Автор: Дана Альсеитова

  • Қазақстанда алтынға инвестиция салудың жаңа мүмкіндігі пайда болды

    Қазақстанда алтынға инвестиция салудың жаңа мүмкіндігі пайда болды

    Бұл жаңа құралды ҚР Ұлттық банкі іске қосып, AIX биржасында саудалауды бастады.

     Gold Coin қалай жұмыс істейді?
    • 1 Gold Coin = 1/20 трой унциясы алтын
    • Бағасы LBMA әлемдік котировкалары мен доллар бағамына негізделеді
    • Tabys қосымшасы арқылы сатып алуға, сатуға және сыйға тартуға болады
    • 20 Gold Coin жинағандар оны Ұлттық банктің филиалдарында физикалық ÚKI монетасына айырбастай алады

    Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, бұл инвесторларға алтынды цифрлық және физикалық форматта сақтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ алтынға инвестиция жасауды бұрынғыдан да қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.

  • Ерлан Қарин мен Саида Мирзиёева мәдени ынтымақтастықты талқылады

    Ерлан Қарин мен Саида Мирзиёева мәдени ынтымақтастықты талқылады

    Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, тараптар мәдени-гуманитарлық әріптестікті нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

    Сапар аясында олар «Лазги. Танец души и любви» қойылымын тамашалап, Орал Таңсықбаевтың көрмесіне қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша мәдени ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

  • Астанада ақылы тұрақтар мемлекет бақылауына өтеді

    Астанада ақылы тұрақтар мемлекет бақылауына өтеді

    Әкімнің орынбасары Ерсін Өтебаевтың айтуынша, келісімге қол қойылып, жазға дейін бұл жүйе толық мемлекеттік бақылауға өтеді.

    Қазіргі таңда өткізу процесі жүріп жатыр. Реформа аясында камералар орнату, жаңа басқару жүйесін енгізу және көліктерді эвакуациялау қарастырылған. Бұл өзгерістер әсіресе кептелісі көп аудандарда жүзеге асырылады.

    “Бірінші кезекте халық көп жүретін аймақтар реттеледі. Камералар орнатылып, тұрақ ережелерін бұзған көліктер эвакуацияланады. Ақылы тұрақтарды мемлекеттік компания басқаратын болады”, – деді Өтебаев.

  • Екібастұзда полицейлер өртеніп жатқан үйден адамдарды құтқарды

    Екібастұзда полицейлер өртеніп жатқан үйден адамдарды құтқарды

    Павлодар облысы ПД МКҚБ қызметкерлері “Клен” бау-бақшасындағы үйдің шатырынан түтін байқайды.

    Олар төтенше жағдайды көрген бойда дереу көмекке ұмтылып, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметін шақырады. Тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, үйде ешкімнің қалмағанына көз жеткізеді. Сонымен қатар, құжаттар мен бағалы заттарды алып шығуға көмектеседі.

    Полицейлердің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында тұрғындар аман қалды, ешкім зардап шеккен жоқ.

  • Жамбыл облысында балабақшада 10 бала уланды

    Жамбыл облысында балабақшада 10 бала уланды

    Олардың тоғызынан жіті ішек инфекциясы анықталса, бір баладан энтеровирусты инфекция тіркелді. Қазіргі уақытта бір бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты.

    Оқиғаға байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Мамандар балабақшадағы санитарлық жағдайды тексеріп, улану себебін анықтауда. Ауруханалар қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы зертханалық сынамалар алып, қорытындысын күтуде.

    Бұл оқиға мектепке дейінгі мекемелердегі санитарлық қауіпсіздік мәселесін қайта көтерді. Балалардың денсаулығына қауіп төндірмеу үшін ата-аналар мен қоғам өкілдері қатаң бақылау қажеттігін айтуда.

  • Израиль Газаны қайта соққыға алды: екі айлық бейбітшілік аяқталды

    Израиль Газаны қайта соққыға алды: екі айлық бейбітшілік аяқталды

    Бұл шешім Израиль үкіметінің “саяси жағдайға байланысты” қабылдаған әрекеті деп түсіндірілді.

    Неліктен соққылар қайта жанданды?
    Израиль билігі ХАМАС-тың кепілге алынған адамдарды қайтару шарттарын орындаудан бас тартқанын себеп ретінде көрсетіп отыр. Бұған дейін тараптар арасында уақытша бітім орнаған болатын, бірақ келіссөздер нәтижесіз аяқталды.

    Шабуыл салдары
    Араб елдерінің ақпарат құралдары Израильдің шабуылдарынан бірнеше адамның қаза тапқанын және көптеген адамның жараланғанын хабарлады. Қазір Газа секторының түрлі аймақтарында жағдай шиеленісе түсуде.
    Халықаралық қауымдастық тараптарды келісімге келуге шақырса да, қақтығыстың қайта жандануы бейбіт шешімге қол жеткізудің қиындай түскенін көрсетіп отыр.