Автор: Дана Альсеитова

  • Нығматулиннің ұлы рейдерлік іс бойынша тергеліп жатыр

    Нығматулиннің ұлы рейдерлік іс бойынша тергеліп жатыр

    Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

    Бұған дейін полиция “өз бетімен билік ету” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаған. Енді іс Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментіне беріліп, “рейдерлік” бабымен тергеліп жатқаны белгілі болды.

    Бұл бап бойынша ең ауыр жаза – 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Нұрлановтың нақты процессуалдық мәртебесі әзірге белгісіз.

  • Санай берсең саусақпен: елде небәрі 111 соғыс ардагері қалды

    Санай берсең саусақпен: елде небәрі 111 соғыс ардагері қалды

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ел аумағында небәрі 111 Ұлы Отан соғысының ардагері ғана өмір сүруде. Бұл – тарихтың көзі тірі куәгерлері, соңғы батырлар.

    Жалпы ардагерлер саны – 83 048 адам. Оның ішінде:
    – ҰОС ардагерлері – 111,
    – соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер – 16 796,
    – өзге елдердегі соғыстарға қатысқандар – 26 553,
    – тыл еңбеккерлері – 39 588.

    Мемлекет тарапынан бұл санаттағы азаматтарға 17 миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек қарастырылған. Ардагерлерге ай сайын айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты арнайы жәрдемақы төленеді.
    Мысалы:
    – ҰОС ардагері – 62 912 теңге,
    – тыл еңбеккері – 8 376 теңге алады.

    Жыл өткен сайын батырлардың қатары сиреп барады. Оларды қадірлеу – парыз, ал ұмытпау – борыш.

  • Ескі көлікке — жаңа мүмкіндік

    Ескі көлікке — жаңа мүмкіндік

    Осы мәселені шешу үшін Қазақстан автомобиль одағы ескі көліктерді халықтан сатып алып, орнына жаңа көлікке жеңілдік ұсынуды және утилизация бағдарламасын енгізуді ұсынды.

    Елдегі автопарктің жартысынан көбі – 10 жылдан асқан көліктер. 2 миллионы 20 жылдан аса уақыт жүріп жүргендер. Жаңа бастама осы мәселені шешуге бағытталған.

  • Қазақстанда легионерлерге ақша бөлінбейді

    Қазақстанда легионерлерге ақша бөлінбейді

    Президент Тоқаев мемлекеттік және квазимемлекеттік бюджет есебінен шетелдік спортшыларды (легионерлерді) қаржыландыруға тыйым салатын заңға қол қойды.

    Енді қаражат төрт бағытқа жұмсалады: жоғары жетістіктер спорты, бұқаралық спорт, спорт инфрақұрылымы және мемлекеттік спорт ұйымдарының жұмысы.

    Сонымен қатар спорт федерацияларын аккредиттеу тәртібі өзгеріп, бірыңғай ұлттық стандарттар енгізіледі. Заң отандық спортты қолдауға және патриоттық тәрбиені күшейтуге бағытталған.

  • Павлодар облысында ер адам қорасында 20 келі марихуана сақтаған

    Павлодар облысында ер адам қорасында 20 келі марихуана сақтаған

    Ертіс ауданында 24 жастағы тұрғын үйінің ауласындағы жертөледе марихуананы заңсыз сақтағаны үшін ұсталды.

    Полиция 20 келіден астам есірткі затына толы бес қап пен бір чемоданды тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда.

  • Киберполиция жылдам қимылдады: 30 млн теңгенің тауарын қайтарып берді

    Киберполиция жылдам қимылдады: 30 млн теңгенің тауарын қайтарып берді

    Шымкенттік кәсіпкер онлайн алаяқтардың құрбаны болды. Тауар тасымалдауға келіскен жалған логистер 30 миллион теңгенің өнімін алып, жоғалып кеткен.

    Алайда киберполиция бір тәулікте схеманы әшкерелеп, күдіктілерді ұстады. Ұрланған тауар толық иесіне қайтарылды.

  • Дина Таңсәрі алты қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді — Бас прокуратура мәлімдеме жасады

    Дина Таңсәрі алты қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді — Бас прокуратура мәлімдеме жасады

    «НеМолчи.kz» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі (шын аты Динара Смаилова) алты бірдей қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

    Оған ірі көлемде алаяқтық жасау, жеке өмірге қол сұғу және жалған ақпарат тарату баптары бойынша айып тағылып отыр.

    Тергеу дерегінше, 2023 жылы ол әлеуметтік желіде Өскемендегі бойжеткеннің өзіне қол салғаны туралы жалған ақпарат таратқан. Осы арқылы қорға ақша жинап, 20 млн теңгеден астам қаражат иеленген. Алайда іс бойынша адвокатты қыздың туыстары жалдаған, ал жиналған қаражат іске жұмсалмаған.

    Тағы бір жағдай: ол кәмелетке толмаған қызға көмектесу үшін бірнеше миллион теңге жинаған. Бірақ тергеу бұл істің ойдан шығарылғанын анықтады. Жиналған қаражат қор емес, күйеуінің жеке картасына түскен.

    Сонымен қатар Таңсәрі шетелде жүріп, қор атынан жеке қажеттілігіне ақша жинады деген күдікке ілінді. Кемінде жеті адам полицияға шағым түсірген.

    Сот оны сырттай аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті деп танып, қамауға алу туралы шешім шығарған. Интерпол арқылы Черногорияда ұсталғанымен, екі ел арасында экстрадиция туралы келісім болмағандықтан, Черногория билігі оны босатты.

    Қазақстанның құқық қорғау органдары оны қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастырады.

  • TikTok үшін түскен фото жасөспірімдерді полицияға жеткізді

    TikTok үшін түскен фото жасөспірімдерді полицияға жеткізді

    Олардың жасы 16-17-де. Бесеуі — колледж және ЖОО студенттері, біреуі — мектеп оқушысы.

    Полиция фотоларды әлеуметтік желіден байқап, жасөспірімдерді тапқан. Тексеру кезінде олардың бірінен газ тапаншасы тәркіленді.

    Жастар бұл әрекетін «контент үшін» жасағандарын айтып, қорқыту не зорлық-зомбылықты насихаттау мақсатын көздемегенін түсіндірген.

    Полиция жасөспірімдермен және ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, балаларды бақылауға алды. TikTok-тағы жазбалар өшірілді.

    Оқитын мекемелерінде де түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  • Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты

    Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты

    «НеМолчи.kz» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі(Динара Смаилова) Черногорияда қамаудан босатылды.

    Жоғарғы сот оны Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқан. Қор өкілдері бұл жаңалықты қуана хабарлап, қолдау білдірген барша жұртқа алғыс айтты.