Елімізде 42 жаңа су қоймасы салынады. Бұл алдағы төрт жылда яғни, 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде жүзеге асады. Басты мақсат – су шаруашылығы саласын дамыту. Бірінші кезеңде яғни, 2025 жылдан бастап 11 жобаны салу және реконструкциялау жоспарланған. Одан бөлек, алты облыстағы үш жарым мыңға жуық шақырым ирригациялық арналарды жаңғырту көзделген. Сонымен қатар, су үнемдеу технологиясын қолданған шаруаларға берілетін субсидия көлемі де артты. 50ден 80 пайызға дейін ұлғайтылды. Бұл жөнінде Үкіметте өткен су кеңесінің отырысында мәлім болды.Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Премьер министр Олжас Бектенов Президенттің су шаруашылығын дамытуға, тозығы жеткен нысандарды жаңғырту жұмыстарының барлығы уақытында жүргізілуі тиіс екенін ескертті.
Рубрика: Аймақ
-

Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Дарын Шамұратов Атырау облысы Индер ауданының әкімі қызметінен босатылып, облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
“Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды” делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлаасында.
Ол тағайындалғанға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарған.
Дарын Шамұратов М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «география» мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
02.2009-05.2009 жылдар аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманның міндетін уақытша атқарушы
05.2009-12.2009 жылдар аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
12.2009-09.2012 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы
09.2012-25.10.2012 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі
10.2012-08.2017 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы
08.2017-04.2021 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімінің орынбасары;
04.2021- 09.2022 жылдар аралығында Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Тағайындалғанға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарды.
-

Жамбыл облысында 6 адам газдан уланды
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бір адам ауыр халде ауруханада жатыр. Алғашқы оқиға Жамбыл ауданы, Қызыл Шарық ауылындағы жеке тұрғын үйде 17 қазан күні сағат 07:40 шамасында болған. Табиғи газбен сөнген пештің салдарынан үш адам уланған. 1963 жылы туған үйдің иесі мен оның 1988 жылғы ұлы қайтыс болды, ал 2007 жылы туған немересі ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған. Ал 16 қазанда Т.Рысқұлов ауданындағы ауылда жеке тұрғын үйде шәйнек қайнап жатқан кезде газ плитасының сөніп қалуынан газ шығып кеткен. Табиғи газдан улану салдарынан үйдің 1967 және 1975 жылы туған иелері, сондай-ақ олардың 2011 және 2019 жылы туған балалары қайтыс болды.
«Екі жағдай бойынша да сот-медициналық сараптама жүргізілуде, материалдар қосымша тергеу үшін Темір жол министрлігіне жіберілді», — деп хабарлады Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
-

Атырау облысында полицей жасөспірімді қуамын деп өлтіріп алды
Атырау облысында патруль кезінде жасөспірімді қағып өлтірген полицейге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының инспекторы қызметтік көлікпен патрульдеу кезінде, серіктесімен бірге кәмелетке толмаған мотоцикл жүргізушісін анықтап, дыбыстық белгі арқылы тоқтауды талап еткен. Алайда кәмелетке толмаған жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, қаша жөнелген. Қуғын барысында жол қозғалысы ережесін бұзған кәмелетке толмаған жүргізуші жол жиегіне шығып кетіп, мотоциклді басқара алмай, жерге құлап түсті. Сол сәтте қуып келе жатқан инспектор көлікті дер кезінде тоқтата алмай жерде жатқан жасөспірімді басып кетті.
Сот отырысында прокурор айыпталушыға 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Айыпталушы өз кінәсін мойындады. Нәтижесінде полицей кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы және 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
-

Жарықсыз қалған кубалықтар шеруге шықты
Кубалықтар көшеге шығып, электр қуатын тез қалпына келтіруді талап етті. Халық өткен жұмадан бері әлі жарықсыз отыр. Елдегі 8 электр станциясының біреуі істен шыққаннан кейін, 10 миллионнан астам халқы бар мемлекет аумағында жарық өшті. Жағдайды «Оскар дауылы» ушықтыра түскен. Ағаштар құлап, электр желілері үзілді. Кубалықтарды азық-түлік, жанармай мен дәрі-дәрмек тапшылығы тығырыққа тіреп отыр. Ал елдің электр станцияларының жұмысы шетелден импортталатын отынға тәуелді.
-

6 ауданның халқы Өскеменге тез жетеді: ең ұзын көпір ашылды
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын автомобиль көпірінің ашылуына орай ШҚО-дағы алты ауданның тұрғындары Өскеменге жылдам қатынайтын болады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
Жоба көлік қатынасының ұзақ жылғы мәселесін шешуге бағытталған, көпір алты ауданды: Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Қатонқарағай, Тарбағатай және Зайсанды байланыстырады.
«2019 жылы Мемлекет басшысы тарихи шешім қабылдап, 2020 жылы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды. Көпірдің стратегиялық,, әлеуметтік, туристік және транзиттік маңызы бар. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, көпірдің маңында орналасқан алты ауданның, яғни 120 мыңнан астам азаматтың бүгінде облыс орталығына тәулік бойы қатынай алатынын атап өткен жөн», – деді Марат Қарабаев
Министр сонымен қатар ең басты мақсат – көпірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтты. Ол үшін екі жағынан 40-қа жуық арнайы мұзжарғыш және көпірді тәулік бойы бақылау үшін тиісті камералар толығымен орналастырылған.
Құрылыс тәулігіне 80 мыңға дейін автомобиль өткізе алады, өткелге дейін 18 км жаңа жол салынды.
-

Алматы облысының полицейлері жаппай қызметінен босатылды
Сондай-ақ Талғардағы жантүршігерлік жағдайдан соң, 19 қазан күні Қазақстан ІІМ басшысының бұйрығымен лауазымдарынан босатылды:
▪️Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалқаров;
▪️Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Күнтүнов
▪️Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы іс қимыл басқармасының бастығы Ұлан Байтақов;
▪️Алматы облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;
▪️Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр;
▪️Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Жанат Омаров.
-

Алматы облысы ПД жаңа бастық тағайындалды
ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, ІІМ бұйрығымен Алматы облысы ПД бастығы болып Мейрам Әбікеев тағайындалды.
Полиция полковнигі бұған дейін СҚО-да ПД бастығы болған.
-

Павлодарда жанармай құю бекеті өртенді
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар ЖҚС жарылысының алдын алған.
– Павлодар қаласының шығыс өнеркәсіптік аймағында жанармай құю станциясының аумағында сыйымдылығы 3 текше метр жерасты газгольдері жанып, кейіннен өрт автожуу ғимаратына ауысқан. Өрт 41,5 шаршы метр алаңда сөндірілді, – делінген ақпаратта.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
-

Шекарашылар қос азаматтығы бар 7 адамды ұстады
14-16 қазанда шекарадағы өткізу бекеттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы анықталған Қазақстанның жеті азаматы ұсталған. Оларды шекарашылар полиция органдарына тапсырды.
Елімізде қос азаматтыққа заң бойынша тыйым салынған.
Жыл басынан бері шекарада қос азаматтығы бар 935 адамды анықталған.
