Рубрика: Билік

  • Президенттің жаңа кеңесшісі тағайындалды

    Президенттің жаңа кеңесшісі тағайындалды

    Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

    Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті өкімімен Болат Ақшолақов президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылған еді.

     

     
  • Былтырғы нәтиже жаман емес, бірақ түйткіл әлі көп – Президент

    Былтырғы нәтиже жаман емес, бірақ түйткіл әлі көп – Президент

    Өткен жылды оң көрсеткіштермен аяқтадық. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

    «Былтыр біраз қиындық болғаны рас. Экономиканың дамуына көптеген жағымсыз факторлар ықпал етті. Дегенмен, біз ахуалды ушықтырмай, бақылауда ұстай алдық. Жалпы нәтиже жаман емес деуге болады. Өткен жылды оң көрсеткіштермен аяқтадық. Алайда жайбарақат отыруға болмайды, шешімін табуы қажет түйткілдер әлі де көп. Мұны сарапшылар да, азаматтар да жақсы біледі», – деді Мемлекет басшысы.

    Президент еліміздің экономикасын әртараптандыру міндеті тиісті деңгейде орындалмағанын айтты.

    «Экономикамыз Ұлттық қордың қаржысына аса тәуелді болып тұр. Бірақ, осы жерде атап өтуіміз керек, Ұлттық қор – бұл мемлекеттік экономиканың ажырамас бөлігі. Бизнестің инвестициялық белсендігі әлі де болса төмен деңгейде. Бұл олқылықтарды биылдан қалдырмай дереу жою қажет. Үкімет нақты шаралар қабылдауы тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

  • Олжас Бектенов: Бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз

    Олжас Бектенов: Бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз

    Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы ырықтандыру саясаты қалай іске асатынын айтты.

    «Экономиканың қаржыландыру көлемі үлкен секторларында бағаны шамадан тыс мемлекеттік реттеу бұл міндетті қиындата түсіп, инвеститициялық әлеуетті төмендетіп отыр. Үкімет жанар-жағармай материалдары мен газ бағасын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және теміржол тасымалы салаларындағы тарифтерді кезең-кезеңмен ырықтандырыла бастады», – деді ол.

    Премьер-министр нарықтық баға саясатына көшудің артықшылықтарына да тоқталды.

    «Біртіндеп нарықтық баға саясатына көшу осы салаларға қажетті инвестицияларды тартуға және жанармай тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді. Біз бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз. Осыны баса айтқым келеді», – деді Үкімет басшысы.

     

  • 2024 жылы экономика 4,8 пайызға өсті – Олжас Бектенов

    2024 жылы экономика 4,8 пайызға өсті – Олжас Бектенов

    Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

    «2024 жылы экономика 4,8 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығында 13,7 пайыз, құрылыста – 13,1, саудада – 9,1, көлік саласында 8,5 пайыз деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді, – деді Олжас Бектенов.  Оның айтуынша, мұнай өндіру көлемі 2 млн 400 мың тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді.

    «Бұл көбіне еліміздің ОПЕК+ аясындағы міндеттемелеріне және ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты болды», – деді Үкімет басшысы.

     

     

  • Президенттің қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

    Президенттің қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

    Күн тәртібіне сәйкес, жиында Премьер-Министр Олжас Бектенов, Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасайды.

    «Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге тоқталамыз. Себеп – бәрімізге белгілі. Қазір дүние жүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Жаһандық үдерістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізетіні анық.

    Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор.

    Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз. Осы жұмыстың нәтижесі былтыр қандай болды? Негізгі міндеттер орындалды ма? Бүгін осы сұрақтарға тоқталамыз және жақын арада шешімін табуға тиіс өзекті мәселелерді талқылаймыз», – деді президент Қ.Тоқаев.

     

  • Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

    Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

    Ақорда атап өткендей, жиында еліміздің 2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер тұжырымдалады. 

    Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов және облыс әкімдері есеп береді.

    Бұл 28 қаңтар сейсенбі күні болады,  бір аптадан аз уақыт қалды. Еске салайық, өткен жылғы кеңейтілген отырыс алдында Тоқаев үкіметті отставкаға жіберген болатын.

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың 47-ші Президенті Дональд Трампқа жеделхат жолдап, оны 20 қаңтарда Вашингтонда өткен ұлықтау рәсімінде АҚШ Президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады. Жеделхатта Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының энергетика, ядролық қаруды таратпау және халықаралық қауіпсіздік салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастығы одан әрі табысты дамитынына сенім білдірілген.

     

  • Израиль мен ХАМАС арасындағы татулық туралы Қазақстанның ұстанымы қандай?

    Израиль мен ХАМАС арасындағы татулық туралы Қазақстанның ұстанымы қандай?

    Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израиль мен ХАМАС арасындағы татулық туралы мәмілелерге қатысты Қазақстанның ұстанымын айтты.

    – Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы келісімді қуаттаймыз. Қатар, Египет және АҚ мемлекеттерінің ара ағайындық талпыныстарын жоғары бағалаймыз. Бұл күш қолдануды тоқтатып, кепілдегілерді босатуға, Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуді күшейтуге жасалған маңызды қадам. Қазіргі жағдайда бұл ауадай қажет шаралар. Қазақстан әрдайым бейбітшілік жағында. Бұл келісімдер қақтығысты ерте реттеуге жасалған қадамдардың негізін салды деп үміттенеміз, – деді Смадияров. 

    Айбек Смадияров бұл мәселеде Қазақстан БҰҰ аясындағы негізгі шешімдерді ұстанатынын еске салды.

    – Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысын «екі халыққа екі мемлекет» формуласы негізінде шешуді табанды түрде қолдап келеді. Бұл екі тәуелсіз мемлекет құру керек деген сөз. Палестиндіктер мен израильдіктер осы екі мемлекетте қаупісіз әрі бейбіт өмір кеше алар еді. Біз халықаралық қауымдастықтың ұзақ мерзімге бейбітшілік орнатып, әділдік қалыптастыруға бағытталған талпыныстарын қолдауға дайынбыз, – деді СІМ ресми өкіл

     

  • Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалды

    Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалды

    «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

    Бұған дейін ол Конституциялық сот судьясы қызметін атқарған. Алматы облысы Талғар ауданының тумасы.

  • Мемлекет басшысы Дархан Сатыбалдыға нақты міндеттер жүктеді

    Мемлекет басшысы Дархан Сатыбалдыға нақты міндеттер жүктеді

    Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

    Сонымен қатар Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді