Автор: Дана Альсеитова

  • Мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жәрдемақысы өсті

    Мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жәрдемақысы өсті

    2025 жылы бөлінген қаржы:
    • Мемлекеттік жәрдемақылар – 107,8 млрд тг
    • Әлеуметтік сақтандыру қоры – 14,8 млрд тг

    Алушылар саны:
    • Мүгедектік бойынша – 539,9 мың адам
    • Асыраушысынан айырылу бойынша – 194,5 мың адам

    Жәрдемақы мөлшері:
    • I топ – 101 702 тг
    • II топ – 81 362 тг
    • III топ – 55 474 тг
    • Орташа төлем: 70-72 мың тг

    2025 жылдан бастап төлемдер 6,5%-ға өсті.

  • «Наурыз Жұмыскер»: Қостанайлық инженер баспаналы болды

    «Наурыз Жұмыскер»: Қостанайлық инженер баспаналы болды

    Жаңа баспананың иесі – Қостанай қаласының тұрғыны, жас инженер Данияр Асанов. Ол салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер таңдап, құрылыс аяқталған соң бірден көшуді жоспарлап отыр.

    Бұл бағдарлама жұмысшы мамандық иелеріне тұрғын үйді жеңілдетілген шарттармен сатып алуға мүмкіндік береді. Қатысу үшін негізгі талаптар:
    • Кемінде 2 млн теңге бастапқы жарна төлеу;
    • Алты ай ішінде баспана таңдау құқығы беріледі;
    • Несие жеңілдетілген пайызбен рәсімделеді.

    Жоба халықтың баспана алу мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Қазіргі таңда бағдарламаға өтінім қабылдау жалғасып жатыр.

  • «Манчестер Юнайтед» клубы жұлдызды ойыншысымен қош айтыспақ

    «Манчестер Юнайтед» клубы жұлдызды ойыншысымен қош айтыспақ

    Клуб басшылығы Санчоны 40 миллион фунт стерлингке бағалап отыр. Бұл шешім бас бапкердің кім болатынына қарамастан қабылданған.

    Санчо 2021 жылы «Манчестер Юнайтед» құрамына қосылып, алайда тұрақты ойын көрсете алмады. 2023-2024 маусымының екінші жартысын «Боруссия» Дортмунд клубында арендада өткізіп, 14 матчта 2 гол және 2 ассист жасады.

    Қазіргі уақытта «Боруссия» және басқа да клубтар Санчоны өз құрамына қосуға қызығушылық танытуда. «Манчестер Юнайтед» ойыншыны сатудан 40 миллион фунт стерлинг түсіруді көздейді.

  • Стамбул мэрінің ұсталуынан кейін жаппай наразылық басталды

    Стамбул мэрінің ұсталуынан кейін жаппай наразылық басталды

    Ол президент Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы ретінде танымал. Мыңдаған наразылық білдірушілер Анкара мен Стамбул көшелеріне шығып, кей жерлерде полициямен қақтығыс болды.

    Билік елдегі митингілер мен жиналыстарға тыйым салғанымен, халықтың қарсылығы күшейіп келеді. Имамоглуға сыбайлас жемқорлық және Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар деген айып тағылған. Алайда оппозиция бұл істі саяси қудалау деп есептейді.

    Наразылықтар салдарынан түрік лирасы 10%-дан астам құнсызданып, қор нарығы 7%-ға төмендеді. Елде саяси тұрақсыздық күшейіп, жағдай ушыға түсті.

  • Астанада ТҚС-ның қосалқы бөлмесінен арыстан күшігі табылды

    Астанада ТҚС-ның қосалқы бөлмесінен арыстан күшігі табылды

    27 жастағы азамат жабайы жануарды қосалқы бөлмеде заңсыз ұстап тұрғаны анықталды.

    Құқық қорғау органдары күшікті тәркілеп, жақын арада зообаққа жіберуді жоспарлап отыр. Аталған факті бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлармен заңсыз айналысу бабымен қылмыстық іс қозғалды.

