АҚШ-тың оңтүстік-шығысында «Хелен» дауылы кезінде 600-дей адам жоғалып кеткен. Ал қаза тапқандар саны 116-ға жетіп отыр. Құрбандардың көбі — Солтүстік және Оңтүстік Каролина тұрғындары. Осы аптада бұл аймаққа президент Джо Байден сапар шегіп, жағдаймен танысуға уәде берді.
Сонымен қатар, жауындатып соққан дауылдан кейбір елді мекендер тұтастай қираған. Және де талай жол зақымданып, көпірлер құлап, көшелер өзенге айналды. Ал жарықсыз қалғандар саны 2 миллионға жетіп отыр. Айта кетсек, алапат дауылдан Флорида, Теннесси, Джорджия штаттары да айтарлықтай зардап шекті.
Рубрика: Әлем жаңалықтары
-

АҚШ-тағы «Хелен» дауылы: 600 жуық адам жоғалып кетті
-

Жапонияда үкімет отставкаға кетті
Жапонияда үкімет толық құрамда отставкаға кетті, деп жазады Kyodo агенттігі. Бұл алдыңғы премьер-министрдің өкілеттіктерінің аяқталуымен байланысты болып отыр. Енді ел парламенті үкіметтің жаңа басшысын таңдау бойынша дауыс беруге дайындалып жатыр.
Жапония премьер-министрі парламентте партиялық фракциялар ұсынған көпшілік дауыстар негізінде таңдалады. Әдетте кандидат парламенттегі көп орынға ие партияның жетекшісі болады. Бұл жағдайда жетекші либералды-демократиялық партия (ЛДП) коалициялық серіктес «Комейто» партиясымен бірге екі палатада да көпшілікті ұстайды.Кейінгі мәліметтерге сәйкес, елдің жаңа премьер-министрі Шигеру Исиба болады. Ол өткен аптада ЛДП басшысының сайлауында жеңіске жетті, бұл оны автоматты түрде премьер-министрге үміткер етті. Ол сейсенбіде Жапония императоры Нарухито бекітетін жаңа үкіметті құрады.
-

Бір жылда Сауд Арабиясында 200-ге жуық адам өлім жазасына кесілген
28 қыркүйекте тағы үш өлім жазасын қоса алғанда, 2024 жылы корольдіктегі өлім жазасына кесілгендердің жалпы саны 198-ге жетті, деп жазады DW медиакомпаниясы AFP-ға сілтеме жасап.
Өткен жылы Сауд Арабиясында 170 адам өлім жазасына кесілген болса, 2022 жылы 196 адамға осындай жаза белгіленген.
Ел өлім жазасына кесілгендердің көптігі үшін сынға ұшырады. Reprieve, адам құқығын қорғау ұйымының өкілі қайғылы рекорд туралы хабарламаға реакция білдіріп, Сауд Арабиясы басшылығы жариялаған модернизация бағыты бос сөз екенін, өйткені уәделер орындалмай жатқанын айтқан.
Ресми статистикаға сәйкес, биыл Сауд Арабиясында 32 адам лаңкестікке, тағы 52 адам есірткіге қатысты айыппен өлім жазасына кесілген.
Сауд Арабиясының ресми өкілдерінің айтуынша, өлім жазасы «қоғамдық тәртіпті сақтауға» қызмет етеді және сотталушы барлық заңды мүмкіндіктерін таусылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта Сауд Арабиясында өлім жазасына кесілгендердің саны елдің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның сөзіне қайшы келіп отыр. 2022 жылы The Atlantic журналына берген сұхбатында ханзада өз елінде өлім жазасы қазір тек кісі өлтіру немесе көптеген адамдардың өміріне қауіп төндіру үшін ғана қолданылатынын айтқан.
-

Жапонияда ер адам өлім жазасын күтіп түрмеде 56 жыл отырған
Жапонияда 88 жастағы ер адам өлім жазасын күтіп түрмеде 56 жыл отырған. Бірақ өткен тәулікте сот Ивао Хакамаданы ақтап шығарды. Себебі ол 1966 жылы тұтас бір отбасыны өлтірді деген айып жалған болып шықты. Айта кетсек, бұл — әлемдегі үкімнің орындалуын күткен ең ұзақ мерзім. Адвокаттарының айтуынша, ондаған жылдар бойы ең ауыр жазаны күткен Хакамада психикалық ауруға шалдыққан. Сондықтан қария кешегі сот тыңдалымына қатыса алмады.
-

Бүгін – Дүниежүзілік туризм күні
Еліміздегі туризм саласына құйылған инвестиция биыл екі есеге өсіп, 390 млрд теңгені құрады. Бүгінде ҚР Туризм және спорт министрлігі арқылы жалпы құны шамамен 400 млрд теңгені құрайтын 61 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Туризм саласындағы жұмыспен қамту 497,7 мың адамға жеткен.
Биыл қаңтар-маусым аралығында 3 млн 431 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, елімізге келетін шетелдік туристердің географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Мысалы, жақын көршілерден бөлек, елімізге мұхиттың арғы бетіндегі мемлекеттерден де саяхатшылар келе бастаған. Шекаралас Ресей мен Қытайдан бөлек Үндістан (53 695 адам), Түркия (30 312), АҚШ (19 597) елдері үздік бестіктің қатарына кірген.
The New York Times бойынша осы жылы Алматы қаласы үздік 52 туристік бағыт қатарына енді.
Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай ауданы британиялық Wanderlust журналының Travel Green List атты «жасыл» туризм бағыттарының тізіміне және халықаралық ITB Berlin 2024 туристік көрмесі аясында «Тұрақты туризмнің 100 үздік бағыты» аталымы бойынша 3-орынды жеңіп алды.
Ал қыркүйекте Астанаға 12 400-ге жуық шетелдік турист келді. Олардың жатын орынға, көлікке, тамақтануға, ойын-сауыққа жұмсаған жалпы шығыны 7,5 млрд теңгені құраған.
-

