Автор: Дана Альсеитова

  • Алматы облысында “Филип Моррис” жаңа өндірісін іске қосты

    Алматы облысында “Филип Моррис” жаңа өндірісін іске қосты

    Алматы облысында темекіні қыздыруға арналған стиктерді шығаратын зауыт ашылды. “Филип Моррис” компаниясы бұл жобаны іске асыруға 150 миллион доллар инвестиция салып, 200 жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр.

    Қазіргі уақытта алғашқы кезеңде 65 миллион доллар жұмсалып, 100-ге жуық жұмыс орны ашылды. Өнімдер Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения нарықтарына да жеткізіледі.

    Компания инженерлік-техникалық мамандарды даярлауға ерекше назар аударып, қызметкерлерді халықаралық стандарттар бойынша оқытуды көздеп отыр.

  • Беларусьтік блогерден ақша талап еткен полицейлер жұмыстан қуылды

    Беларусьтік блогерден ақша талап еткен полицейлер жұмыстан қуылды

    Түркістан облысында шетелдік автоблогерден 200 мың теңге талап еткен полицейлер қызметінен босатылды. 31 наурызда әлеуметтік желіде Беларусьтен келген блогер мен оның достарын полицейлер тоқтатып, Қазақстанда техникалық тексеруден өтпегені үшін айып таққаны туралы видео тарады. Кейін олардан 200 мың теңге сұралғаны айтылды.

    Министр орынбасары Игорь Лепеха бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, олардың басшылығына да тексеру басталды.

  • Көкшетауда ер адам бұрынғы әйелін аңдып, қорқытып келген

    Көкшетауда ер адам бұрынғы әйелін аңдып, қорқытып келген

    Жәбірленуші басқа қалаға көшкенімен, ер адам оны аңдуын тоқтатпаған.

    “НеМолчи” қорының мәліметінше, күдікті әйеліне және оның отбасына қоқан-лоқы көрсетіп, көліктерін бүлдіріп, бейнебақылау камераларын сындырған. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода жәбірленуші бірнеше ай бойы қорлық көріп келе жатқанын айтады.

    Полиция ҚР ҚК 115-бабы (“Қорқыту”) бойынша іс қозғап, күдіктіні ұстау шараларын жүргізіп жатыр. Бұған дейінгі шағымдар да қайта қаралуда.

  • Солтүстікте 2 миллиард теңгеге салынған жағалау қыстан қалай шықты

    Солтүстікте 2 миллиард теңгеге салынған жағалау қыстан қалай шықты

    Жергілікті тұрғындар жаңа нысанның кейбір жерлері бүлініп, плиталардың қисайғанын байқаған. Жағалау өткен жылы пайдалануға берілген болатын. Құрылысшылардың айтуынша, мұндай өзгерістердің негізгі себебі – қатты аяз, өзен суының көтерілуі және мұздың қозғалысы.

    Жергілікті билік жағдайды бақылауға алғанын мәлімдеді. Жөндеу жұмыстары жоспарланып, сапаны тексеру үшін қосымша сараптама жүргізілмек. Құрылысқа жауапты мердігерлер кемшіліктерді жоюға міндеттелуі мүмкін.

  • Алматыдағы алғашқы крематорий ашылмай тұр

    Алматыдағы алғашқы крематорий ашылмай тұр

    Құрылыс толық аяқталып, объект ресми тіркеуден өткен.  Бірақ әкімдік Әділет және Денсаулық сақтау министрліктерімен ғимараттың түпкілікті баланс ұстаушысын анықтау мәселесін талқылап жатыр.

    Министрлік кремацияға қатысты санитарлық нормаларға өзгерістер енгізуді мақұлдау кезеңінен өткізуде. Ал крематорийдің нақты ашылу мерзімі белгісіз.

    Нысан бастапқыда 2021 жылы іске қосылуы керек еді, алайда мерзім бірнеше рет шегерілді. Бұған дейін әкімдік крематорийге инженерлік желілерді уақытында жүргізбеген мердігер компанияны сотқа беріп, оны мемлекеттік сатып алудан шеттеткен.

