Автор: Дана Альсеитова

  • Медеу ауданының тұрғындары көршісіне көмектесті

    Медеу ауданының тұрғындары көршісіне көмектесті

    Қоғам белсендісі Дмитрий Бузинскийге төрт жыл бұрын қатерлі ісік диагнозы қойылды. Еміне 30 миллион теңге қажет екенін білген көршілері қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, қолдан келген көмектерін аямады.

    “Халық арена” маңында киіз үй тігіліп, кәсіпкерлер мен тұрғындар өнімдерін сатылымға шығарды. Жәрмеңкеден түскен қаражат Дмитрийдің еміне аударылды.

    “Бұл жағдай бәрімізді одан әрі жақындатты. Бірлігіміз – ең үлкен күшіміз”, – дейді көршілері.

    Дмитрий халықтың жанашырлығына алғыс білдіріп, “Осындай елде өмір сүріп жатқаным үшін шүкір етемін”, – деді.

  • Аңызға айналған боксшы Джордж Форман қайтыс болды

    Аңызға айналған боксшы Джордж Форман қайтыс болды

    Форман 1968 жылы Олимпиадада алтын алып, кейін кәсіпқой бокста WBC, WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды. 1974 жылы ол Мухаммед Әлимен әйгілі “Джунглидегі гүріл” жекпе-жегінде жеңілді.

    1994 жылы 45 жасында спортқа оралып, чемпиондық титулын қайтарып алды. Бұл рекорд әлі күнге дейін бокс тарихындағы ең үлкен жетістіктердің бірі саналады.

  • Дастан Сатпаев Уэльске келгенде жанкүйерлердің ықыласына бөленді

    Дастан Сатпаев Уэльске келгенде жанкүйерлердің ықыласына бөленді

    Әсіресе, 16 жастағы Дастан Сатпаев көптің назарында болды.

    Аэропортта жиналған қазақстандық жанкүйерлерден жас футболшыға қолтаңба сұрағандар көп болды. “Қайраттың” түлегі әрі лондондық “Челсиге” тиесілі вингер ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 16 жас 7 ай 8 күнінде өткізіп, рекорд жаңартқан еді.

    Еске салсақ, ақпан айында “Қайрат” Сатпаевтың “Челсиге” сатылғанын хабарлады. Бірақ жас талант Англияға 18 жасқа толған соң ғана ауысады, ал оған дейін “Қайратта” ойнайды.

    Қазақстан мен Уэльс арасындағы матч 22-23 наурыз түнгі 00:45-те өтеді. Бұл ойын ұлттық құраманың бас бапкері міндетін уақытша атқаратын Әли Әлиев үшін алғашқы ресми кездесу болмақ.

  • Жетісу құтқарушылары өрттен адамды аман алып шықты

    Жетісу құтқарушылары өрттен адамды аман алып шықты

    Құтқарушылар 90 шаршы метр аумақтағы өртті жедел сөндіріп, 1961 жылы туған үй иесін құтқарып, жедел жәрдемге тапсырды. Сондай-ақ 20 литрлік үш газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.

    Құтқарушылардың кәсіби әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында адам өмірі сақталып, өрттің таралуы мен жарылыс қаупінің алдын алды.

  • Атырауда жалған доллар саудасы әшкере болды

    Атырауда жалған доллар саудасы әшкере болды

    Алайда полиция оның іс-әрекетін әшкерелеп, 8 750 АҚШ долларына тең жалған купюраларды тәркіледі.

    Жедел іздестіру кезінде 24 жастағы жігіттің шетелден көлік әкеліп сатумен айналысатыны анықталды. Қазір тергеу жалған ақшаның қайдан келгенін және оны қайда өткізбек болғанын тексеріп жатыр.

    Заңсыз бизнеске барған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттердің жазасыз қалмайтынын ескертеді.

  • Полиция 600 млн теңгелік алаяқтық жасаған дропперлер тобын ұстады

    Полиция 600 млн теңгелік алаяқтық жасаған дропперлер тобын ұстады

    Қалай жұмыс істеген?

    Алаяқтар азаматтардың атына заңсыз банк шоттарын рәсімдеп, оларды қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтық схемалары арқылы пайдаланып отырған. Жалған инвестициялық жобалар мен несие беру уәделерін алға тартып, салымшылардан ақша жинаған.

    Зиян көлемі

    Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстық топ 600 млн теңгеге жуық қаржыны заңсыз иемденген.

    Тергеу барысы

    Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың байланыстары мен алаяқтыққа қатысы бар басқа адамдар анықталуда.

  • Жалған полицейдің жарнамасы айыппұлмен аяқталды

    Жалған полицейдің жарнамасы айыппұлмен аяқталды

    Алайда оның бұл әрекетін клиенттер емес, нағыз полиция қызметкерлері бағалады.

    Тексеру нәтижесінде оның құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Жарнамасы сәтсіз аяқталып, айыппұл арқалады, ал формалық киім тәркіленді.

  • Тоқаев «Қазатомпром» басшысының есебін тыңдады

    Тоқаев «Қазатомпром» басшысының есебін тыңдады

    Өндірілген уран көлемі – 23 мың тонна, сатылғаны – 16,6 мың тонна. Компания 1,8 трлн теңге табыс тауып (+26%), салық төлемдері 58%-ға өсіп, 720 млрд теңгеге жетті. «Үлбі-ТВС» зауыты жылына 200 тонна төмен байытылған уран өндіру қуатына шықты.

    Кездесуде жаңа келісімшарттар, әлемдік нарықтағы жағдай және 2034 жылға дейінгі даму стратегиясы талқыланды. 2024 жылы 170 мың тонна уранға барлау жүргізуге лицензия алынған. Мемлекет басшысы саланы дамыту және әлеуметтік жобаларды іске асыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысы орынбасары тергеліп жатыр

    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысы орынбасары тергеліп жатыр

    Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Дархан Құрақбаев растады.

    Тергеу бюджет қаражатын жымқыру фактісіне байланысты жүргізілуде. Аталған қаражат Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының еміне бөлінген. Қазіргі уақытта күдікті қызметінен шеттетілді.

    Еске сала кетсек, 2024 жылдың сәуірінде ӘМСҚ басшылары тексеру қорытындысы бойынша жазаға тартылған болатын.

  • Дубайдағы мүлік: шенеуніктердің активтері қайтарыла ма?

    Дубайдағы мүлік: шенеуніктердің активтері қайтарыла ма?

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл мәселенің тек қылмыстық істер аясында қарастырылатынын мәлімдеді.

    Егер жемқорлық жолымен табылған қаражатқа Қазақстанда немесе шетелде мүлік сатып алынғаны дәлелденсе, оны қайтару рәсімі басталады. Бірақ заңды түрде алынған активтерге құқық қорғау органдары сот шешімінсіз қол сұға алмайды.

    Ресми органдар сот арқылы дәлелденген жағдайда ғана активтерді қайтара алады.