    Арнайы қызметтер мұндай заңсыз әрекеттердің қайталанбауына ерекше назар аударып, алдын алу шараларын күшейтуді мақсат етеді. Тергеу барысында арыстан күшігін ұстаған тұлғаның құқықтық жағдайы мен жануарды қалай алғаны толығырақ анықталмақ.

  • Қазақстан мен Мажарстан сауда байланысын нығайтуда

    Қазақстан мен Мажарстан сауда байланысын нығайтуда

    Іс-шараның басты мақсаты – екі ел арасындағы сауда көлемін арттыру, 95 тауар түрінің экспортын ұлғайту және кәсіпкерлер арасында тікелей байланыс орнату.

    Миссияға 20-ға жуық қазақстандық компания қатысып, венгриялық серіктестермен келіссөздер жүргізуде. Бұл қадам Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мажарстанмен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асуда.

  • Ерекше қажеттілігі бар жандарға теміржол билеттеріне 50% жеңілдік беріледі

    Ерекше қажеттілігі бар жандарға теміржол билеттеріне 50% жеңілдік беріледі

    • I және II топ мүгедектігі бар азаматтар мен ерекше қажеттілігі бар балалардың серіктері үшін – 50% жеңілдік
    • Пойызға міну кезінде медициналық анықтама талап етілмейді – барлық ақпарат автоматты түрде базада тексеріледі
    • Теміржол вагондары жаңартылып жатыр – 2025 жылға дейін ерекше жолаушыларға арналған 35 арнайы вагон іске қосылады

    Бұл өзгерістер 2025 жылдың екінші жартысында күшіне енуі мүмкін. Министрлік азаматтардың қолайлы әрі инклюзивті көлік қызметін алуын қамтамасыз етуді көздейді.

  • Интернет қымбат:  «Қазақтелекомға» тергеу басталды

    Интернет қымбат: «Қазақтелекомға» тергеу басталды

    Бәсекелестікті қорғау агенттігі «Қазақтелеком» мен Beeline-ның нарықты толық бақылауда ұстап отырғанын анықтады. Ал басқа операторлардың көпқабатты үйлерге кіруі түрлі кедергілерге тап болуда.

    Нәтиже: тұтынушыларда таңдау жоқ, ал интернет бағасы шарықтап тұр!

    АЗРК бұл әділетсіздікті реттеу үшін мемлекеттік органдарға ұсыныс жолдады. Егер бәрі ойдағыдай болса, интернет бағасы төмендеп, балама операторларды таңдауға мүмкіндік пайда болуы мүмкін!

    Бұл өзгеріс қашан болатынын күтейік. Ал сіз интернет құны мен сапасына көңіліңіз тола ма?

  • Бүгін –  Жаңару күні

    Бүгін – Жаңару күні

    Бұл күн табиғаттың қайта оянып, жаңа өмір бастайтын сәтін бейнелейді. Қазақ дәстүрінде Жаңару күні адамдар үйлерін тазалап, қажетсіз заттардан арылып, айналасын ретке келтіреді.

    Сонымен қатар, бұл күн – рухани жаңғыру уақыты. Адамдар ескі реніштерді ұмытып, бір-бірінен кешірім сұрап, татулықты нығайтады. Жаңару – тек табиғаттың емес, адамның ішкі өзгерісінің де белгісі.

  • Мопед иелерінің назарына: 5 сәуірге дейін тіркелу керек

    Мопед иелерінің назарына: 5 сәуірге дейін тіркелу керек

    5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады, ал заң бұзғандарға Әкімшілік кодекстің 590-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.

    Қазіргі уақытта ел бойынша 8527 мопед ресми тіркелген. Тіркеу үшін арнайы ХҚКО-ға барып, жеке куәлік, техникалық құжат (немесе техникалық сипаттамалар), өтініш және мемлекеттік баж төлемдерін рәсімдеу қажет.

    Не керек?

    • Жеке куәлік (электронды нұсқасы жарайды)
    • Техникалық құжат немесе мопедтің сипаттамасы
    • Өтініш толтыру
    • Мемлекеттік баж салығын төлеу

    Тіркеуді кейінге қалдырмаңыз! Заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, жағымсыз салдардан аулақ болыңыз.