Автор: Дана Альсеитова

  • Алматы облысында мешіт маңынан жас жігіттің денесі табылды

    Алматы облысында мешіт маңынан жас жігіттің денесі табылды

    Әлеуметтік желілерде бұл туралы ақпарат тарады, оны полиция растады.

    Алматы облыстық ПД мәліметінше, қазір күдікті анықталып, оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ оқиғаға қатысы бар тұлғалар мен куәгерлерден жауап алынуда.

    Аталған факті бойынша “Кісі өлтіру” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

  • Алматыда үш әйел 346 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

    Алматыда үш әйел 346 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

    Олар әлеуметтік осал топтағы азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына көмектесеміз деп, ірі көлемде қаражат алған.

    Қазір тергеу жүріп жатыр, күдіктілер қамауға алынды. Полиция зардап шеккендерді анықтауда.

  • Михаил Шайдоров әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Михаил Шайдоров әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Бостонда өткен әлем чемпионатында 287,47 ұпай жинап, екінші орын алды. Бұл – оның ересектер арасындағы ең үздік нәтижесі.

    Ол 2026 жылғы Олимпиадаға қатысу нормативін орындады.

  • Мьянмадағы жер сілкінісінен 694 адам қаза тапты

    Мьянмадағы жер сілкінісінен 694 адам қаза тапты

    Эпицентр Мандалай қаласынан 17 шақырым жерде орналасқан. Табиғи апаттан кейін елде төтенше жағдай жарияланды. Бангкокта 30 қабатты ғимарат құлап, ондаған адам үйінді астында қалды.

    Жер сілкінісі Таиланд, Бангладеш, Лаос, Қытай және Үндістанда да сезілді. Мьянма билігі халықаралық гуманитарлық көмек сұрады.

  • Елорда полицейлері 20 жастағы жігітті құтқарып қалды

    Елорда полицейлері 20 жастағы жігітті құтқарып қалды

    Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері (Жасұлан Қыздарбек, Фазыл Айболат, Сұмғат Назымбеков және Абзал Қадыров) есікті сындырып, жігітті ішке қарай тартып үлгерді.

    Құтқарылған азамат полиция басқармасына жеткізіліп, кейін жедел жәрдем бригадасына табысталды.

  • Бангкокта жойқын жер сілкінісі: әуежайлар рейстерді қабылдауды тоқтатты

    Бангкокта жойқын жер сілкінісі: әуежайлар рейстерді қабылдауды тоқтатты

    Зілзаланың эпицентрі Мьянма аумағында тіркелді, бірақ Таиландпен қатар бес елде қатты сезілген.

    Жер сілкінісі салдарынан қалада салынып жатқан 30 қабатты ғимарат құлап, 43 жұмысшы үйінді астында қалды. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

    Таиландтың әуежайлары рейстерді уақытша тоқтатты. Сондай-ақ елдің қор биржасы да жұмысын кідірткен. Премьер-министр Пхэтхонгтхан Чинават қайталануы мүмкін жерасты дүмпулеріне дайын болуға шақырды.

  • Оңтүстік Кореяда төрт Қазақстандық жол апатынан қаза тапты

    Оңтүстік Кореяда төрт Қазақстандық жол апатынан қаза тапты

    Оқиға 27 наурыз күні Кёнгидо провинциясындағы Сохэан автомагистралінде болған. Mercedes-Benz көлігі жолдың оң жағындағы қоршауға соғылып, бірнеше метрге ұшып кеткеннен кейін өртенген.

    Өрт сөндірушілер жалынды жарты сағат ішінде өшіргенімен, көлік ішіндегі төрт азаматтың мерт болғаны анықталды. Олардың жеке бас мәліметтері нақтыланып жатыр.

    Қазір жергілікті полиция апаттың мән-жайын тексеруде.

  • Петропавлда телефон қуаттағышы өртеніп, үй отқа оранды

    Петропавлда телефон қуаттағышы өртеніп, үй отқа оранды

    Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Төбе жабындысы, жиһаз және жеке заттар зақымданды. Өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп, жалынды ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.

    Мамандар өрттің шығуына телефон қуаттағышының қысқа тұйықталуы себеп болғанын анықтады. ТЖД тұрғындарға гаджеттерді қараусыз қалдырмауды және тек сертификатталған зарядтау құрылғыларын пайдалануды ескертеді.

  • Маңғыстауда алаяқтар екі тұрғынның 48 миллион теңгесін жымқырды

    Маңғыстауда алаяқтар екі тұрғынның 48 миллион теңгесін жымқырды

    Белгісіз біреулер өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, тұрғындардың сеніміне кіріп, жеке деректерін алған. Кейін шоттарынан жалпы сомасы 48 миллион теңгені шешіп алған.

    Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтау және ұстау шаралары жүргізілуде. Тергеу жалғасуда.

  • Атырау облысында ер адам бұрынғы әйелін өлтірді

    Атырау облысында ер адам бұрынғы әйелін өлтірді

    Құлсарыда 27 наурыз күні ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында пышақтап өлтірді. Марқұм жергілікті емханада заңгер болып жұмыс істеген. Күдікті қылмыс орнынан қашып кеткенімен, полиция оны ұстады.

    Әйел ауыр жарақат алып, сол жерде қайтыс болды. Оның артында екі баласы қалды. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.