Қайғылы оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде пайда болды. Видео сипаттамасындағы ақпаратқа сенсек, Тәтібеков көшесінде жарықтың нашар болуына байланысты мопед жүргізушісі жолдың біткенін аңғармай, қақпаға соғылған.
«Мопедтегі адамдардың бірі қаза тапты, тағы бірі жансақтау бөліміне түсті. Көше тұрғындары OpenAlmaty арқылы бұл мәселе бойынша тиісті органдарға бірнеше рет жүгінген, сондай-ақ Медеу ауданының әкімімен болған кездесуде де осы проблеманы көтерген», — делінген жазбада.
Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша Медеу ауданының полиция бөлімі тергеу амалдарын қолға алды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталуда.

Добавить комментарий