Қасым-Жомарт Түрікменстан президенті мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Жолдаған жеделхатында мемлекет басшысы Ашхабадтың жарқын жетістіктеріне тоқталып, Түрікменстанның халықаралық аренада зор беделге ие екенін атап өтті әрі Қазақстанның Түрікменстанмен арадағы ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік қатынас және өзара қолдау дәстүрінен айнымай, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілді екенін растады
-

АҚШ-та дауыл жылдамдығы 225 шақырымға жеткен
АҚШ-тың Флорида штатында «Элен» дауылы соқты. Ол бұл аймаққа сағатына 225 шақырым жылдамдықпен жеткен. Соңғы мәліметке қарағанда, бір адам қаза тапты. Америкалықтың үстіне жол бойындағы белгі құлап кеткен. Жауындатып жеткен дауылдан кейбір елді мекендер мен қалаларды су басты. Жергілікті билік халықты қауіпті аудандардан көшуге шақырып отыр. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, Флоридада бір миллиондай, Джорджияда 50 мыңдай үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды. Осы штаттмермен бірге Алабама, Каролина, Вирджина штаттарында да төтенше жағдай жарияланған.
-

Елшіліктің ескертуі: «Ливаннан кете тұрған жөн»
«Ливандағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты осы елдегі Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз ұстануға тағы да шақырамыз. Атап айтқанда жергілікті билік орындарының нұсқауларын мүлтіксіз орындап ел ішіндегі жүріс-тұрысты мейлінше азайтқан жөн
Сонымен қатар Оңтүстік пен Бекаа жазығындағы азаматтарға ахуал оңалғанша салыстырмалы түрде қауіпсіз саналатын елдің орталық және солтүстік өңірлеріне уақытша көшу және халықаралық рейстер барында Ливаннан кете тұру мәселелерін қарастыруға кеңес беріледі», – деп жазылған елшіліктің хабарламасында.
Еске салсақ, өткен аптадан бері Ливандағы Хезболла ұйымы мен Израиль арасындағы қақтығыстар күшейді. 23 қыркүйекте Израиль әскерилері Хезболланың 1300 нысанына шабуыл жасап, 492 адам қаза тапты.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш жағдайдың ушығып бара жатқанынан алаңдаушылық білдіріп, «Ливан тағы бір Газаға айналуы мүмкін» екенін айтты.
-

Трамп 2028 жылы сайлауға түспейтінін мәлімдеді
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қарашада жеңілсе, 2028 жылы сайлауға түспек емес. Мұны ол жергілікті телеомпаниялардың біріне берген сұқбатында хабарлады.
Осыған дейін Трамп сайлауда ұтылу туралы өте сирек айтатын. Өзінің митингілерінде экс-президент үнемі келешектегі жеңіс жайында мәлімдеме жасады. Алайда, кейінгі төрт күнде ол жеңілу туралы екі рет айтқан.
Ал жексенбіде NBC телеарнасы сауалнама жүргізді. Оған қатысқан мың респонденттің 48 пайызы демократ Камала Харристі, 40 пайызы Трампты қолдайтындарын білдірген.
Айта кетсек, Солтүстік Каролинадағы жақтаушыларымен кездесуде Трамп Харриспен теледебат өткізуге келіспейтінін тағы да ескертті.
«Проблема сол — тағы бір дебат өткізу тым кеш. Дауыс беру басталып қойды. Пікірсайысты Fox телекомпаниясында ұйымдастыруға болатын еді. Бірақ Харрис келіспеді. Ол CNN арнасының эфиріне шыққысы келеді. Жеңілетінін түсінгесін дәл сайлау алдында осындай ұсыныс жасап отыр деп ойлаймын», — АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамп.
-

Трамп пен Харрис арасындағы пікірталастың алғашқы нәтижесі қандай?
The hill жаңа сауалнамасына сәйкес, Харрис қазіргі уақытта Трамптан 3,6 пайыздық тармаққа озып тұр. Пікірталасқа дейін бұл көрсеткіш 3,2 болды.
Еске салайық, 11 қыркүйекте Трамп пен Харрис пікірталас өткізген болатын. Ол жерде бірнеше өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, ел ішіндегі экономика, көші-қон салаларынан тыс, әлемдік деңгейде шешімін таппай тұрған Ресей мен Украина арасындағы соғыс, Израильдің Хамаспен қақтығысы сөз етілді. Жалпы алғанда, пікірталаста Трамп 42 минут 52 секунд, Харрис болса 37 минут 36 секунд сөз сөйлепті.