  • Шәууәл 2025: Алты күндік оразаны қалай ұстайды және оның сауабы қандай?

    Шәууәл 2025: Алты күндік оразаны қалай ұстайды және оның сауабы қандай?

    Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

    “Кімде-кім Рамазан оразасын ұстап, оған Шәууәлден алты күн қосса, бір жыл ораза ұстағандай болады”, – деген (Мүслим).

    Қалай ұстайды?
    • Алты күн оразаны қатарынан да, үзіліспен де ұстауға болады.
    • Ниет: таң атпай ниет ету қажет.
    • Қаза оразасы барлар алдымен қазасын өтеп, кейіннен Шәууәл оразасын ұстаса, сауапқа кенеледі.

    Сауабы қандай?
    • Рамазан оразасымен бірге бір жылдық оразаның есебін береді.
    • Алланың разылығына жақындатады.
    • Рамазаннан кейінгі құлшылықты жалғастыруға септігін тигізеді.

    Бұл – иманды күшейтіп, рухани дамуға ықпал ететін сүннет оразалардың бірі.

  • Ақтөбеде 350 студент оқудан шығарылды

    Ақтөбеде 350 студент оқудан шығарылды

    Ата-аналар оқу ақысын төлеп келгендерін айтып, бұл шешімге наразы.

    Университеттің мәліметінше, 91 студент оқу ақысын төлемеген, ал 259 студент сабаққа мүлде қатыспаған.

    “Барлығы ректордың бұйрығымен шығарылды. Ақпан айында тексеріс жүргізіліп, осы жағдай анықталды” – дейді университет өкілі Ақнұр Қадырбек.

    Әкімдік ата-аналар мен студенттерге сотқа жүгінуге кеңес берді. Университет басшылығы оқу орнының жабылатыны туралы қауесетті жоққа шығарды.

  • Алматыда алты қабатты ғимарат өртенді

    Алматыда алты қабатты ғимарат өртенді

    Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жетіп, қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті.

    Өрт таңертең ғимараттың жоғарғы қабатынан басталған. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

    Оқиғаның себептері анықталуда.

  • Дикий Арман ісін қараған судья жаңа қызметке тағайындалды

    Дикий Арман ісін қараған судья жаңа қызметке тағайындалды

    Аширбеков бұған дейін атышулы Дикий Арман ісін қараған болатын. 2025 жылдың 27 қаңтарында Арман Жұмагелдиев ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, бандитизм, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны, адам ұрлап, заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

    Асхат Аширбеков туралы не белгілі?
    • 1981 жылы Қарағанды қаласында туған.
    • Қарағандыдағы Бейсенов атындағы ІІМ академиясын тәмамдаған, заң ғылымдарының кандидаты.
    • 2002-2007 жж. Қарағанды облысының құқық қорғау органдарында офицерлік қызмет атқарған.
    • 2007-2010 жж. Жезқазған қалалық сотының судьясы болған.
    • 2010-2018 жж. Астанадағы мамандандырылған соттың судьясы ретінде атышулы Ерасыл Аубакировтың өліміне қатысты істі қараған.
    • 2018-2020 жж. Алматы қалалық сотының судьясы.
    • 2020-2025 жж. Алматыдағы мамандандырылған соттың төрағасы.

    Асхат Аширбековтің судьялық қызметтегі жалпы тәжірибесі 17 жылдан асады.

  • Павлодарда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

    Павлодарда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

    Павлодарда 5000-нан астам адамды алдап, 1 миллиард теңге жиналған қаржы пирамидасы анықталды. Ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде жалған құрылыс жобаларын жариялап, адамдарды инвестиция салуға үгіттеген. Сот 5 адамды 6-12 жылға бас бостандығынан айырды, ал олардан алынған мүліктер мен қаржылар жәбірленушілерге қайтарылады.