Автор: Дана Альсеитова

  • Ақсуатта мектепке пышақпен кірген 19 жастағы жігіт ұсталды

    Ақсуатта мектепке пышақпен кірген 19 жастағы жігіт ұсталды

    Оқиға 10 сәуір таңғы сағат 7-ге таман болған.

    Куәгердің айтуынша, күдікті мектеп ішінде қолына пышақ ұстап шамамен 20 минут жүрген. Бұл уақытта мектепте сабақ басталмаған, оқушылар мен мұғалімдер әлі келмеген. Ең сорақысы — сол сәтте мектепте күзетші де болмаған.

    Егер сол кезде балалар келіп қалса не болар еді деген алаңдаушылық бар.

    Полиция күдіктіні ұстады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

  • Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

    Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

    Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты.
    Атмосфералық фронттардың өтуінен елдің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз болады. Жаңбыр , найзағай, бұршақ болуы мүмкін, түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын(жаңбыр, қар) болады.
    Жауын-шашын (жаңбыр, қар) 12 сәуірде Қостанай, 13-14 сәуірде Ақмолада, 14 сәуірде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Абай, Жетісу облыстарында, 14 сәуірде Ұлытау облысында болады деп болжануда. Республика бойынша тұман күтіледі.
    12 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан, Атырау, 12-14 сәуір Ақтөбе, 13-14 сәуір Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-3 градус аяз болады деп болжануда.

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

    Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

    Бұл шешімге инфляция қарқыны, сыртқы жағдайлардағы тұрақсыздық және экономикалық белгісіздік себеп болған. Келесі жоспарлы шешім 5 маусымда жарияланады.

    Базалық мөлшерлеме – банк секторы мен несие нарығына бағыт беретін негізгі құрал. Ол экономиканың ақшалай айналымына, инфляция деңгейіне тікелей әсер етеді.

  • Атбасардағы азаптау ісі: ақталған 12 қызметкерге қатысты үкім жойылды

    Атбасардағы азаптау ісі: ақталған 12 қызметкерге қатысты үкім жойылды

    Сот үкімді қайта қарауға себеп – процесс барысында заңбұзушылықтар болған. Алқабилерге қойылмауы тиіс сұрақтар ұсынылған, кейбір жәбірленушілерге сөз берілмеген.

    Бұл іс енді сол сотта, бірақ жаңа құраммен қайта қаралады.

    Бұған дейін алқабилер соты оларды кінәсіз деп таныған. Алайда прокурорлар бұл шешіммен келіспей, шағым түсірген.

    Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінде тұтқындарды ұрып-соққан сәттер түсірілген видео әлеуметтік желіге тараған.

  • Екібастұзда күзет ұйымының директорын тонағандар жауапқа тартылуда

    Екібастұзда күзет ұйымының директорын тонағандар жауапқа тартылуда

    Павлодар облысында ірі күзет компаниясының директорын тонаған күдіктілер ұсталды. Polisia.kz мәліметінше, олар Екібастұзда пәтерге заңсыз кіріп, 11 миллион теңгеден астам мүлікті алып кеткен. Оқиға сәті бейнебақылауға түсіп қалған.

    Тінту кезінде айғақ заттар табылып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

  • Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады

    Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады

    Елде төрт жаңа су қоймасы салынып, тағы төртеуі қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар 115 канал жөнделіп, Астана су қоймасын толтыру жобасы қолға алынады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді.

    Жұмыстар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстары мен Астанада жүргізіледі. Қазір қажетті құжаттар дайындалып, мемлекеттік органдармен келісу жүріп жатыр.

    Сондай-ақ Ислам даму банкі гранты аясында елдегі су көздерін зерттеу, ерте ескерту жүйесін енгізу және “Қазсушар” мекемесін техникалық жабдықтау жоспарланған.

  • Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде

    Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде

    Жақсы ауданына қарасты Қима ауылы маңында бөгетті нығайту шаралары жүріп жатыр. Құтқарушылар инертті материалдармен қаптарды толтырып, жаға бойына төсеп жатыр.

    Бүгінге дейін 5 мыңнан астам қапшық төселді. Төтенше жағдайлар қызметі су деңгейін бақылауда ұстап, тасқынның алдын алу шараларын үздіксіз жалғастыруда.

  • АҚШ-та Siemens өкілдігінің басшысы отбасымен бірге қаза тапты

    АҚШ-та Siemens өкілдігінің басшысы отбасымен бірге қаза тапты

    Нью-Йорк қаласында жеке тікұшақ апатқа ұшырап, Siemens компаниясының Испаниядағы филиалының бас директоры Агустин Эскобар, оның жұбайы мен үш баласы, сондай-ақ ұшқыш қаза тапты.

    Тікұшақ Гудзон өзеніне құлаған. Оқиға ұшқаннан көп ұзамай болған.

  • Qnet қаржы пирамидасына қатысы бар ұйымдастырушылар сотталды

    Qnet қаржы пирамидасына қатысы бар ұйымдастырушылар сотталды

    Қызылорда облысы бойынша Қаржылық мониторинг департаменті жүргізген тергеу нәтижесінде Qnet құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырғандар сот үкімімен кінәлі деп танылды.

    Олар азаматтарды «QVI tripsaver» атты жалған саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеп, көпдеңгейлі маркетинг желісіне инвестиция салуға шақырған. Міндетті шарт — жаңа қатысушыларды тарту болған.

    ▪️Нәтижесінде 51 адам қаржы пирамидасына тартылып, 63 миллион теңгеден астам қаражат салған.

    ▪️Сот үкімімен ұйымдастырушылар 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

    ▪️301 млн теңге тұратын мүлік тәркіленді: Нұр-Сұлтандағы 7 пәтер мен Toyota Camry көлігі.

  • Кәсіпқой футболда ойнаған азамат 1,5 келі есірткімен ұсталды

    Кәсіпқой футболда ойнаған азамат 1,5 келі есірткімен ұсталды

    Ол бұған дейін жергілікті футбол командасында кәсіби деңгейде ойнаған. ІІМ мәліметінше, одан 1,5 келі синтетикалық a-PVP есірткісі тәркіленді.

    Күдікті Telegram арқылы таратқан. Қазақстанға 2020 жылы жұмыс іздеп келген. Қазір уақытша ұстау изоляторында.

    Айта кетейік, бұған дейін Семейде тағы бір кәсіби футболшы Азат Ерсалимов 60 млн теңге шығын келтірген 32 алаяқтық дерегі бойынша сотталған еді.