және кінәлілерді жазалауды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі туристік аймақтардағы жағдайды шұғыл реттеуді талап етті. Бұл шешімге тұрғындардың көпшілік шағымы себеп...